Мен бүгін өтіріктен арқан естім,
Қырық жыл қатып қалған қарды кештім.
Мұртына шегірткенің қасқыр байлап,
Дегенде өлдім-талдым, әрең шештім.
Мен өзім кішкентайдан торғай бақтым,
Тамақты көп жейді екен, зорға бақтым.
«Әкем-құмай, шешем – барыс»деп мақтанды,
Ұшырып ем, мекенін шыңнан таптым.
***
Өгіз билеп өкіріп,
Ән салады секіріп.
Уызға тойып кекілік,
Би билейді секіріп.
***
Қоян аулап қасқырды,
Құмырсқаны ат қылды.
***
Қарға қуып бүркітті,
Аң патшасын үркітті.
***
Сәбіз өсіп ақ қарда,
Қоян жеді ақпанда.
***
Орманға мысық бастық боп,
Арыстан оған жастық боп.
Мысық әбден ерледі,
Жеңісті қолдан бермеді.
***
Тышқан жеңіп жолбарысты,
Шегірткелер таң қалыпты.
***
Бақа аулап балықты,
Сыбағасын алыпты.
***
Үй салып жүр тауықтар,
Ас пісірді балықтар.
Көмектесіп, жалықпай,
Аю да жүр қалыспай.
***
Бақа аулап киікті,
Тау басына үйіпті.
***
Сауысқанға жүк артып,
Инелікке сүйреттім.
Қасқырға қой баққызып,
Мысыққа шөп шапқыздым.
***
Тау көтеріп тышқаным,
Келе жатыр қыңқ демей.
Міне, батыр дедік біз,
Тау көтерген Толағай.
***
Өзеннің суы қайнайды,
Қасқырды тышқан аулайды.
Еріккеннен шегіртке,
Жолбарыспен ойнайды.
***
Ғарышқа ұшып барамын,
Жұлдыздарға қонамын,
Ғарыштағы достарға ,
Сыйлық жасап қоямын.
***
Орманда жүрмін күн кешіп,
Арыстанмен тілдесіп.
Бастығымыз -Жолбарыс,
Гүл тереміз қолдасып.
***
Қоян қуып қасқырды,
Ұстап алып састырды.
Шыдай алмай,
Қасқыр да бақырды.
***
Пыс-пыс етіп мысығым,
Үй салып жүр пысығым.
Алысты да барлайды,
Аңдарды да аулайды.
***
Балыққа мініп ап,
Айға ұшып барамын.
Ауада қалықтап,
Жұлдызды санадым.
***
Шай ұсынып күн маған,
Ай әңгіме айтатын.
Сырын айтып сан жұлдыз,
Қуанып бір қайтатын.
***
Гүл өсіріп бізге кеп,
Ай күлімдеп отырды.
Күн жымиып ақырын,
Сары қымыз сапырды.