Ендігі алдымызда тұрған мәселе-ол Жеңіс саябағына саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіш-мемориал орнату.
Мемориалға бұрыннан белгілі 700-ге жуық сүйектері қаланың әр жерлерінде орналасқан қорымдарда жатқан ату жазасына кесілген құрбандардың есімдері және Атырау облысы бойынша ХХ ғасырдың 20-40 - жылдары атылған және хабарсыз кеткен, архивте есімдері жоқ азаматтар есімдері жазылуға тиіс.
1. Оразалин Саптаяқ, бай, 1928 жылы сот үкімінсіз атылған.
2. Оразалин Қыздарбай, бай, 1928 жылы сот үкімінсіз атылған.
3. Боташев Төлеген, хабарсыз кеткен.
4. Исатаев Тумыш, бай, 1934 жыл, азаптан өлген.
5. Мұңғатов Қараби, 1928 жылы тәркіленіп, Маңғыстауға жер аударылған, сүйегі қайда қалғаны белгісіз,
6. Шауқаров Көреғұл, Қарабау өңірінің байлары, 1928 жылы тәркіленген, малдары тәркіленіп, жер аударылып, хабарсыз кеткен.
7. Көреғұлов Патшағұл .
8. Бапатақұлы Мұхаммедия, 1931 жылы Забурын құмынан бай, молда ретінде тәркіленіп, жер аударылып, хабарсыз кеткен.
9. Жүнісов Оразалы, Құрманғазы ауданының байы, қызылдардан ығысып, хабарсыз кеткен.
10. Женбетов Жандолла, ірі бай болған, 10 жылға сотталып, хабарсыз кеткен.
11. Боқай Мыңбайұлы, 1895 жылы туған, Ақтөбе облысы Ойыл өңірінің ірі байы, 30- жылдары ұсталып, ГУЛАГта хабарсыз кеткен.
12. Бекмағанбетұлы Жаңбырбай, Нарын өңірінің өнерпазы, композитор, 30-жылдары жалған жаламен ұсталып, хабарсыз кеткен.
13. Аманжолов Ағдраш, 1937 жылы жалған жаламен ГУЛАГ лагеріне, Комсомольск на Амурге айдалып кетіп, сол жақтан қаза болған.
14. Әлжанов Ыбыраш, 1928 жылы алашордашыл деген айыппен шаталып, хабарсыз кеткен.
15. Қаражанұлы Кемесай, қызылқоғалық діни қайраткер, 30-жылдары тұтқындалып, атып өлтірген.
16 . Ажаев Лұқпан, қаңбақты өңірінің ірі байы, әрі молдасы – 1928 жылы бүкіл малы тәркіленіп, кенже ұлы Қабдолмәжиттің қазасын естіп, құсалықтан өлген.
17. Лұқпанов Қабдолмәжит, 1907 жылы туған, 1928 жылы әкесі Лұқпан молданың кәмпескілеген бүкіл малын Қарағанды өңіріне айдап апарып, сол жақта аштан өлген.
18. Әубәкірұлы Рамазан, молда, 1869 жылы туған, 1927 жылы тұтқындалып, Орал қаласында түрмеде отырып, 1930 жылы Солтүстіктегі СЛОН лагеріне жіберілген, сүйегі сол жақта қалды.
19. Аққали Жакиев, (1888 – 1944), діни қайраткер болғаны үшін түрме азабын көріп, 1944 жылы қайтыс болған.
20. Байділдиев Жолмұқан, Қызылқоға өңірінде болыс болғандығы үшін қудаланып, Орал түрмесінде атылған.
21. Жанақұлы Әшір, 1940 жылдың 13 қыркүйегінде ГПУ-дың тергеушілері келіп ауылдың астан-кестеңін шығарып тінтіп, 80 жастағы қарт Жанақұлы Әшірді үлкен ұлы Азанғұлмен қоса тұтқындап кетті. Азаптау мен ауыр айыпқа шыдай алмаған қарт Әшір ғұлама Кетік қаласының түрмесінде көз жұмды.
22. Әшірұлы Азанғұл, баласы Азанғұлды атып тастады.
23. Жанақұлы Молдаш, көк мешіттің шәкірті әрі бала оқытқан ұстаз Молдаш Жанақұлы Қарлагқа жөнелтілген.
24. Әшірұлы Жұманазар, ауыр жұмысқа жегілген Жұманазар аштықтан өлді.
25. Өскімбай, аптаға жетпес уақыт ішінде көк мешіттің 13 мүриді абақтыға жабылды. Олар: Өскімбай, Бейіш, Машырық, Абдолла хазіреттің балалары Ағишан, Ахметнияз сынды адал жүректі азаматтар еді. Олардың бәріне «Жапония мен Түркияның тыңшылары», «халық жауы» деген жала жабылып сотталды.
26. Бейіш - абақтыға жабылды
27. Машырық, абақтыға жабылды
28. Абдолла хазірет, абақтыға жабылды
29. Абдоллаұлы Ағишан, абақтыға жабылды
30. Абдоллаұлы Ахметнияз, абақтыға жабылды
31. Жапақұлы Әмір баласымен бірге ұсталып, хабарсыз кеткен.
32. Әмірұлы Азанғұл, хабарсыз кеткен
33. Мәстеков Тажмағанбет, 1891 жылы туған. 942 жылы 10 жылға лагерьге қамалған, Қайда жерленгені белгісіз.
34. Мақашев Нармағанбет, 30 жылдары ұсталып, хабарсыз кетті. Халелдің туысқаны. Мұрат Мөңкеұлы жырлаған Сыйқыт байдың ұрпақтарының бірі.
35. Бисенғалиев Қадырғали, Қызылқоғалық сауда қызметкері Орал түрмесінде атылған деген мәлімет бар, қайда жерленгені белгісіз. Профессор Б. Барсайдың туған нағашысы.
36. Балмұхамедов Ахмедияр, 1927 жылы себепсіз ұсталып, Орал түрмесіне қамалған. Сүйегі қайда қалғаны белгісіз.
P.S. Бұл тізімде көрсетілген тұлғалар ақталған жоқ. Себебі, көпшілігінің мәліметтері архив қорларында сақталмаған. Астана қаласында болған мәжілісте ұрпақтарының арыздары бойынша кезінде қуғын-сүргін көрген азаматтар прокуратура арқылы ақталуы тиіс деп айтылды. Бірақ, оған сену қиын. Себебі, үкіметтік орындар бәрібір архивтік анықтамаларды талап етеді.
Егер, біз осы адамдардың есімін мемориалға енгізсек, оларды ақтағандай болар едік.
(Жалғасы келесі санда)