2017 жылы қазан айында ЮНЕСКО-ның Париждегі штаб-пәтерінде «Жаһандық әлемдегі қазіргі қазақстандық мәдениет» жобасы аясындағы мәдени шаралар қатарында Бақытжан Қанапияновтың француз тілінде жарық көрген «Perspective inversée» («Кері перспектива» – «Обратная перспектива») жыр жинағының тұсаукесер рәсімі өткізілген еді. Кітапты француз тіліне аударған – ақын және прозаик Тьерри Мариньяк, ал алғы сөзін жазған – ақын Кира Сапгир. Француз баспагерлері автордың төл есімін өз тілдерінің үндестігі мен мәнеріне лайықтап Жан Бахыт (Jan Bakhyt) деп атағанды жөн көріпті. Мемлекеттік жоғары сыйлыққа ұсынылған «Достояние души» кітабы да осы поэтикалық бүркеншек атты иеленіп отыр. Жыр жинағына ақынның жаңа ғасырдың соңғы жылдарында дүниеге келген өлеңдері енген.
«Достояние души» («Жан-дүние игілігі») кітабы – мән-мазмұндық және көркемдік-поэтикалық өлшемдері тұрғысынан бірегей туынды. «Дорога столетий» («Жүзжылдықтар жолы»), «Высокогорье» («Таулы аймақ»), «Тюркские мотивы бытия» («Тіршіліктегі түркі әуендері») атты үш поэтикалық бөлімнен тұратын жыр жинағына автор ғасырлар мен мыңжылдықтар тоғысындағы адамзат қауымы мен өз халқының өміріндегі тарихи өзгерістер, уақыт пен кеңістік, ұрпақ пен ұрпақ арасындағы өзара байланыс пен сабақтастық, тәуелділік пен тағдырластық желісі арқау болған. «Жүзжылдықтар жолы» бөлімінен бастау алған осы желі келесі бөлімдерде жалғаса келе, «Тіршіліктегі түркі әуендері» бөлімінде түйінді ойға ұласады. Бөлімдегі көптеген өлеңдер Абай, Шәкәрім, Мағжан, Махамбеттің өлмес те өшпес шығармаларының әсерінен туындаған. Ақын бұл поэтикалық әуендерді, ондағы ой мен образдарды өз жүрегінен өткізе отырып, жан-дүние толқынысынан туған терең сезім сырларын төгеді. Ақын, бір кездері Абай мен Шәкәрімнің Пушкин, Байрон, Лермонтов, Гёте шығармашылығын дала поэзиясының әуені мен тіліне салып, өз тұрғысынан жаңғыртқаны тәрізді, олардың шығармаларындағы образдарды өзінің жеке ұғым-түсінігі мен бүгінгі дүниетаным өлшеміне салып, жаңаша сомдап, бедерлейді. Сөйтіп, дәстүр сабақтастығын жалғастыра отырып, суреткерлік шеберлігі мен қабілет-қарымының арқасында Абай мен Шәкәрім поэзиясындағы сарын-желіні жаңа қырынан жаңғыртады, оған жаңаша сипат дарытып, соны бейнелер галереясын түзейді. Дана ақындар аңсаған мәңгілік мұрат-мақсаттар мен арман-аңсарлар бүгінгі дәуірдегі мұрат-мүдделермен астаса келе, бүгінгі замандағы көкейкесті мәселелерге ұласады. Абай мен Шәкәрім, Махамбет пен Мағжан жырларының ізімен жазылған «Абай сарындары», «Өзім туралы», «Жаз келеді», «Қоштасу», «Қаршыға», т.б. өлеңдерінде ақын елдік пен ерлікті жырлаған, адам бойындағы ашкөздік пен тоғышар қасиеттерден жиреніп, ілім-білімге ұмтылып, көзі ашық, көкірегі ояу ұлт болуға үндеген бабалар өсиетіне сай болуды алға тартады. Және де жалғыз қазақ емес, барлық адам атаулыға қажет осы адами құндылықтарды өзінше, қанапияновтық өрнекпен жырлайды. Ол өзі өмір сүріп отырған уақыт тынысын сезімталдықпен, сергектікпен дөп басып танып, өз халқының перзенті ретінде оның басына түскен қайғы-қасіретке, қоғам тудырған кесел-дерттерге қабырғасы қайыса күйзеліп, жанайқайын ашына жеткізеді. Ақынның бұл өлеңдерінен де қоғамдағы пісіп-жетілген толғақты мәселелерге өз көзқарасын бүкпесіз айта отырып, жұртшылық санасында сілкініс тудыруға деген талпынысын көреміз.
Бақытжан Қанапиянов – Қазақстанның көпұлтты әдебиетінің жарқын өкілдерінің бірі, әдеби шығармашылығы қазақ мәдениетінен ойып тұрып орын алатын, есімі еліміздің шеңберінен асып, шетелге де тарап кеткен танымал қаламгер. Ақын-жазушылықпен қатар аудармашы, сценарист, режиссер, баспагер сияқты сан кәсіпті игерген және олардың қай-қайсысында да талантын жарқырата көрсетіп келе жатқан кемел шығармашылық тұлға. Оның есімі мен шығармашылығы поэзия сүйетін қауым мен ғылыми-әдеби әлемге кеңінен таныс. Сондықтан да болар, «Достояние души» кітабындағы әлеуметтік желілерге жүктелген көптеген өлеңдері оқырмандар тарапынан оң бағаланып, жылы лебізге ие болуда. Ал жинақтағы түрік, әзірбайжан, армян, испан, араб, француз және моңғол тілдеріне аударылып үлгерген көптеген өлеңдер Поэзия кеңістіндегі өзінің дербес тіршілігін жалғастырып, сөз өнерінің құдіреті арқылы ел мен елді, халық пен халықты өзара бауырластыра, жақындастыра түсері даусыз. Дарынды жас суретші Мұхит Ақанаев-Мырзалиев көркемдеген жыр жинағындағы поэтикалық бейнелер мазмұнға лайық иллюстрациялармен үйлесе астасып, кітап көркем де симбиоз тұрпатындағы туындыға айналып отыр. Ал «Құрақ көрпе» композициясы іспетті ақынның әлем тілдеріндегі жыр жолдарының үзінділері пайдаланылған кітаптың өңірбеті (форзацы) де өзіндік көркемдік шешімімен ерекшеленеді.
Ақын Б.Қанапияновтың шығармаларынан оның жалпыадамзаттық мұрат-мақсатпен үндесіп жататын өмірлік ұстанымы, тіршілік, адам, қоғам жайлы өзіндік поэтикалық көзқарасы, азаматтық бітім-болмысы айқын көрініс береді. Ол, негізінен, философ ақын. Ақын өз өлеңдерінде адам өмірінің мәні, дүние-жаратылыстың кемелділігі, тіршіліктегі жанды және жансыз заттардың арасындағы өзара байланыс пен бір-біріне деген тәуелділік диалектикасы жайында тереңнен ой қозғайды. Өмірдің қарапайым құбылыстарына жіті зер салып, одан күрделі де көркем ой түйе білу – ақын шеберлігінің басты қыры. Ол қас қағым сәттік құбылыстардан алған әсерін өлең жолдарына шеберлікпен түсіріп, үлкен философиялық ойдың өзегіне айналдырады. Ақынның бас-аяғы 5-6 ғана тармақтан тұратын шап-шағын өлеңінің өзі айтар ойы күрделі де айқын бүтін бір шығарманың жүгін арқалап тұрғанына таңданбасқа лажыңыз жоқ. Бақытжан бір өлеңінде былайша толғанады: «Жақыннан түк қызғанба, Жатыңнан түк қызғанба, Тағдыр шып-шып толтырған Өз бақытың тұрғанда. Қуанар да шағың бар, Мұңаяр да шағың бар. Ғұмыр жолын тұйықтап Күн туады дамылдар» (Аударған С.Ақтаев). Адам ғұмырының мән-мағынасын, оның өмір жолында ұстануға тиіс адамгершілік принципі мен қағидаларын бір-ақ сөзбен түйіндеп, бекіткен бұл өлеңнің моральдық-философиялық трактаттан несі кем?!
Бақытжан өлеңдеріне жүректі толқытқан шынайы сезім, болмысты романтикалық тұрғыда қабылдап-түйсіну, нәзік әсірелеу, күрделі астарлы байланыстар тән. Өзінің туған отбасынан бастап, жұмбақ сыры адамға әлі де таныла қоймаған ғарыш кеңістігіне дейінгі бар құбылыс ақын жүрегін толғантып, тебірентумен келеді. Шешімі күрделі қарама-қайшылықтарға, қым-қуыт оқиғаларға толы мына аласапыран ғасырымыздағы елең еткізер әрбір жәйт, Олжас ақын айтқандай, «ақын жүрегінің кардиограммасынан» өтіп, көркем поэтикалық образдарға айналады.
Б.Қанапиянов қайраткер ретінде де еліне елеулі еңбек сіңіріп келеді. Ол туған елінің патриоты ретінде қоғамдық-әлеуметтік өмірде болып жатқан оқиғаларға үн қосып, азаматтық позициясын білдіріп отырады. Бақытжан –қазақстандық ақындардың ішінде өз шығармашылығы арқылы ядролық қаруды сынауға ашық қарсылық білдірген қаламгерлердің бірі. Ол Семей өңірінде, Невада мен Чернобыльде әлденеше рет болып, ғасыр трагедиясын өз көзімен көріп, жүрегімен сезініп қайтқан еді. Осы сапарларының нәтижесінде «Припять үстіндегі ләйлек» атты поэзиялық-публицистикалық қітабы дүниеге келіп, орыс және украин тілдерінде жарық көрді. Бұл жинақ демде тарап кетті. Кітапқа енген өлеңдер теледидар мен радиодан оқылып, Одақтың түкпір-түкпіріне жетті. Ядролық жарылыстардың зардаптарын, оның халықтың өмірі мен денсаулығына, адамзат болашағына келтіретін кесел-кесапатын поэзия тілінде шебер суреттейтін бұл шығарманы қазіргі әдебиеттегі өзіндік құбылыс деуге болады.
Ал «Ұмыт болған қазақ тілі» атты өлеңінде ақын бала жасынан ана тілінен қол үзіп, уызына қана алмай қалғанына қынжылыс білдіріп, сол үшін өзін ата-бабаларының алдында мәңгілік айыпты сезінетінін жүрегі қан жылай отырып ақтарыла айтады. Бұл – тек ақынның ғана емес, кеңес заманында мәдениетінен, діні мен ділінен көз жазып қала жаздап, дүбәра күй кешкен бүтін бір ұрпақтың трагедиясы еді. Өлең ата-бабаларымыз ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізіп, еліміздің демократиялық даму жолына түсуіне бастау болған Желтоқсан оқиғасынан бұрын жазылған болатын.
Өзінің кіндік қаны тамған ежелгі атамекенінің топырағын басып, өмір сүріп жүргенімен, туған тілі мен мәдениетіне «өгей бала» болудың рухани зардаптарын ақын жүрегі сол кездің өзінде-ақ түсініп-түйсінген еді. Бұл өлеңі Желтоқсан оқиғасы кезінде «Голос Америки» және «Азаттық» радиоларынан берілді. Сол кездегі тіл саясатының залалын көрсеткен өлеңі үшін Б.Канапияновқа «ұлтшыл» деген жала жабылып, есімі қаралана бастады, шығармаларын баспасөз беттерінде жариялауға тыйым салынды. Шығармашылығы қатты сыналып, партия органдарынан қыспақ көруі қайсар ақынды жасқантып, жасыта алмады, ол өзі құлай берілген музаға қызмет етуден жаңылған жоқ. Көп кешікпей, еліміз тәуелсіздік алардың алдында қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе берілуінде ақынның мысқалдай болса да үлесі бар деп білеміз.
Бақытжан Қанапиянов шығармашылығының басты ерекшелігі – ол орыс тілінде жазғанымен, қазақша ойланып, қазақы бейнелер жасайды. Оның өлендерінен фольклор мен халықтық поэзияның дәстүрінен нәр алған, қазақ ақын-жыраулары тәрізді ұзаққа шапса да алқымы іспейтін кең тынысты, өресі биік ақынның қолтаңбасы айқын аңғарылады. Шығармаларының астарынан казақы болмысы мен дүниетанымы, ұлттық рухы «менмұндалап» тұрады. Бұл оның ұлттық бастаулар мен құңдылықтарға мейлінше ден қойып, өз творчествосына қазақ поэзия өнеріндегі ой мен мазмұнды, көркемдік құндылықтарды өзек ете білгендігінің дәлелі. Ана тілін білуі мен орыс тілін жетік меңгеруі, ұлттық және жалпыадамзаттық дүниетаным, орыс және әлем мәдениетін бірдей игеруі ақын шығармашылығын өзгелерден ерекшелеп тұратын негізгі сипат екені анық. «Өз басым, бұл сияқты адамдар әлемге туған халқының бет-бейнесін танытады деп ойлаймын, – деп жазады ақын Ян Август. – Ол – шынайы дала ұлы, өз халқының төл перзенті, сонымен бірге әлемдік өркениет өкілі де». Б.Қанапиянов – қаламгер ретінде туған халқының алдындағы перзенттік парызын, азаматтық жауапкершілігін жете сезінетін шығармашыл тұлға. Бұған оның өлеңдерімен қатар, қазақ ақындарын әлемге таныту мақсатымен аударма саласында тындырып жүрген қыруар еңбектері айғақ. Ақынның 2003 жылы жарық көрген «Каникулы кочевья» аударма жинағына «Қобыланды батыр», «Ер Тарғын», «Қамбар батыр» эпостарының үзінділері мен Абыл, Құлыншақ, Сегіз сері, Қашаған, Махамбет, Абай, Шәкәрім, Нұрпейіс, Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, т.б. ақын-жыраулардың өлеңдері топтастырылған. Автор өз тәржімесінде қазақ өлеңінің әуені мен ырғағын, ұйқас, екпінін сақтап, әрбір ақынның өзіне тән поэтикалық әлемі мен көркемдік ерекшелігін ашуға тырысады. Бұл кітапқа енген авторлардың көпшілігінің өлеңдері тұңғыш рет орыс тіліне аударылып отырғанын да айта кеткен жөн. Ақын халқымыздың эпостық жанрының інжу-маржаны – «Қыз Жібекті» үлкен шеберлікпен аударып шықты. Жалпы, ақынның аудармашылық шеберлігінің басты сипаты – ол өткен заман поэзиясы мен классик ақындардың жырларын тек аударып немесе өзінше мазмұндап қана қоймайды, оларға өз тұрғысынан басқаша сурет бітіріп, бөлекше өрнек дарытады. Сондықтан да басқа аударма варианттарына қарағанда, Бақытжан тәржімелеген нұсқа жоғары поэтикалық көркемдігімен, бояу-нақыштарының қанықтылығымен, образдарының тартымдылығымен ерекшеленеді. Бұл ақынның ана тілін жақсы білумен бірге, орыс өлеңінің табиғатын жете меңгергенін, поэтикалық шеберлігінің жоғары дәрежеде екенін көрсетеді. Жинақтың екінші бөліміне әлемдік поэзия өкілдерінің туындылары арқау болған. Мұнда ол өз аудармалары арқылы оқырмандарды Австралия, Бельгия, Германия, Иран, Индонезия, Италия, Канада, Корея, АҚШ, Сауд Арабиясы, Франция, Жапония, т.б. көптеген елдердің жыр жұлдыздарының шығармашылығымен таныстырады. 2004 жылы қазан айында Куала-Лумпурде (Малайзия) өткен халықаралық поэтикалық оқулар кезінде ақынның «Каникулы кочевья» жинағындағы аударма өлеңдері поэзия сүйер жұртшылықтың жоғары бағасына ие болды.
Бақытжан соңғы жылдары проза жанрында да өнімді еңбек етіп жүр. Қаламгердің әңгіме, новелла, эсселері Қазақстанмен қатар Ресей, Украина, Арменияның мерзімді басылымдары мен әдеби журналдарында және елімізде «Светлячки» деген атпен жеке жинақ ретінде жарық көрді. Ал «Алла тағалаға құрмет», «Ыстықкөлдің таңбасы» повестері мен «Бақшасарай», «Жалғыз ағаш», «Шие», «Теңіздің ар жағынан келген қонақ», «Киелі құс – Ақ қаз» сияқты бірқатар новеллалары, сондай-ақ «Таугүл», «Алма-Яблоко», «Карта», «Құм сағат» атты бірнеше тәмсіл әңгімелері енген «Балбал – даланың тас сақшысы» атты ағылшын тіліндегі повестер мен әңгімелер жинағы офисі Лондонда орналасқан «Айтматов-Академия» баспасынан жарыққа шықты. Кітапты тәржімелеген – белгілі ағылшын аудармашылары Джон Амор мен Катарин Джуделсон.
Прозалық шығармаларының бір парасы – тәмсіл әңгімелер мен этюдтері, көлемі шағын болғанымен, айтар ойы, мазмұны тұрғысынан үлкен шығарманың жүгін көтеретін көркем дүниелер екенін баса айтқан жөн. Бұларда автор қарапайым өмір құбылыстарына жіті үңіліп, одан үлкен философиялық астар іздейді, адам мен табиғат байланысына ерекше зер салады. Автордың бұл туындылары мазмұндық және көркемдік сипаты жағынан қара сөзбен жазылған өлең іспеттес.
Табиғат шексіз де шетсіз, әрі мәңгілік, Адам болса тіршіліктегі дәм-тұзы таусылған күні өлетін өзекті жан, оның біздің Галактикадағы өмірі қас қағым сәт қана. Бақытжанның ойынша, жазушының мақсаты – мәңгілік пен қас қағым сәттің, ұлы мен кішінің, қаталдық пен нәзіктіктің байланысын іздестіру, оларды біртұтас етіп бір тағдыр аясында біріктіре білуге күш салу. Мәселен, «Жалғыз ағаш» новелласын алайық. Мұнда автор екі тағдырды: қарт шопан мен қайыңның күрделі бейнелерін, олардың арасындағы қарым-қатынасты психологиялық тұрғыдан суреттейді. Далада өсіп тұрған жалғыз қайың мен қария «тілдесіп», бір-біріне мұңын шағады. Адам мен ағаштың дос болуы, бір-бірінен пана іздеуі, былай қарағанда, әдеттен тыс нәрсе, бірақ адам мен табиғаттың осылайша етене жақындасып, біртұтас дүниеге айналуы табиғи құбылыс екені хақ. Бақытжанның шығармашылығында лирикалық проза мен эпостық поэзия бір-бірімен сабақтаса байланысып, астарласып жатады. Сыртқы ұқсастықпен емес, ішкі үйлесімділікпен. Осы орайда «Жалғыз ағаш» новелласын лирикалық-эпостық жанрдың жауһары десек, артық айтқандық емес. Соңғы жылдары дүниеге келген «Теңіздің ар жағынан келген қонақ», «Нан алуға барғанда» әңгімелері мен «Төретұмсық» повесть-хикаяты қаламгердің суреткерлік талантының жаңа бір қырын танытары анық. Қаламгердің аталмыш повесть-хикаяты Қазақ хандығының 550 жылдығына орай өткізілген жабық әдеби конкурста жүлделі екінші орынды иеленді.
Оның жүйрік қаламынан әдеби және көсемсөздік сипаттағы жүзден аса мақала туды. Бұларда Ш.Уәлиханов, Абай, Шәкәрім, Мағжан тәрізді халқымыздың белгілі ағартушылары мен ақындарының, сондай-ақ замандастарымыз О.Сүлейменов, Б.Кенжеев, т.б. шығармашылығы жан-жақты зерттеліп, зерделенеді. Бұл мақалалардан қаламгердің ғылыми білімі мен біліктілігі, биік интеллектуалдық өресі айқын аңғарылады. Аталмыш мақалалар Қазақстан мен шетелдердің баспасөз беттерінде жарық көріп, оқырмандар тарапынан үлкен ілтипатқа ие болды. Ал 2003 жылы жарық көрген «Кофе-брейк» жинағындағы эссе мен прозалық суреттемелерінде ол әдеби үдерістер, Азия кеңістігіндегі әдебиет мәселелері, адам мен қоғам арақатынасы, қазақ жазушыларының шығармалары туралы ойларымен бөліседі.
Бақытжан қазақ әдебиеті мен мәдениетін шетелдерде насихаттап, әлемдік өркениет үдерістерімен байланыстыруға да үзбей атсалысып келеді. Ақын АҚШ, Англия, Франция, Ресей, Германия, Швеция, Түркия, т.б. мемлекеттерде өткен халықаралық поэзия фестивальдеріне сан мәрте қатысып, көп ұлтты қазақ әдебиетінің жетістіктерін әлемге паш ете білді. 2002–2003 жылдары АҚШ-та өткен «Алтын лира үміткері» атты Дүниежүзілік әдеби-поэтикалық конкурста әлемнің қырық мыңнан астам ақынының ішінен үздік деп танылған қырық ақынның алдыңғы қатарында болуы – творчестволық өресінің биіктігі мен ақындық талантының кемелділігінің айғағы. Ол дүниежүзінде алғаш рет Бүкіләлемдік поэзия күнін жариялап (1996 ж. 29 ақпан), Алматы қаласында Халықаралық поэзия кешін өткізді. 2000 жылы ақпан айында «Hivos» қорының қолдауымен Гаага қаласында Бүкіләлемдік поэзия кешін өткізуге мұрындық болды.
Талантты ақын басқа шығармашылық қызметтерде де жемісті еңбек етіп келеді. Ол кинематография саласында да ауыз толтырып айтарлықтай жұмыстар тындырды. Бүгінде ол – жиырмадан астам киносценарийлер мен бейнефильмдердің авторы әрі режиссері. Солардың қатарында «Абай: өмірі мен шығармашылығы» (1983), «Шәкәрімнің соңғы күзі» (1992), «Балқаш хикаясы» (1990) сияқты бейнефильмдерді ерекше атап айтуға болады. Бірқатар фильмдері Софияда (Болгария) өткен кино мамандарының Европалық симпозиумінде жоғары бағаланды.
Б.Қанапияновтың есімі баспагер ретінде де кеңінен мәлім. Оның тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында ұйымдастырған «Жібек жолы» баспасы бүгінде үлкен шығармашылық-өндірістік ұжымға айналып, қазақстандық баспалар ішінде өзіндік орнын айқындап үлгерді. Осы жылдар ішінде баспадан жүздеген кітап жарық көріп, оқырмандардың рухани кәдесіне асуда. Бұл ретте заманымыздың ұлы суреткері Мұхтар Әуезовтің 50 томдық академиялық толық шығармалар жинағының екі басылымын, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 7 томдық еңбектер жинағын (қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жеке-жеке) ерекше атап өткен жөн.
Биыл елімізде қазақтың ұлы ақыны және ойшылы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы атап өтілгенін ескерсек, ақынның Абай мұрасын насихаттап, танытудағы еңбегі де зор. Абайдың өлеңдерін (Ресей мен Қазақстандағы жарияланымдар, 1982–2020 жж.), Шәкәрімнің, Мағжан Жұмабаевтың, Міржақып Дулатовтың, Ахмет Байтұрсынұлының Абайға арналған өлеңдерін (Алтын Хакім Абайға және т.б.) аударуы (Қазақстан мен Ресейдің мерзімді басылымдары), құрастырушы ретінде Абай өлеңдерінің орыс тіліне және одан әлемнің басқа да он тіліне аударылған кітабын (Алғысөзін жазған ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев. Аударма бюросы, Нұр-Сұлтан, Ломоносов атындағы МГУ баспасы, Мәскеу, 2020 ж.), идея авторы және құрастырушы ретінде 1995 және 2019 жылдары қазақ және орыс тілдерінде «Абай күнтізбесін», 2019 жылы Абайдың бір томдық жинағын (канондық мәтіндер, Б.Хабдинамен бірлестікте), редакторы және баспа жобасының жетекшісі ретінде «Абай жолы» роман-эпопеясының А.Кимнің жаңа аударуындағы басылымын (2007–2017 жж., бірнеше қайта басылымы) шығаруы, Абай шығармашылығы туралы «Пушкин жылы және Абай жылы» («Литературная газета», сәуір 2005 ж.), «Орыс ақындары және Абай» («Литературная газета», 29 шілде 2015 ж.), «Абайдың алғашқы кітабы» («Литературная газета», 22 шілде 2020 ж.), «Радушно распахнуты двери Поэту» мақалаларын («Казахстанская правда», 20 мамыр 2020 ж. және ippokrena.kz сайты) жариялауы Б.Қанапияновтың Абай шығармашылығын насихаттаудағы еңбегінің зор екенін көрсетеді.
Талантты ақын-жазушы, шебер аудармашы, білікті баспагер Бақытжан Қанапиянов осылайша ұлттық мәдениетпен қатар әлемдік өркениетке де үлкен үлес қосып келеді. Оның шығармашылығы мен әдеби-қоғамдық қызметі жоғары мемлекеттік сыйлыққа әбден лайық деп білеміз.
2017 жылы қазан айында ЮНЕСКО-ның Париждегі штаб-пәтерінде «Жаһандық әлемдегі қазіргі қазақстандық мәдениет» жобасы аясындағы мәдени шаралар қатарында Бақытжан Қанапияновтың француз тілінде жарық көрген «Perspective inversée» («Кері перспектива» – «Обратная перспектива») жыр жинағының тұсаукесер рәсімі өткізілген еді. Кітапты француз тіліне аударған – ақын және прозаик Тьерри Мариньяк, ал алғы сөзін жазған – ақын Кира Сапгир. Француз баспагерлері автордың төл есімін өз тілдерінің үндестігі мен мәнеріне лайықтап Жан Бахыт (Jan Bakhyt) деп атағанды жөн көріпті. Мемлекеттік жоғары сыйлыққа ұсынылған «Достояние души» кітабы да осы поэтикалық бүркеншек атты иеленіп отыр. Жыр жинағына ақынның жаңа ғасырдың соңғы жылдарында дүниеге келген өлеңдері енген.
«Достояние души» («Жан-дүние игілігі») кітабы – мән-мазмұндық және көркемдік-поэтикалық өлшемдері тұрғысынан бірегей туынды. «Дорога столетий» («Жүзжылдықтар жолы»), «Высокогорье» («Таулы аймақ»), «Тюркские мотивы бытия» («Тіршіліктегі түркі әуендері») атты үш поэтикалық бөлімнен тұратын жыр жинағына автор ғасырлар мен мыңжылдықтар тоғысындағы адамзат қауымы мен өз халқының өміріндегі тарихи өзгерістер, уақыт пен кеңістік, ұрпақ пен ұрпақ арасындағы өзара байланыс пен сабақтастық, тәуелділік пен тағдырластық желісі арқау болған. «Жүзжылдықтар жолы» бөлімінен бастау алған осы желі келесі бөлімдерде жалғаса келе, «Тіршіліктегі түркі әуендері» бөлімінде түйінді ойға ұласады. Бөлімдегі көптеген өлеңдер Абай, Шәкәрім, Мағжан, Махамбеттің өлмес те өшпес шығармаларының әсерінен туындаған. Ақын бұл поэтикалық әуендерді, ондағы ой мен образдарды өз жүрегінен өткізе отырып, жан-дүние толқынысынан туған терең сезім сырларын төгеді. Ақын, бір кездері Абай мен Шәкәрімнің Пушкин, Байрон, Лермонтов, Гёте шығармашылығын дала поэзиясының әуені мен тіліне салып, өз тұрғысынан жаңғыртқаны тәрізді, олардың шығармаларындағы образдарды өзінің жеке ұғым-түсінігі мен бүгінгі дүниетаным өлшеміне салып, жаңаша сомдап, бедерлейді. Сөйтіп, дәстүр сабақтастығын жалғастыра отырып, суреткерлік шеберлігі мен қабілет-қарымының арқасында Абай мен Шәкәрім поэзиясындағы сарын-желіні жаңа қырынан жаңғыртады, оған жаңаша сипат дарытып, соны бейнелер галереясын түзейді. Дана ақындар аңсаған мәңгілік мұрат-мақсаттар мен арман-аңсарлар бүгінгі дәуірдегі мұрат-мүдделермен астаса келе, бүгінгі замандағы көкейкесті мәселелерге ұласады. Абай мен Шәкәрім, Махамбет пен Мағжан жырларының ізімен жазылған «Абай сарындары», «Өзім туралы», «Жаз келеді», «Қоштасу», «Қаршыға», т.б. өлеңдерінде ақын елдік пен ерлікті жырлаған, адам бойындағы ашкөздік пен тоғышар қасиеттерден жиреніп, ілім-білімге ұмтылып, көзі ашық, көкірегі ояу ұлт болуға үндеген бабалар өсиетіне сай болуды алға тартады. Және де жалғыз қазақ емес, барлық адам атаулыға қажет осы адами құндылықтарды өзінше, қанапияновтық өрнекпен жырлайды. Ол өзі өмір сүріп отырған уақыт тынысын сезімталдықпен, сергектікпен дөп басып танып, өз халқының перзенті ретінде оның басына түскен қайғы-қасіретке, қоғам тудырған кесел-дерттерге қабырғасы қайыса күйзеліп, жанайқайын ашына жеткізеді. Ақынның бұл өлеңдерінен де қоғамдағы пісіп-жетілген толғақты мәселелерге өз көзқарасын бүкпесіз айта отырып, жұртшылық санасында сілкініс тудыруға деген талпынысын көреміз.
Бақытжан Қанапиянов – Қазақстанның көпұлтты әдебиетінің жарқын өкілдерінің бірі, әдеби шығармашылығы қазақ мәдениетінен ойып тұрып орын алатын, есімі еліміздің шеңберінен асып, шетелге де тарап кеткен танымал қаламгер. Ақын-жазушылықпен қатар аудармашы, сценарист, режиссер, баспагер сияқты сан кәсіпті игерген және олардың қай-қайсысында да талантын жарқырата көрсетіп келе жатқан кемел шығармашылық тұлға. Оның есімі мен шығармашылығы поэзия сүйетін қауым мен ғылыми-әдеби әлемге кеңінен таныс. Сондықтан да болар, «Достояние души» кітабындағы әлеуметтік желілерге жүктелген көптеген өлеңдері оқырмандар тарапынан оң бағаланып, жылы лебізге ие болуда. Ал жинақтағы түрік, әзірбайжан, армян, испан, араб, француз және моңғол тілдеріне аударылып үлгерген көптеген өлеңдер Поэзия кеңістіндегі өзінің дербес тіршілігін жалғастырып, сөз өнерінің құдіреті арқылы ел мен елді, халық пен халықты өзара бауырластыра, жақындастыра түсері даусыз. Дарынды жас суретші Мұхит Ақанаев-Мырзалиев көркемдеген жыр жинағындағы поэтикалық бейнелер мазмұнға лайық иллюстрациялармен үйлесе астасып, кітап көркем де симбиоз тұрпатындағы туындыға айналып отыр. Ал «Құрақ көрпе» композициясы іспетті ақынның әлем тілдеріндегі жыр жолдарының үзінділері пайдаланылған кітаптың өңірбеті (форзацы) де өзіндік көркемдік шешімімен ерекшеленеді.
Ақын Б.Қанапияновтың шығармаларынан оның жалпыадамзаттық мұрат-мақсатпен үндесіп жататын өмірлік ұстанымы, тіршілік, адам, қоғам жайлы өзіндік поэтикалық көзқарасы, азаматтық бітім-болмысы айқын көрініс береді. Ол, негізінен, философ ақын. Ақын өз өлеңдерінде адам өмірінің мәні, дүние-жаратылыстың кемелділігі, тіршіліктегі жанды және жансыз заттардың арасындағы өзара байланыс пен бір-біріне деген тәуелділік диалектикасы жайында тереңнен ой қозғайды. Өмірдің қарапайым құбылыстарына жіті зер салып, одан күрделі де көркем ой түйе білу – ақын шеберлігінің басты қыры. Ол қас қағым сәттік құбылыстардан алған әсерін өлең жолдарына шеберлікпен түсіріп, үлкен философиялық ойдың өзегіне айналдырады. Ақынның бас-аяғы 5-6 ғана тармақтан тұратын шап-шағын өлеңінің өзі айтар ойы күрделі де айқын бүтін бір шығарманың жүгін арқалап тұрғанына таңданбасқа лажыңыз жоқ. Бақытжан бір өлеңінде былайша толғанады: «Жақыннан түк қызғанба, Жатыңнан түк қызғанба, Тағдыр шып-шып толтырған Өз бақытың тұрғанда. Қуанар да шағың бар, Мұңаяр да шағың бар. Ғұмыр жолын тұйықтап Күн туады дамылдар» (Аударған С.Ақтаев). Адам ғұмырының мән-мағынасын, оның өмір жолында ұстануға тиіс адамгершілік принципі мен қағидаларын бір-ақ сөзбен түйіндеп, бекіткен бұл өлеңнің моральдық-философиялық трактаттан несі кем?!
Бақытжан өлеңдеріне жүректі толқытқан шынайы сезім, болмысты романтикалық тұрғыда қабылдап-түйсіну, нәзік әсірелеу, күрделі астарлы байланыстар тән. Өзінің туған отбасынан бастап, жұмбақ сыры адамға әлі де таныла қоймаған ғарыш кеңістігіне дейінгі бар құбылыс ақын жүрегін толғантып, тебірентумен келеді. Шешімі күрделі қарама-қайшылықтарға, қым-қуыт оқиғаларға толы мына аласапыран ғасырымыздағы елең еткізер әрбір жәйт, Олжас ақын айтқандай, «ақын жүрегінің кардиограммасынан» өтіп, көркем поэтикалық образдарға айналады.
Б.Қанапиянов қайраткер ретінде де еліне елеулі еңбек сіңіріп келеді. Ол туған елінің патриоты ретінде қоғамдық-әлеуметтік өмірде болып жатқан оқиғаларға үн қосып, азаматтық позициясын білдіріп отырады. Бақытжан –қазақстандық ақындардың ішінде өз шығармашылығы арқылы ядролық қаруды сынауға ашық қарсылық білдірген қаламгерлердің бірі. Ол Семей өңірінде, Невада мен Чернобыльде әлденеше рет болып, ғасыр трагедиясын өз көзімен көріп, жүрегімен сезініп қайтқан еді. Осы сапарларының нәтижесінде «Припять үстіндегі ләйлек» атты поэзиялық-публицистикалық қітабы дүниеге келіп, орыс және украин тілдерінде жарық көрді. Бұл жинақ демде тарап кетті. Кітапқа енген өлеңдер теледидар мен радиодан оқылып, Одақтың түкпір-түкпіріне жетті. Ядролық жарылыстардың зардаптарын, оның халықтың өмірі мен денсаулығына, адамзат болашағына келтіретін кесел-кесапатын поэзия тілінде шебер суреттейтін бұл шығарманы қазіргі әдебиеттегі өзіндік құбылыс деуге болады.
Ал «Ұмыт болған қазақ тілі» атты өлеңінде ақын бала жасынан ана тілінен қол үзіп, уызына қана алмай қалғанына қынжылыс білдіріп, сол үшін өзін ата-бабаларының алдында мәңгілік айыпты сезінетінін жүрегі қан жылай отырып ақтарыла айтады. Бұл – тек ақынның ғана емес, кеңес заманында мәдениетінен, діні мен ділінен көз жазып қала жаздап, дүбәра күй кешкен бүтін бір ұрпақтың трагедиясы еді. Өлең ата-бабаларымыз ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізіп, еліміздің демократиялық даму жолына түсуіне бастау болған Желтоқсан оқиғасынан бұрын жазылған болатын.
Өзінің кіндік қаны тамған ежелгі атамекенінің топырағын басып, өмір сүріп жүргенімен, туған тілі мен мәдениетіне «өгей бала» болудың рухани зардаптарын ақын жүрегі сол кездің өзінде-ақ түсініп-түйсінген еді. Бұл өлеңі Желтоқсан оқиғасы кезінде «Голос Америки» және «Азаттық» радиоларынан берілді. Сол кездегі тіл саясатының залалын көрсеткен өлеңі үшін Б.Канапияновқа «ұлтшыл» деген жала жабылып, есімі қаралана бастады, шығармаларын баспасөз беттерінде жариялауға тыйым салынды. Шығармашылығы қатты сыналып, партия органдарынан қыспақ көруі қайсар ақынды жасқантып, жасыта алмады, ол өзі құлай берілген музаға қызмет етуден жаңылған жоқ. Көп кешікпей, еліміз тәуелсіздік алардың алдында қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе берілуінде ақынның мысқалдай болса да үлесі бар деп білеміз.
Бақытжан Қанапиянов шығармашылығының басты ерекшелігі – ол орыс тілінде жазғанымен, қазақша ойланып, қазақы бейнелер жасайды. Оның өлендерінен фольклор мен халықтық поэзияның дәстүрінен нәр алған, қазақ ақын-жыраулары тәрізді ұзаққа шапса да алқымы іспейтін кең тынысты, өресі биік ақынның қолтаңбасы айқын аңғарылады. Шығармаларының астарынан казақы болмысы мен дүниетанымы, ұлттық рухы «менмұндалап» тұрады. Бұл оның ұлттық бастаулар мен құңдылықтарға мейлінше ден қойып, өз творчествосына қазақ поэзия өнеріндегі ой мен мазмұнды, көркемдік құндылықтарды өзек ете білгендігінің дәлелі. Ана тілін білуі мен орыс тілін жетік меңгеруі, ұлттық және жалпыадамзаттық дүниетаным, орыс және әлем мәдениетін бірдей игеруі ақын шығармашылығын өзгелерден ерекшелеп тұратын негізгі сипат екені анық. «Өз басым, бұл сияқты адамдар әлемге туған халқының бет-бейнесін танытады деп ойлаймын, – деп жазады ақын Ян Август. – Ол – шынайы дала ұлы, өз халқының төл перзенті, сонымен бірге әлемдік өркениет өкілі де».
Б.Қанапиянов – қаламгер ретінде туған халқының алдындағы перзенттік парызын, азаматтық жауапкершілігін жете сезінетін шығармашыл тұлға. Бұған оның өлеңдерімен қатар, қазақ ақындарын әлемге таныту мақсатымен аударма саласында тындырып жүрген қыруар еңбектері айғақ. Ақынның 2003 жылы жарық көрген «Каникулы кочевья» аударма жинағына «Қобыланды батыр», «Ер Тарғын», «Қамбар батыр» эпостарының үзінділері мен Абыл, Құлыншақ, Сегіз сері, Қашаған, Махамбет, Абай, Шәкәрім, Нұрпейіс, Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, т.б. ақын-жыраулардың өлеңдері топтастырылған. Автор өз тәржімесінде қазақ өлеңінің әуені мен ырғағын, ұйқас, екпінін сақтап, әрбір ақынның өзіне тән поэтикалық әлемі мен көркемдік ерекшелігін ашуға тырысады. Бұл кітапқа енген авторлардың көпшілігінің өлеңдері тұңғыш рет орыс тіліне аударылып отырғанын да айта кеткен жөн. Ақын халқымыздың эпостық жанрының інжу-маржаны – «Қыз Жібекті» үлкен шеберлікпен аударып шықты. Жалпы, ақынның аудармашылық шеберлігінің басты сипаты – ол өткен заман поэзиясы мен классик ақындардың жырларын тек аударып немесе өзінше мазмұндап қана қоймайды, оларға өз тұрғысынан басқаша сурет бітіріп, бөлекше өрнек дарытады. Сондықтан да басқа аударма варианттарына қарағанда, Бақытжан тәржімелеген нұсқа жоғары поэтикалық көркемдігімен, бояу-нақыштарының қанықтылығымен, образдарының тартымдылығымен ерекшеленеді. Бұл ақынның ана тілін жақсы білумен бірге, орыс өлеңінің табиғатын жете меңгергенін, поэтикалық шеберлігінің жоғары дәрежеде екенін көрсетеді. Жинақтың екінші бөліміне әлемдік поэзия өкілдерінің туындылары арқау болған. Мұнда ол өз аудармалары арқылы оқырмандарды Австралия, Бельгия, Германия, Иран, Индонезия, Италия, Канада, Корея, АҚШ, Сауд Арабиясы, Франция, Жапония, т.б. көптеген елдердің жыр жұлдыздарының шығармашылығымен таныстырады. 2004 жылы қазан айында Куала-Лумпурде (Малайзия) өткен халықаралық поэтикалық оқулар кезінде ақынның «Каникулы кочевья» жинағындағы аударма өлеңдері поэзия сүйер жұртшылықтың жоғары бағасына ие болды.