Жақында Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде филология ғылымының докторы Орынай Сағынғалиқызы ашық дәріс өткізді. Шараның негізгі мақсаты – төте жазуды насихаттау. Дәріс барысында Орынай Сағынғалиқызы әуелі бұл жазуды ұсынған Алаш зиялылары мен Х.Досмұхамедов екенін алға тартты.
Дәріс басында 1926 жылы Бакуде өткен бүкілодақтық түркологиялық алғашқы съезіндегі оқиғаны баяндады. Сьезде қазақтың арыстары қолдап шығаттынын біліп, съезд төрағасы қатысушыларға: «Ахмет шықса, сөйлетпеу үшін күлсеңдер де, әйтеуір кедергі жасаңдар!» деп тапсырма беріп қойған. Ал, Алаш ардақтысына айналған зиялының мақсаты- қазақ әліпбиін сақтау еді. Қазіргі тілмен айтқанда, жобасын қорғап тұрған Ахмет Байтұрсынұлына «Ана сөзді жаз, мына сөзді жаз» деп келеке етіп, төте жазуға төте жол бермеуге тырысқан. Ал, төраға болса, қоңырауын шылдырлатып, шуды тоқтатқандай сыңай танытқан. Бірақ, Ахмет өзіне біткен төзімділік мен сабырлылықтың арқасында қазақ тілінің ең бай, әдемі тіл екенін қатысушыларға мойындатқан. Ал, ең нашар тіл - әзірбайжандардікі боп есептеліпті. Сьезде қазақ арысын татарлар қос қолдап жақтаған. Өйткені олардың да лингвистика мектебі құртылуға сәл қалып, түркілерден бір көсем шықса, еруге дайын отырған еді. Кириллицаға қазақ тілін «көшірейік» деп көшірмеген. Олардың қатарында Сталиннің ығындағы грузиндер де бар болатын. Ал, зиялылар қазақ тілі латын тіліне көшсе қисық сөйлеген баланың артикулициясы бұзылып, мөлдір тілдің калькаға айналып, көркем жазудан айырылатынын білген.
Алаш ардагерлерінің іс-әрекеті бүгінде шынымен аңызға айналғаны рас. Мысалы, әлем деңгейінде мойындалған ақпараттарды, кезінде 1923 ж «Шолпан» журналына Алаштықтар ең алдымен жариялап қойған. Халел Досмұхамедов бастаған қазақ арыстары «Жануартану, табиғаттану, тән тіршілігі, денсаулықты сақтау» еңбектерін де жілігін шағып, майдан қыл суырғандай етіп талдаған. Баспада қазақ оқытушыларының дене тәрбиесі, қазақтың ғашықтық өлеңдері талқыланған. Тек , қазіргі білім сапасын көтеру үшін, Мағжанның «Педагогикасын», Қ. Имантайұлының алгебрасы сияқты оқулықтарды пайдалануды білім саласындағы шеңділер әлі де түсінбей жүр. Тіпті, көптеген деректер жоғалып жатуы да мүмкін. Бұны, Ташкендегі мұраның қақпасын аша алмай жүрген Орынай апайымыз түсіндірді. Негізі Ташкен қаласы қазаққа тиесілі. Ұлы тұлғалар қазақтың тағдыры үшін еңбек сіңірген жерде, тарихтың қазаны қалып қойған. Қол жеткізе алмай жүрген Орынай ханым: «Ана бір күні бірдеңе өртеніп еді. Бірге кеткен шығар деп бермей отыр. Беттері бүлк етпейді» дейді. Сондықтан мектептегі білім беруді де түзеу керектігін жасырмады. Мысалы, оқушылар Исатай мен Махамбетті тек батыр ретінде көретінін жоққа шығармады. Отаршылдық саясатты қолдаған қазақ хандарына қарсы шыққаны терең түсіндірілмейді.
-Қазір әлемде «тіл әуезді болу үшін не істейміз?» деген проблема көтеріп жатыр. «Ал, қазақтардың даласы ән айтып тұрған сияқты» дейді өзге халықтар. Оның құпиясы - біздің тіліміздің әуезділігінде. Оны терминнің атасы Ахмет былай айтады: «Шамалы мен шанышқы сөздерінің қайыссы әндетіліп естіледі? Әрине шамалы. Өйткені ашық дауыстылар көп. Ал, шанышқыда қысаң дауыстылар бар. Екі дауыссыз қатар келген жерде ,сөз ұшпайды. Сондықтан, қазақ тілінде екі дауыссыз қатар келмеуі тиіс. Сол үшін, үммет сөзін арабтан аударғанда үмбет дейміз. Молла-молда, сәлле-сәлде. Махмұдәли-Мәделі. Алла емес, Алда разы болсын деп үлкендеріміз айтатын».
Осының бәрін айтқан, тіл жанашыры тақтаға ақ бормен айқырып жазып тұрып, санамызға құйды: «Ләззат емес, ләззәт. Махаббат емес, махабат. Театр-тиатр, съезд- сійезд, керуен-керіуен, байиды-байыйды, полиция-пәлетсе» деп жазу керектігін айтты. Қалай дыбысталады, солай жазылу керек. Х.Досмұхамедұлы «и» әріпі «е» мен «і-нің» қосындысы, «қ» мен «к», «ғ» мен «г» бір таңба екенін тар заманда зарлап айтып кеткен. Бертін келе, профессор Ә. Жүнісбек: «и» әріпі 60% «е» , 40% «і» екенін дәлелдеген. Қарап отырсақ, ғалымдарымыз дәлелденген нәрсені дәлелдеп , көк тер боп жүр. Неге жиылыңқы, сойылыңқы, қойылыңқы әрі дауыссызы да үндесетін уәжі бар жүйені қабылдай салмасқа?
- Орыстар человек сөзін люди, ребенок - ті детиге ауыстырады. Ч қайда, в қайда түсініксіз. Ал, қазақ «ек» сөзін алып, егінші, егістік, егу деп оңайлатады. Сол үшін Ахмет: «бала тіл үйренгенде ойнап отырып үйрену керек» дейді. (Суретте мысал көрсетілген) А-ا , р-ر , з-ذ. Қараңыз, а - деп аузымызды ашамыз, р деп ырылдаймыз, з деп ызыңдаймыз. Үйренетіні үш әріп, түсінетіні - мол. Мешіттер де арабша жазылған сөздер өрнек секілді көздің жауын алады. Төте жазу да дәл солай. Сол үшін Ахаң тек артикулицияны ғана емес , көркем жазуды да ескерген.
Орынай ханым, тіпті қайын жұртындағы мына бір оқиғаны айтып берді. Әулеттің үлкені ғұсыл құйынып, бір ақ орамалға оралған кітаптарды парақтайды екен. Апамыз, білімге қызығып, артынша ол да тазаланып, орамалды ашып қалғанда төте жазумен жазылған кәдімгі Абай сынды ғұламалардың еңбектері екен. Ашқан сайын үгітіліп жатқан беттерге қарап, іші қыз-қыз қайнапты. Яғни, «латынға төте әліпбиді айырбастамайық» деп жылаған Ахаңның себебі осында болып шықты. Көптеген төте жазудағы кітаптар кей қазақтың үйінде Құран болып тұр. Өкінішті.
Дәрісте Батыс елдерін де талқыладық. Мысалы, көз ауруының бәрі Еуропадан шыққан екен. Өйткені олардың жазуы - бойы бірдей таңбалар. Ал, төте жазу - сурет. Көзбен қарасақ, төте жазуды қабылдау миға, көзге кері әсерін бермейді. Ал ағылшын тіліне «Q» әріпін латын тілімен «қ-к» деп егіз қылсақ та, баланың ұғынуы қиын. Сосын шетелдіктер секілді -қ, -ң , -р , -ғ әріптеріне сақауланып жүреді.
Әрине, дәрістің бәрін бір мақалаға сыйғызу мүмкін емес. «Біз базардан кетіп жатырмыз. Сіздер енді келе жатырсыздар. Академик Рәбиға Сыздық дүниеден өтті. Біз секілді ешкімі жоқтар, өмірден кетсек, бізді кім іздейді? Тіл лингвисткасын кім насихаттайды? Біз - соңғыларымыз. Сабақты аманат деп біліңіздер» деген түйіні көкейіме бүін сияқты болып сақталды. Сондықтан, ардақты оқырман, ол кісінің дәрістері ғаламторға толық жүктелді. Таза сөйлеймін, мөлдір жазамын десеңіз, мархаббат. Орынай ханымның дәрістерін қарап шығыңыз!