Нұрлыгүл Ғалымжанқызы 2004жылы Ақтөбе облысы, Шалқар қаласында дүниеге келген. 2021 жылы Шалқар қаласындағы №8 жалпы орта мектепті бітірген. Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті гуманитарлық ғылымдар және өнер факультетіне оқуға түскен. Аталған жоғары оқу орнындағы журналистика және ақпарат кадефрасының 3-ші курс студенті.
Жыл сайын өз туындысын жарыққа шығарып отыратын Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, филология ғылымдарының кандидаты, ақын-аудармашы Маржан Ершу кезекті кітабын көрерменге тарту етті. Кітап өз тегін қазақ жұртынан іздеген, түркітанушы мажар ғалымы, филология ғылымының докторы, профессор Қоңыр Мандокидің өмірі мен шығармашылығынан сыр шертеді.
Өз тілі мен дінінің негізін, түп тамырын іздеген Қоңыр Қыпшақ, ата жұртын Батыс Қазақстан аймағындағы, Жымпиты жеріндегі кіші жүзден шықты деп таныған. Оған себеп әкесінің: «дәстүрімізді ұмытып, ана тілімізден жұрдай болып барамыз» деген сөзі . Осыдан соң Қоңыр зерттеудің соңына түсіп, Қазақстанның батыс өлкесіне келіп, болашақ жары - тілші-ғалым, атыраулық Оңайша -Айша Мақсымқызымен кездескен.
Маржан ақынның айтуынша, бұл кітапты жазуға 2015 жылы, іс-сапармен барған Будапешт қаласындағы саяхаты әсер еткен. Тіл жанашыры туралы көбірек естіп-білген соң, Қоңырдың жан жары Оңайша-Айшаны «мен Қоңыр туралы кітап жазып шығамын» деп құлаққағыс етіпті.
Содан бері бұл кітапты асыға күткен алғашқы оқырман Қоңырға шын берілген, жарымен жан дүниесінің егіздігін кездескен адамға еріксіз сездіріп қоятын Оңайша-Айша екен.
Тіпті, кітаптың басып шығарылған уақыты Қоңыр Мандокидің 80 жылдығына тұспа-тұс келеді. Бұны бір игі іс деп балаған Маржан Ершу өзін әр жыл сайын жаңа бір зерттеу күтіп тұратынын айта кетті. Ғалымның 12 жасында сотталып, мектеп жылдарын қайғы-қасіретпен өткізгені, қазақ жұртына деген махаббаты, оның ішінде Айшаны кездестіруі, Расул Ғамзатов сынды секілді кісілермен достығы және басқа да тың ақпараттар баяндалады. Деректі романда ел деп аңсап келіп, Каспий жағасында қапияда тап болған 48 жасындағы күдікті өлімі туралы айтылады (бір уақытта Мұстафа Түрік секілді тұлғалардың бәрі құпия қайтыс болған). Өз өтінішінде Алматыда жерленуін сұраған ғалымның дүниеден өткеннен кейінгі «сүйек таласы» да баяндалады. Осыншама мәліметтің шет-жағасы осындай. Тоғыз жылдық еңбек қазір 6000 теңгеге бағаланып, сатып алушыларды күтеді.