- Толығырық
- : Әдебиет
- Read Time: 1 min
- Көру саны: 133
Биыл атыраулық ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, республикалық «Сарайшық» журналының Бас редакторы — Гүлзада Ниетқалиева 60 жас мерейлі белесіне көтеріліп отыр. Қазақ поэзиясында өзіндік үні, дара болмысы бар ақынның шығармашылығы – адам жанының терең иірімдерін, уақыттың көлеңкелі тұстарын, қоғам мен тұлға арасындағы күрделі қайшылықтарды шынайы суреттей білген көркем әлем. Оның өлеңдерінде әсіре пафос та, жасанды әсер де жоқ. Керісінше, жүректің өз үнінен туған мұң бар, адамзатқа ортақ сағыныш бар, тіршіліктің ащы ақиқаты бар.
- Толығырық
- : Әдебиет
- Read Time: 1 min
- Көру саны: 173
Біз бұл зерттеуімізде Гүлзада Ниетқалиева өлеңдеріндегі ұлттық дүниетаным туралы сөз қозғауды мақсат етіп отырмыз. Ақын-жазушылар шығармаларында сирек те болса кездесетін жалғыз ағаш, оның әулиелік сипаты, үкі немесе байғыз құсы, олардың қауырсыны, малдың жауырын сүйегі сияқты ұлттық салт-сананы білдіретін заттар мен көкбөрі, самұрық құс, жылан, аққу сияқты жан-жануарлардың ұлтымыздың рухани дүниетанымынан алатын орны өте зор. Міне, біз зерттеп отырған ақын Гүлзада Ниетқалиева өлеңдерінен халықтың көне ғұрыптарының көрінісін, ескі күннің ескірмеген елесін байқауға болатыны анық.
- Толығырық
- : Әдебиет
- Read Time: 1 min
- Көру саны: 163
Қай ақын да өзінің туған жері, табиғаты туралы жырлайды. Сол табиғатпен етене туыстасып кеткендей әсер де қалдырады. Кейде тіпті өздерінің ішкі әлеміндегі алай-түлей арпалысты, дауылды сәттерді де сол табиғатпен егіздеп, табиғат құбылысына таңатын сәттері де көп. Осындай ақын деп біз Гүлзада Ниетқалиеваны айта аламыз. Әсіресе, өзіміздің Атырау өңірі, АқЖайықты арқау еткен өлеңдері жүрегімізге жақын екенін жасыра алмаймыз.
- Толығырық
- : Әдебиет
- Read Time: 1 min
- Көру саны: 143
Қазақтың белгілі ақыны Асқар Тоқмағамбетовтың «Күні бұрын жазылған естелік» деген өлеңі бар. Сол өлеңде ақын өлеңнің өміршеңдігі туралы ой айтады:
« – Не жазып жатырсың?
– Естелік.
– Кімге, кімді ескеріп?
– Қалатын өлең аз ба аға?
Таңертең туып, кешке өліп…»
Тағы мақалалар...
- Қазақстанның «Үркер» Ұлттық сыйлығының иегері, Ақпарат саласының үздігі, Ж.Баласағын атындағы Қырғыз Ұлттық университетінің докторанты Нұрсұлтан МЫҚТЫБАЕВ: «ГҮЛЗАДА НИЕТҚАЛИЕВА ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ КӨКБӨРІ ТОТЕМІ»
- Филология ғылымдарының кандидаты, профессор Қайыржанова Бибігүл Сейілханқызы: «Гүлзада Ниетқалиева поэзиясындағы мифологизм, аңыздық желілер»
- Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті филология факультетінің деканы Серікзат Дүйсенғазы: «Уақытша дүниенің құны болмайды»
- Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Гүлзира АЯПОВА: «Гүлзада Ниетқалиева поэзиясындағы туған жер тақырыбы»




