Атырау қаласы, Жұбан Молдағалиев көшесі, 29 «а» үй +77757206599 +77786810499 gzada66@mail.ru

Арай САХАРИЕВА: «Таңшолпаннан» танылған Толқын ару»

Телевизия  - ұжымдық жұмыс. Ақпараттық қысқа сюжеттен бастап, жанры мен форматы ауқымды тақырыптық тележобалардың жарыққа шығуы үшін үлкен шығармашылық топ бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығара отырып, бірлесе еңбек етеді. Көгілдір экранға телмірген көрермен, қандай да бір хабардың кадрден тыс мәтінін жазған сценаристі, оны таспалаған оператор мен қоюшы-режиссерді немесе бейнематериалды монтаждаушыны білмеуі мүмкін. Бірақ олардың жанкешті еңбегінің нәтижесін жарқыратып, эфирге алып шығып,  ең соңғы нүктесін қоятын, тележүргізушілерді тап басып таниды. Танып қана қоймайды, өзіндік телеимиджі қалыптасқан, дауыс мәнері құлаққа жағымды, көздеріне таныс сол бір бейнені күн сайын асыға күтеді. Олар құдды бір үйлеріне сағынтып келетін сыйлы қонақ тәрізді.     

Менің де бүгін тілге тиек етіп отырған кейіпкерім һәм курстасым Толқын Сәйдуова да тап сондай экраннан көрерменнің көңіліне жылы ұшыраған тележүргізушілер санатынан. Десек те, мына қызықты қараңыз. Алғашында оның телесалаға  бару үш ұйықтаса түсіне кірмеген. Оған студияда хабар жүргізуді айтпағанда, жансыз камераға қарап сөйлеудің өзі ақылға сыймайтындай болып көрінетін. 1992 жылы алғашқы еңбек жолын сол кездегі бас қала Алматыдан шығатын Қажытай Ілиясов редакторлық еткен «Астана» газетінде хатшылықтан  бастаған Толқынға жақсы араласатын құрбысы бір кездескенде: «Теледидарда кейбір жүргізушілердің бет-әлпеті тартымды көрінгенімен, дикциясы нашар. Ал сенің, әу бастан құдай берген түр-келбетің бар, мамандығың да келіп тұр, телевизияға барсайшы,», - дейді. Оның осы бір сөзі түрткі болды ма, ол біраз уақыт ойланып-толғана келе «Қазақстан» ұлттық арнасының табалдырығын аттайды. «Адам баласы қандай істе де, баспалдақтың ең төменгі сатысынан жоғары қарай шығуға ұмтылғаны дұрыс. Керісінше болса, омақаса құлайсыңдар, қарақтарым. Осыны жадыларыңа мықтап сақтап алыңдар!» дейтін университеттегі ұстазы Тұрымтай апайының сонау студенттік жылдардағы ескертуін әсте ұмытпаған Толқын бірден, жұмысын тарихи-танымдық, әлеуметтік-саяси жанрдағы салмағы басым бағдарламалардан емес, күнделікті таң бозынан эфирге жол тартатын  ақпараттық, ойын-сауық хабарынан бастайды. Бастапқы кезде екі жылдай «Қайырлы таңда», одан кейін  дәстүрлі телевизия маусымындағы өзгерістерге орай атауы бірде «Шапағат», енді бірде «Арай», болып өзгергенімен, бұрынғы мазмұн-форматы сақталған таңғы бағдарламаларда шағын сюжеттер әзірлеп, редактор-жүргізуші болып істейді. 

     Қандай телеарнаның да  уақыт көшінен қалмай, заман ағысымен қатар жылжуы тек жекелеген каналдың артықшылығы емес, тұтастай отандық телеиндустрияның белгілі бір деңгейдегі жаңашылдығы десек, бұл орайда біздің курстасымыз көрігін қыздырған таңғы хабардың да мерейінің өскені рас. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін, 1992 жылы жазушы-журналист Шерхан Мұртаза «Қазақстан» телерадиокомпаниясы басқармасына төраға болып келгеннен бастап, ұлттық арна келбеті де жаңа бағытқа бет бұрды. Оған дейін қазақ баспасөзінде өзгеше редакторлық мектеп қалыптастырған Шерағаң ең алдымен тележурналистердің сөйлеу шеберлігіне, арнадағы қазақ тілінде эфирге шығатын бағдарламалар сапасы мен санының үлес-салмағына баса назар аударды. Телевизияның бұрыннан қалыптасқан классикалық канондарын түп-тамырымен қотарып, жұлып алмай, заманауи ұстаным-көзқараспен ұштастыра отырып, арнаға ұлттық сипат беруге тырысты. «Жаңалықтар» атауы «Шарайна» болып өзгеріп, оның бейне-логотипінің өзі қанатын қомдап, ұшқалы тұрған қыран бейнесінде берілсе, ертеңгілік бағдарлама «Таңшолпан» деген атауға ие болды. Шерағаңның талап-тілегімен жаңа бағытқа бет бұрған бұл хабар аз уақыттың ішінде арнаның жетекші бағдарламаларының біріне айналды. Аптаның бес күнінде көзі қарақты көрермен күннің ең алғашқы жаңалығынан бастап, тәуелсіздік тарихының айшықты беттерін, Алаш боздақтарының өмірі мен мұрасын, егемендіктен кейінгі қазақ жұртының тілі, діні, ділі, салт-дәстүрі мен ұлттық руханиятын тілшілер әзірлеген сюжеттер мен студия қонақтарының әңгімелері арқылы танып-білді. Сол кездері «Таңшолпанның» негізгі айдарлары Жұмаш Кенебай жүргізген «Түркі даналығы», эфирде Зейнеп Ахметованың өзі әңгімелейтін «Зейнеп апамызды тыңдаңыздары», Мақсұт Нәрікбаев жүргізген «Заң айдары» және мультфильмдер эфирге шығар алдындағы Иманбай Жұбайдың қос перзенті Ләйлә мен Есет тізгіндеген бес минуттық «Балаларға базарлық» пен олардың арасын жалғайтын, әндер мен қазақы әзіл-қалжыңдар болатын. Толқынның айтуынша, сол жылдары көпшілік әлі біле бермейтін, елге енді-енді таныла бастаған қобызшы Раушан Оразбаева, Нұрсұлтан Нұрбердиев, Шахизада секілді әншілер мен «Алаш ұлы» тобын көрермендерге алғаш рет таныстырған да осы «Таңшолпан». Біздің сөзі де, өзі де келісті құрбымыз былтырғы жылы өзінің 30-жылдық мерейтойын атап өткен, отандық арнадағы ғұмыры ең ұзақ бұл бағдарламада түрлі редактор-жүргізушілермен бірге  бір емес, бақандай сегіз жыл еңбек етсе, оның ішінде 1994-95жж. және 1998-2000жж. оның тізгіншісі болды. «Таңшолпанның» Иманбай Жұбай жетекшілік еткен алғашқы толқыны марқұм К. Жармұхаметов, ардагер-журналистер Ғ. Әженова, Б.Табылдиев, Б. Аймағанбетов, М. Әлиасқарова, Ә. Сарым, Б. Баялиева, С. Есеновтермен, одан кейінгі жылдары тілшілер М. Түменбай, Л. Оңғар, Д. Наушабаев, Қ. Бораш, А. Қалымбетов, тележүргізушілер Л. Танысбай, Л. Юсупжанова, Х. Жамек, А. Сыдықов, Р. Ладжулармен әріптес болды. Ашығын айту керек, қай теледидардың да негізгі күретамыры күнделікті «Жаңалықтар» болса, одан кейінгі көрерменнің санасына аса көп салмақ салмайтын, бірде күлдіріп, бірде әуезді ән-күйімен жанды жадырататын таңғы ақпараттық-сазды, ойын-сауық бағдарламасы. Дегенмен, былайғы жұрт мұндай бағдарлама жүргізушілерінің басқаларға қарағанда иықтарындағы жүктің салмақты екенін біле бермейді. Бұл бағдарламалардың форматы жеңіл болғанымен, ұзақтығы үш сағатқа созылады әрі тікелей эфирде жүреді. Соған орай, әлбетте, күнара кезектесіп эфир тізгінін ұстайтындар да елден бұрын шырт ұйқыдан оянып, оразасын ашпай тұрып, таңғы сағат 4-те бет әрлеп, шаш үлгісін жасайтын визажист-гримердің бөлмесінен табылады. Сағат тілі 7.00-ді соққанда «Қайырлы таң, қадірлі көрермендер!», - деген беташар сөзбен күннің шымылдығын аша жөнеледі. Және де бұл үрдіс жыл он екі ай бойы қайталанады. Міне, біздің Толқын осы бағдарламада шұғыл дабыл қағылғанда лезде саптан табылатын жауынгердей дәл осылай еңбек етті. Ол студияда камера алдында дайын сценариді суфлердан оқып қана отыра берген жоқ, ара-арасында түсірілімдерге шығып, тілшілік пен жүргізушілікті қатар ұштастырды. Ұлттық өнер мен мәдениетке еңбек сіңірген танымал тұлғалар туралы, жас таланттар мен қарапайым еңбек адамдары жайлы сюжеттер әзірлеп, талай-талай қызықты кейіпкерлермен танысты. Соның ішінде, әсіресе, өзіне ерекше әсер қалдырған Алматыда тұрған 114 жастағы әжей. Түсірілім тобы барған кезде кейуананың кішкентай немере-шөберелері оны қызғанып, сұхбат жазуға біраз кедергі келтіріпті. Дегенмен, ғасырды алқымдаса да, көрпе тігу мен намаз оқуын денсаулық жағдайына байланысты содан бір жыл бұрын ғана  тоқтатуға мәжбүр болса да, әлі де тың қарт анаға ешкім тосқауыл бола алмаса керек. Сонау Кеңес заманындағы соғыстан кейінгі ұжымдастыру, ашаршылық пен тың игеру кезеңінің бәрін көзімен көрген Семейдің тумасы айналасы жарты сағатта бұларға бар сырын жайып салыпты. Сондай-ақ, сол жылдары оның шабытын оятып, көңілін тасытқан тағы бір кейіпкері – «Айгүл» вокалды-аспапты ансамблінің негізін салушылардың бірі, Қазақ Ұлттық Қыздар педагогикалық университетінің музыка факультетінде ұзақ жылдар ұстаздық еткен, әнші, сазгер, сырнайшы Ағайша Исағұлова. Тіпті, олардың арасындағы сол бір алғашқы кездесуден  басталған түсіністіктің арты уақыт өте келе ұлағатты апа мен ұғымтал сіңлі  арасындағы жарасымды сыйластыққа ұласқан. Оның бір мысалы, Толқынның белгілі әнші-продюсер Алтын Маханбетовамен бірге 2023 жылдың сәуір айында өзінің туған жерінде өткен Ағайша Исағұлованың шығармашылық кешін жүргізіп, өнер иесінің қуанышына ортақтасуы.
       Сол кездерде бірер жыл таңертеңгілік хабар эфирге шығуын тоқтатқан шақтар да болды. Азды-көпті тәжірибе жинаған Толқын бұған тосылған жоқ, бірден «НТК»-дағы  танымдық «Викторина» телеойынын дөңгелетіп әкетті. Ал араға жыл салып, ұлттық арна атауы «Қазақстан-1» болып өзгеріп, «Таңшолпан» қайта шыға бастағанда, ол да төл ұжымына оралып, өзіне әуелден ыстық аталмыш хабардың тізгінін  қайта қолға алды. Бұған қоса әріптесі Бауыржан Айтқазинмен бірге күндізгі прайм-тайм уақытында осы арнадан шығатын қазақ-орыс тіліндегі «45-минут» ақпаратты-сазды, ойын-сауық бағдарламасын да жүргізді. Жалпы концепциясы ұқсас болғандықтан да, бұл оған пошымы сәл өзгерген өзі жүргізетін таңертеңгілік хабардай көрінді. Содан да болар, бұған да еш қиындықсыз бірден бой үйретті. Жасыратыны жоқ, телевизия жұмысы аса тынышсыз. Ондағы тілші, оператор, режиссерлер сенбі, жексенбі, күн, түн дегенді білмейді. Әу бастан жұмыс режимі солай қалыптасқан. Бірнеше жыл тізгіншілік пен тілшілікті өзара сабақтастыра алып жүрген Толқын да бұған үйренген. Дегенмен, ұстаным-бағыты мүлдем бөлек басқа арнада өз қабілетін тағы бір шыңдап көру кім-кімге де артықтық етпесі хақ. Ол онда тағы екі жыл істегеннен кейін осы мақсатпен әрі КТК арнасының шақыруымен «Күндерек» жаңалықтар қызметінің жаршысы болып ауысты. Мәтінді оқу барысындағы дауыстың ашықтығы мен тазалығы, белгілі бір тақырыптағы ақпаратқа қатысты жәйттерді эмоция мен мимиканы бір-бірімен астастыра отырып жеткізу, сөйлеу техникасын жетік меңгеру секілді элементтер диктор атаулыдан үлкен шеберлікті талап ететін ескерсек, бұл тұрғыда да Сәйдуоваға сонау «НТК» қабырғасында жүргенде Алматыға арнайы шақырылған Ресей мамандарынан алған үш айлық «Дикторлық курс» семинар-сабақтардың үлкен пайдасы тиді. Және де сол кездері  орыс тілді бағдарламалары басым коммерциялық арнада ұлттық өнер мен мәдениетті насихаттайтын қазақ тіліндегі бір хабардың өз-өзінен эфирге сұранып тұрғанын дер кезінде аңғарған ол «Мәдениет» атты тележобаның концепциясын жасап, басшылықтың қолдауымен эфирге шығарды. Еліміздің мәдени өмірінің айнасы болған, эфирде заңғар жазушы Шыңғыс Айтматов, қазақтың күміскөмей әншісі Роза Бағланова сынды талай ұлттық өнер саңлақтары бой көрсетіп, ой бөліскен бұл хабар аз уақытта көрілімі жоғары бағдарламалар санатынан табылды. Маңдай термен келген адал еңбек те өз иесін абырой биігіне жетелейтініне шүбә болмаса керек. Толқынның өзі де көп ұзамай осы еңбегінің жемісін көрді. 2001 жылы Қазақстан Журналистер одағының Нәзипа Құлжанова атындағы  сыйлығының лауреаты атанды. Бәлкім, бұл арна 2006 жылы тосыннан біраз уақыт жабылып қалмаса, ол әлі де жұмысын жалғастыра берер ме еді... 
     Қарап отырсаң, «ат айналып, қазығын табады» дегендей, Толқын Одақбайқызы да отандық теледидарлардың қайсысында жұмыс істемесін, бәрібір түбінде төл арнасына қайтып айналып келе берген. Тіпті, 2010 жылы Елордаға қоныс аударғанда да, бұрынғы әріптестері «Қазақстан-1»-дің Алматы студиясындағы «Кеш жарық», «Сол бір күндер», балаларға арналған «Айгөлек» хабарларына сценарий жазуға қолқа салғанда да бас тарта алмады. Ал 2011 жылы күзде «Мәдениет» арнасы ашылғанда жаңа ұжыммен бірге ұлт руханиятына арналған 15-минуттық хабардың редактор-сценарисі болып қызметке кірісті. Негізі, өз білімі мен тәжірибесін әр салада сынап көріп, тезге салу һәм өзін-өзі жетілдіру Толқын ханымға әу бастан тән ғадет болса  керек. Сол мақсатпен 2016 жылы Алатау баурайындағы әсем қалаға қайтып оралғанда «Халықаралық Бизнес университетінің» журналистика мектебінде «Сөйлеу техникасы» пәнінен біраз жылдар дәріс берді. 
      Иә, жастық шақтың жырын бірге жырлаған курстас туралы тілге тиек етіп отырғанда көз алдыма басқосуларда 102-топтың қыздары шырқайтын «Сұлу қыз» әнінің қайырмасының «Ахау-Охоу» деген жерінде «Пуп-сии-иик» деген сөзімен импровизация жасап, дараланатын, ара-арасында көңіл-хошы болғанда мақамы өзгешелеу, «Сайду-Сайду» деген «оқшау» тіркестер кездесетін біз білмейтін әнді ықыластана айтатын, арамыздағы қыз-жігіттердің тосын қылықтары мен күлкілі сәттерін көргенде айтар ойын  «Б-е-е-е» деген бір ғана әжуа-тіркеспен жеткізетін, кей сәттерде басын Оңтүстікке бір бұрса, қайтадан Солтүстікке қарата қоюы қиындау, қырсықтығы бір басына жетіп-артылатын, зілсіз әзілімен айналасын күлдіре отырып, тілімен шағып алатын жатыпатар Толқынның бейнесі келе қалады. Тіпті, оны ерекшелейтін де оның осы әзіл-сықаққа бейімділігі болса керек.   Бұл орайда сонау оқушы кезінде «журналист болам»,-деп талаптанған оның қаламына жел бітіріп, бағын ашқан «Ара» журналы мен «Лениншіл Жас» газетіне жазған шағын сықақтары болса, оған мұрындық болып, үнемі қолдап-қанаттандырған тумысынан тілге шешен, бойында ақындығы бар анасы Дәмен апай. Толқынның өзі бір сөзінде осы анасы туралы: «Әкеміз өмірден ертерек өтіп, бар ауыртпалық анама түсті. Ол кезде отбасындағы әлі де оң-солын тани қоймаған біздердің сенеріміз де, сүйенеріміз де осы жалғыз шешем болды. Бірақ, ол ешбір қиындыққа мойыған жоқ. Бізді ешкімнен кем қылмай, өсіріп-жеткізді. Бәріміз қалаған оқу орнына түсіп, сүйікті мамандығымыздың иесі атандық. Қазір балалық шағыма ойша оралсам, сол кезде өз қатарластарымның арасында менен бақытты жан болмаған екен-ау деген ойға келем. Қазіргідей емес, біздің балалық кезіміз өткен Кеңес үкіметі кезінде ауылды қойып, қала балалары үшін аса қат болған бір дүние - кәдімгі сырғанақ тебетін коньки болса, дәл содан біз тапшылық көрген жоқпыз. Анашым еш ойланбастан сол кездің өлшемімен қарағанда аса қымбат тұратын коньки бәтіңкесін бізге сатып әперді. Ауылда арнайы мұз айдыны болмаса да, сабақтан кейін апа-сіңлілеріммен бірге жергілікті өзен бетіндегі мұзда кеш батқанға дейін ары-бері дамылсыз сырғанап, ойнайтынбыз. Қазір жасы ұлғайған анама қарасам, көкейіме оның бойындағы әу бастағы ел-жұрт Пірадар атап кеткен өз әкесінен дарыған сөз өнеріне деген бейімділі мен құштарлығын өрістетіп, үлкен ортаға танылуына біз тұсау болған екенбіз-ау деген бір ой келеді. Дегенмен, бір өзі әке орнына әке, шеше орнына шеше болған анашым бүгінде немерелерімен бақытты» дегені бар. Және оның бұл сөзін өзімен бірге туған әпкелері Дидар мен Шынар да қостайды. 
     Өмірде қандай істе де өз ұстанымынан айнымайтын жандар болады.   Меніңше, біздің Толқын да сондайлардың қатарынан. Басқаны айтпағанда, оның шаш қою үлгісі күні бүгінге дейін сол 18-жасындағыдай, еш өзгермеген. Айтпақшы, студент кезде «арамызда курстың атынан «Қыз сыны» байқауына қатысып, бақ сынайтын бір сұлу болса, осы Толқын болар» деуші едік. Алайда, ол: «менің тобығыма түскен бұрымым жоқ, байқаудың формат-талабына сай келмеймін», -деп, ат-тонын ала қашып, ондай сұлулық сайысында сынға түспеді. Бірақ, есесіне, жылдар өте келе телеарнадан жарқырап көрінді. Қазақ тілді телеаудиторияның сүйіктісіне айналды. Студияда хабар жүргізе отырып, одан өзі де ләззат алды. Әрине, бұл сонау жылдардағы телеайна аруы үшін баға жетпес бақыт, оның кәсіби мансабының маңызды бір бөлігі. Қалай десек те, телеэкранның мәңгі жастық пен сұлулықтың ордасы екеніне ешкім дау айта алмайды. «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек», - демекші, қазірде кешегі аға, орта буынды бүгінгі технология ғасырындағы ойы мен ісі креативті жаңа толқын басты. Ал қазірге дейін көкейінде эфирге деген сағынышы басылмаса да, сол ностальгияның орнын  төл кәсібіндегі заманауи контентке бет бұруымен, толтырып, тыңнан түрен салған біздің құрбымыз  2020 жылдан бері  «Дикторлық курс» бойынша «Бизон» платформасында аймақтық онлайн-тренингтер өткізіп жүр.  Ол бүгінде бір отбасының тірегі, ұйытқысы. ЖОО-да АИТИ  мамандығы бойынша білім алып жатқан сұлу жігіт - Алдиярдың анасы, салық саласының білікті маманы Нияздың асыл жары. Бағамдай білсек, әйел-ана бақыты деген де осы. Сонау студенттік кезде бір бөлмеде, бір аяқтан ас ішкен сымбатты да, сұлу курстасыма «Мисс» деп ат қойып едім. Мен қателеспеппін. «Сырлы аяқтың сыры кетсе де, сыны кетпес» дегендей, ол бүгінде өзіне тиесілі жеке мерекесі – елеулі елу бесін еш өзгермеген, сол бір әдемі қалпында қарсы алып отыр. Мерейтойың құтты болсын, талай жылдар таң бозынан оянып, «Таңшолпаннан» көрінген Толқын ару! елевизия  - ұжымдық жұмыс. Ақпараттық қысқа сюжеттен бастап, жанры мен форматы ауқымды тақырыптық тележобалардың жарыққа шығуы үшін үлкен шығармашылық топ бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығара отырып, бірлесе еңбек етеді. Көгілдір экранға телмірген көрермен, қандай да бір хабардың кадрден тыс мәтінін жазған сценаристі, оны таспалаған оператор мен қоюшы-режиссерді немесе бейнематериалды монтаждаушыны білмеуі мүмкін. Бірақ олардың жанкешті еңбегінің нәтижесін жарқыратып, эфирге алып шығып,  ең соңғы нүктесін қоятын, тележүргізушілерді тап басып таниды. Танып қана қоймайды, өзіндік телеимиджі қалыптасқан, дауыс мәнері құлаққа жағымды, көздеріне таныс сол бір бейнені күн сайын асыға күтеді. Олар құдды бір үйлеріне сағынтып келетін сыйлы қонақ тәрізді. Менің де бүгін тілге тиек етіп отырған кейіпкерім һәм курстасым Толқын Сәйдуова да тап сондай экраннан көрерменнің көңіліне жылы ұшыраған тележүргізушілер санатынан. Десек те, мына қызықты қараңыз. Алғашында оның телесалаға  бару үш ұйықтаса түсіне кірмеген. Оған студияда хабар жүргізуді айтпағанда, жансыз камераға қарап сөйлеудің өзі ақылға сыймайтындай болып көрінетін. 1992 жылы алғашқы еңбек жолын сол кездегі бас қала Алматыдан шығатын Қажытай Ілиясов редакторлық еткен «Астана» газетінде хатшылықтан  бастаған Толқынға жақсы араласатын құрбысы бір кездескенде: «Теледидарда кейбір жүргізушілердің бет-әлпеті тартымды көрінгенімен, дикциясы нашар. Ал сенің, әу бастан құдай берген түр-келбетің бар, мамандығың да келіп тұр, телевизияға барсайшы,», - дейді. Оның осы бір сөзі түрткі болды ма, ол біраз уақыт ойланып-толғана келе «Қазақстан» ұлттық арнасының табалдырығын аттайды. «Адам баласы қандай істе де, баспалдақтың ең төменгі сатысынан жоғары қарай шығуға ұмтылғаны дұрыс. Керісінше болса, омақаса құлайсыңдар, қарақтарым. Осыны жадыларыңа мықтап сақтап алыңдар!» дейтін университеттегі ұстазы Тұрымтай апайының сонау студенттік жылдардағы ескертуін әсте ұмытпаған Толқын бірден, жұмысын тарихи-танымдық, әлеуметтік-саяси жанрдағы салмағы басым бағдарламалардан емес, күнделікті таң бозынан эфирге жол тартатын  ақпараттық, ойын-сауық хабарынан бастайды. Бастапқы кезде екі жылдай «Қайырлы таңда», одан кейін  дәстүрлі телевизия маусымындағы өзгерістерге орай атауы бірде «Шапағат», енді бірде «Арай», болып өзгергенімен, бұрынғы мазмұн-форматы сақталған таңғы бағдарламаларда шағын сюжеттер әзірлеп, редактор-жүргізуші болып істейді. 
     Қандай телеарнаның да  уақыт көшінен қалмай, заман ағысымен қатар жылжуы тек жекелеген каналдың артықшылығы емес, тұтастай отандық телеиндустрияның белгілі бір деңгейдегі жаңашылдығы десек, бұл орайда біздің курстасымыз көрігін қыздырған таңғы хабардың да мерейінің өскені рас. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін, 1992 жылы жазушы-журналист Шерхан Мұртаза «Қазақстан» телерадиокомпаниясы басқармасына төраға болып келгеннен бастап, ұлттық арна келбеті де жаңа бағытқа бет бұрды. Оған дейін қазақ баспасөзінде өзгеше редакторлық мектеп қалыптастырған Шерағаң ең алдымен тележурналистердің сөйлеу шеберлігіне, арнадағы қазақ тілінде эфирге шығатын бағдарламалар сапасы мен санының үлес-салмағына баса назар аударды. Телевизияның бұрыннан қалыптасқан классикалық канондарын түп-тамырымен қотарып, жұлып алмай, заманауи ұстаным-көзқараспен ұштастыра отырып, арнаға ұлттық сипат беруге тырысты. «Жаңалықтар» атауы «Шарайна» болып өзгеріп, оның бейне-логотипінің өзі қанатын қомдап, ұшқалы тұрған қыран бейнесінде берілсе, ертеңгілік бағдарлама «Таңшолпан» деген атауға ие болды. Шерағаңның талап-тілегімен жаңа бағытқа бет бұрған бұл хабар аз уақыттың ішінде арнаның жетекші бағдарламаларының біріне айналды. Аптаның бес күнінде көзі қарақты көрермен күннің ең алғашқы жаңалығынан бастап, тәуелсіздік тарихының айшықты беттерін, Алаш боздақтарының өмірі мен мұрасын, егемендіктен кейінгі қазақ жұртының тілі, діні, ділі, салт-дәстүрі мен ұлттық руханиятын тілшілер әзірлеген сюжеттер мен студия қонақтарының әңгімелері арқылы танып-білді. Сол кездері «Таңшолпанның» негізгі айдарлары Жұмаш Кенебай жүргізген «Түркі даналығы», эфирде Зейнеп Ахметованың өзі әңгімелейтін «Зейнеп апамызды тыңдаңыздары», Мақсұт Нәрікбаев жүргізген «Заң айдары» және мультфильмдер эфирге шығар алдындағы Иманбай Жұбайдың қос перзенті Ләйлә мен Есет тізгіндеген бес минуттық «Балаларға базарлық» пен олардың арасын жалғайтын, әндер мен қазақы әзіл-қалжыңдар болатын. Толқынның айтуынша, сол жылдары көпшілік әлі біле бермейтін, елге енді-енді таныла бастаған қобызшы Раушан Оразбаева, Нұрсұлтан Нұрбердиев, Шахизада секілді әншілер мен «Алаш ұлы» тобын көрермендерге алғаш рет таныстырған да осы «Таңшолпан». Біздің сөзі де, өзі де келісті құрбымыз былтырғы жылы өзінің 30-жылдық мерейтойын атап өткен, отандық арнадағы ғұмыры ең ұзақ бұл бағдарламада түрлі редактор-жүргізушілермен бірге  бір емес, бақандай сегіз жыл еңбек етсе, оның ішінде 1994-95жж. және 1998-2000жж. оның тізгіншісі болды. «Таңшолпанның» Иманбай Жұбай жетекшілік еткен алғашқы толқыны марқұм К. Жармұхаметов, ардагер-журналистер Ғ. Әженова, Б.Табылдиев, Б. Аймағанбетов, М. Әлиасқарова, Ә. Сарым, Б. Баялиева, С. Есеновтермен, одан кейінгі жылдары тілшілер М. Түменбай, Л. Оңғар, Д. Наушабаев, Қ. Бораш, А. Қалымбетов, тележүргізушілер Л. Танысбай, Л. Юсупжанова, Х. Жамек, А. Сыдықов, Р. Ладжулармен әріптес болды. Ашығын айту керек, қай теледидардың да негізгі күретамыры күнделікті «Жаңалықтар» болса, одан кейінгі көрерменнің санасына аса көп салмақ салмайтын, бірде күлдіріп, бірде әуезді ән-күйімен жанды жадырататын таңғы ақпараттық-сазды, ойын-сауық бағдарламасы. Дегенмен, былайғы жұрт мұндай бағдарлама жүргізушілерінің басқаларға қарағанда иықтарындағы жүктің салмақты екенін біле бермейді. Бұл бағдарламалардың форматы жеңіл болғанымен, ұзақтығы үш сағатқа созылады әрі тікелей эфирде жүреді. Соған орай, әлбетте, күнара кезектесіп эфир тізгінін ұстайтындар да елден бұрын шырт ұйқыдан оянып, оразасын ашпай тұрып, таңғы сағат 4-те бет әрлеп, шаш үлгісін жасайтын визажист-гримердің бөлмесінен табылады. Сағат тілі 7.00-ді соққанда «Қайырлы таң, қадірлі көрермендер!», - деген беташар сөзбен күннің шымылдығын аша жөнеледі. Және де бұл үрдіс жыл он екі ай бойы қайталанады. Міне, біздің Толқын осы бағдарламада шұғыл дабыл қағылғанда лезде саптан табылатын жауынгердей дәл осылай еңбек етті. Ол студияда камера алдында дайын сценариді суфлердан оқып қана отыра берген жоқ, ара-арасында түсірілімдерге шығып, тілшілік пен жүргізушілікті қатар ұштастырды. Ұлттық өнер мен мәдениетке еңбек сіңірген танымал тұлғалар туралы, жас таланттар мен қарапайым еңбек адамдары жайлы сюжеттер әзірлеп, талай-талай қызықты кейіпкерлермен танысты. Соның ішінде, әсіресе, өзіне ерекше әсер қалдырған Алматыда тұрған 114 жастағы әжей. Түсірілім тобы барған кезде кейуананың кішкентай немере-шөберелері оны қызғанып, сұхбат жазуға біраз кедергі келтіріпті. Дегенмен, ғасырды алқымдаса да, көрпе тігу мен намаз оқуын денсаулық жағдайына байланысты содан бір жыл бұрын ғана  тоқтатуға мәжбүр болса да, әлі де тың қарт анаға ешкім тосқауыл бола алмаса керек. Сонау Кеңес заманындағы соғыстан кейінгі ұжымдастыру, ашаршылық пен тың игеру кезеңінің бәрін көзімен көрген Семейдің тумасы айналасы жарты сағатта бұларға бар сырын жайып салыпты. Сондай-ақ, сол жылдары оның шабытын оятып, көңілін тасытқан тағы бір кейіпкері – «Айгүл» вокалды-аспапты ансамблінің негізін салушылардың бірі, Қазақ Ұлттық Қыздар педагогикалық университетінің музыка факультетінде ұзақ жылдар ұстаздық еткен, әнші, сазгер, сырнайшы Ағайша Исағұлова. Тіпті, олардың арасындағы сол бір алғашқы кездесуден  басталған түсіністіктің арты уақыт өте келе ұлағатты апа мен ұғымтал сіңлі  арасындағы жарасымды сыйластыққа ұласқан. Оның бір мысалы, Толқынның белгілі әнші-продюсер Алтын Маханбетовамен бірге 2023 жылдың сәуір айында өзінің туған жерінде өткен Ағайша Исағұлованың шығармашылық кешін жүргізіп, өнер иесінің қуанышына ортақтасуы.
       Сол кездерде бірер жыл таңертеңгілік хабар эфирге шығуын тоқтатқан шақтар да болды. Азды-көпті тәжірибе жинаған Толқын бұған тосылған жоқ, бірден «НТК»-дағы  танымдық «Викторина» телеойынын дөңгелетіп әкетті. Ал араға жыл салып, ұлттық арна атауы «Қазақстан-1» болып өзгеріп, «Таңшолпан» қайта шыға бастағанда, ол да төл ұжымына оралып, өзіне әуелден ыстық аталмыш хабардың тізгінін  қайта қолға алды. Бұған қоса әріптесі Бауыржан Айтқазинмен бірге күндізгі прайм-тайм уақытында осы арнадан шығатын қазақ-орыс тіліндегі «45-минут» ақпаратты-сазды, ойын-сауық бағдарламасын да жүргізді. Жалпы концепциясы ұқсас болғандықтан да, бұл оған пошымы сәл өзгерген өзі жүргізетін таңертеңгілік хабардай көрінді. Содан да болар, бұған да еш қиындықсыз бірден бой үйретті. Жасыратыны жоқ, телевизия жұмысы аса тынышсыз. Ондағы тілші, оператор, режиссерлер сенбі, жексенбі, күн, түн дегенді білмейді. Әу бастан жұмыс режимі солай қалыптасқан. Бірнеше жыл тізгіншілік пен тілшілікті өзара сабақтастыра алып жүрген Толқын да бұған үйренген. Дегенмен, ұстаным-бағыты мүлдем бөлек басқа арнада өз қабілетін тағы бір шыңдап көру кім-кімге де артықтық етпесі хақ. Ол онда тағы екі жыл істегеннен кейін осы мақсатпен әрі КТК арнасының шақыруымен «Күндерек» жаңалықтар қызметінің жаршысы болып ауысты. Мәтінді оқу барысындағы дауыстың ашықтығы мен тазалығы, белгілі бір тақырыптағы ақпаратқа қатысты жәйттерді эмоция мен мимиканы бір-бірімен астастыра отырып жеткізу, сөйлеу техникасын жетік меңгеру секілді элементтер диктор атаулыдан үлкен шеберлікті талап ететін ескерсек, бұл тұрғыда да Сәйдуоваға сонау «НТК» қабырғасында жүргенде Алматыға арнайы шақырылған Ресей мамандарынан алған үш айлық «Дикторлық курс» семинар-сабақтардың үлкен пайдасы тиді. Және де сол кездері  орыс тілді бағдарламалары басым коммерциялық арнада ұлттық өнер мен мәдениетті насихаттайтын қазақ тіліндегі бір хабардың өз-өзінен эфирге сұранып тұрғанын дер кезінде аңғарған ол «Мәдениет» атты тележобаның концепциясын жасап, басшылықтың қолдауымен эфирге шығарды. Еліміздің мәдени өмірінің айнасы болған, эфирде заңғар жазушы Шыңғыс Айтматов, қазақтың күміскөмей әншісі Роза Бағланова сынды талай ұлттық өнер саңлақтары бой көрсетіп, ой бөліскен бұл хабар аз уақытта көрілімі жоғары бағдарламалар санатынан табылды. Маңдай термен келген адал еңбек те өз иесін абырой биігіне жетелейтініне шүбә болмаса керек. Толқынның өзі де көп ұзамай осы еңбегінің жемісін көрді. 2001 жылы Қазақстан Журналистер одағының Нәзипа Құлжанова атындағы  сыйлығының лауреаты атанды. Бәлкім, бұл арна 2006 жылы тосыннан біраз уақыт жабылып қалмаса, ол әлі де жұмысын жалғастыра берер ме еді... 
     Қарап отырсаң, «ат айналып, қазығын табады» дегендей, Толқын Одақбайқызы да отандық теледидарлардың қайсысында жұмыс істемесін, бәрібір түбінде төл арнасына қайтып айналып келе берген. Тіпті, 2010 жылы Елордаға қоныс аударғанда да, бұрынғы әріптестері «Қазақстан-1»-дің Алматы студиясындағы «Кеш жарық», «Сол бір күндер», балаларға арналған «Айгөлек» хабарларына сценарий жазуға қолқа салғанда да бас тарта алмады. Ал 2011 жылы күзде «Мәдениет» арнасы ашылғанда жаңа ұжыммен бірге ұлт руханиятына арналған 15-минуттық хабардың редактор-сценарисі болып қызметке кірісті. Негізі, өз білімі мен тәжірибесін әр салада сынап көріп, тезге салу һәм өзін-өзі жетілдіру Толқын ханымға әу бастан тән ғадет болса  керек. Сол мақсатпен 2016 жылы Алатау баурайындағы әсем қалаға қайтып оралғанда «Халықаралық Бизнес университетінің» журналистика мектебінде «Сөйлеу техникасы» пәнінен біраз жылдар дәріс берді. 
      Иә, жастық шақтың жырын бірге жырлаған курстас туралы тілге тиек етіп отырғанда көз алдыма басқосуларда 102-топтың қыздары шырқайтын «Сұлу қыз» әнінің қайырмасының «Ахау-Охоу» деген жерінде «Пуп-сии-иик» деген сөзімен импровизация жасап, дараланатын, ара-арасында көңіл-хошы болғанда мақамы өзгешелеу, «Сайду-Сайду» деген «оқшау» тіркестер кездесетін біз білмейтін әнді ықыластана айтатын, арамыздағы қыз-жігіттердің тосын қылықтары мен күлкілі сәттерін көргенде айтар ойын  «Б-е-е-е» деген бір ғана әжуа-тіркеспен жеткізетін, кей сәттерде басын Оңтүстікке бір бұрса, қайтадан Солтүстікке қарата қоюы қиындау, қырсықтығы бір басына жетіп-артылатын, зілсіз әзілімен айналасын күлдіре отырып, тілімен шағып алатын жатыпатар Толқынның бейнесі келе қалады. Тіпті, оны ерекшелейтін де оның осы әзіл-сықаққа бейімділігі болса керек.   Бұл орайда сонау оқушы кезінде «журналист болам»,-деп талаптанған оның қаламына жел бітіріп, бағын ашқан «Ара» журналы мен «Лениншіл Жас» газетіне жазған шағын сықақтары болса, оған мұрындық болып, үнемі қолдап-қанаттандырған тумысынан тілге шешен, бойында ақындығы бар анасы Дәмен апай. Толқынның өзі бір сөзінде осы анасы туралы: «Әкеміз өмірден ертерек өтіп, бар ауыртпалық анама түсті. Ол кезде отбасындағы әлі де оң-солын тани қоймаған біздердің сенеріміз де, сүйенеріміз де осы жалғыз шешем болды. Бірақ, ол ешбір қиындыққа мойыған жоқ. Бізді ешкімнен кем қылмай, өсіріп-жеткізді. Бәріміз қалаған оқу орнына түсіп, сүйікті мамандығымыздың иесі атандық. Қазір балалық шағыма ойша оралсам, сол кезде өз қатарластарымның арасында менен бақытты жан болмаған екен-ау деген ойға келем. Қазіргідей емес, біздің балалық кезіміз өткен Кеңес үкіметі кезінде ауылды қойып, қала балалары үшін аса қат болған бір дүние - кәдімгі сырғанақ тебетін коньки болса, дәл содан біз тапшылық көрген жоқпыз. Анашым еш ойланбастан сол кездің өлшемімен қарағанда аса қымбат тұратын коньки бәтіңкесін бізге сатып әперді. Ауылда арнайы мұз айдыны болмаса да, сабақтан кейін апа-сіңлілеріммен бірге жергілікті өзен бетіндегі мұзда кеш батқанға дейін ары-бері дамылсыз сырғанап, ойнайтынбыз. Қазір жасы ұлғайған анама қарасам, көкейіме оның бойындағы әу бастағы ел-жұрт Пірадар атап кеткен өз әкесінен дарыған сөз өнеріне деген бейімділігі мен құштарлығын өрістетіп, үлкен ортаға танылуына біз тұсау болған екенбіз-ау деген бір ой келеді. Дегенмен, бір өзі әке орнына әке, шеше орнына шеше болған анашым бүгінде немерелерімен бақытты» дегені бар. Және оның бұл сөзін өзімен бірге туған әпкелері Дидар мен Шынар да қостайды. 
     Өмірде қандай істе де өз ұстанымынан айнымайтын жандар болады.   Меніңше, біздің Толқын да сондайлардың қатарынан. Басқаны айтпағанда, оның шаш қою үлгісі күні бүгінге дейін сол 18-жасындағыдай, еш өзгермеген. Айтпақшы, студент кезде «арамызда курстың атынан «Қыз сыны» байқауына қатысып, бақ сынайтын бір сұлу болса, осы Толқын болар» деуші едік. Алайда, ол: «менің тобығыма түскен бұрымым жоқ, байқаудың формат-талабына сай келмеймін», -деп, ат-тонын ала қашып, ондай сұлулық сайысында сынға түспеді. Бірақ, есесіне, жылдар өте келе телеарнадан жарқырап көрінді. Қазақ тілді телеаудиторияның сүйіктісіне айналды. Студияда хабар жүргізе отырып, одан өзі де ләззат алды. Әрине, бұл сонау жылдардағы телеайна аруы үшін баға жетпес бақыт, оның кәсіби мансабының маңызды бір бөлігі. Қалай десек те, телеэкранның мәңгі жастық пен сұлулықтың ордасы екеніне ешкім дау айта алмайды. «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек», - демекші, қазірде кешегі аға, орта буынды бүгінгі технология ғасырындағы ойы мен ісі креативті жаңа толқын басты. Ал қазірге дейін көкейінде эфирге деген сағынышы басылмаса да, сол ностальгияның орнын  төл кәсібіндегі заманауи контентке бет бұруымен, толтырып, тыңнан түрен салған біздің құрбымыз  2020 жылдан бері  «Дикторлық курс» бойынша «Бизон» платформасында аймақтық онлайн-тренингтер өткізіп жүр.  Ол бүгінде бір отбасының тірегі, ұйытқысы. ЖОО-да АИТИ  мамандығы бойынша білім алып жатқан сұлу жігіт - Алдиярдың анасы, салық саласының білікті маманы Нияздың асыл жары. Бағамдай білсек, әйел-ана бақыты деген де осы. Сонау студенттік кезде бір бөлмеде, бір аяқтан ас ішкен сымбатты да, сұлу курстасыма «Мисс» деп ат қойып едім. Мен қателеспеппін. «Сырлы аяқтың сыры кетсе де, сыны кетпес» дегендей, ол бүгінде өзіне тиесілі жеке мерекесі – елеулі елу бесін еш өзгермеген, сол бір әдемі қалпында қарсы алып отыр. Мерейтойың құтты болсын, талай жылдар таң бозынан оянып, «Таңшолпаннан» көрінген Толқын ару!