Атырау қаласы, Жұбан Молдағалиев көшесі, 29 «а» үй +77757206599 +77786810499 gzada66@mail.ru

Сәрсенбай ӘЛИЕВ: «Көркемөнер және талғам»

 1978 жылы Алматыдағы Орал Таңсықбаев атындағы (бұрынғы Н.В.Гоголь атындағы) көркемөнер училищесін, 1985 жылы Т.Жүргенов атындағы театр-көркемөнер институтын (қазіргі өнер академиясын) бітірген. 1986 жылдан алғашқы еңбек жолын дыбыс жазатын «Мелодия» студиясында пластинкаларды көркемдеуші редактор жұмысынан бастаған. 1990 жылдан Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. 2005 жылдан бастап, Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық университетінде аға оқытушы болып қызмет атқарды. 2013 жылы Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен мараптталды. 2014 жылдан бастап Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық университетінің қауымдастырылған профессоры. 

      
  Балалардың эстетикалық талғамын қалыптастырып, дамыту ісіне ерте бастан назар аударған жөн. Ал, қоршаған ортадағы үйлесімді көре білуді үйрететін, cұлулыққа құштар ететін бірден-бір құрал – өнер. Алғашқы қауымдық құрылыстан бастасақ, адамзат баласы ең бірінші өнерді үйренді. Өздері аулаған жануарлардың бейнесін үңгірлерге, тасқа қашап салды. Сүйекті тесіп, дыбыс шығаруды үйренді. Отқа темірді балқыта жүріп, бертін келе алтын мен күмістен бұйымдар жасады.
   Дүниеге келген жас сәбидің бойында ата-бабалардың алғашқы қауымдық құрылыстан бастап өткен осы өсу жолы сақталады екен. Балалардың кішкентай кезінен-ақ сурет салуды ұнататыны, естіген дыбысты айнытпай қайталай алатыны да - осыдан. Баланы қабылдауға арнайы үйретпесе, есейген сайын қабылдау шеңбері тарылады. Бұл үйрету негізгі екі үрдісті, яғни,  байқау мен жалпылауды жетілдіруге бағытталуы қажет. Талдау затты дәл тануға бағытталады. Яғни, қандай ағаштың қандай күйде тұрғанын ерекшелей білу. Кез келген талдау бүтінді жалпылап, тұтастырып қабылдай білуге әкелуі тиіс.


  Балалардың байқағыштық мәдениетін қалпытастыру үшін мұғалім оқып-үйренуге тиісті тиісті нәрселерді алдын ала жоспарлайды.
   Ол үшін көрмелерге, сәулет өнерінің мұражайларына апарып таныстырған абзал. Сондағы көргендерін айтып, өз ойларымен бөлісу де маңызды. Оқушыларды жатық сөйлеуге, жанр түрлерін ажыратуға үйрету эстетикалық және рухани байлығын жетілдіреді.


   Мен өзім балаларға арналған мектеп-интернатында көркем қолөнер шеберханасында сабақ беремін. Аталған шеберханада балаларды кішентай кезінен сурет салуға баулиды. Эстетикалық талғамды қалыптастыру адамның көніл-күйіне, мінезіне байланысты. Айталық, көркем сөзбен картиналарды адам іштей бағалап, ұнағанына қуанып, ұнамағанына реніш білдіреді.Егер адам мұндай көңіл күйіне түспесе, эстетикалық тәрбие   пәрменсіз болатыны түсінікті.