Атырау қаласы, Жұбан Молдағалиев көшесі, 29 «а» үй +77757206599 +77786810499 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Ақкүрең БАҚЫТ: «КҮЛІМКӨЗІМ» Әңгіме

Асыл - сап-сары, көкшіл көзі тостағандай үлкен, қыз біткенің ханшайымы. Көңіл қуаты, көз жұбанышы. Талдырмаш,  инеліктей  қыз. Әкесі әскери адам   болған соң,    үнемі көшіп-қонып   жүрген    жанұя.
Асылды көру үшін он жеті шақырымды жаяулатып, ауылымызға  жиі  келетін менің  үлкен  ағамның  баласы - Өмірбек.
Қоршаған шарбағы жоқ жалғыз ауыл болса, сол - біздің ауыл.
Асылды тосып, тақтайдай тегістеп  жинаған жыңғылдың үстіне шығып алып, жалғыз өзін қасқыр жейтіндей, қасында жүр ауылдың бар баласы. Кіл пілдей, бойы қарағайдай дәу қара. Бізді боқмұрын деп, маңына жуытпай, шаңды теуіп қуып салады ғой. Бірақ жұмсағанда бір ысқырықпен шақырып алады. Бармай гөр.
Өмірбек Асылдың жанына батылы жетіп бара алмайды. Діңкесі құрып, бүкіл ауылдың иттерін шуылдатып, мойны салбырап кетіп бара жатады. Сондағы түрін көріп кейде аяп, кейде обалы жоқ   деп,   жек    көріп кетемін.
Асыл жанынан өтеді. Тіл қатып, амандасып сөйлесу жоқ. Жер шұқып тұрғаны. Жуастығын-ай, бұның! Екі қыз жанына келсе, басын жерден көтермей сілейіп қалады. Атылып тұрған он ұлдың ішінен шыққан байғұс бұл. Майлы топыраққа батып, жер шұқып, әне, кетіп барады.
Айқайға басып үлкен жеңеше кіріп келіп, кірпігі қайқы, сұсты, сөзбен жайпап тастайды.
-Әй, тұқымы көбейгірлер-ай! Ана ұзынтұраның келуі жиіледі ғой. Бұнымен сөйлескен жан бар ма? Өй, бір атадан туғандар!
- Тумамыз, білеміз   ғой.  Төбешікте  отырады. Кетеді. Шаруасы бар болып тұр   ғой.
- Бар болғыр! Күнде келіп, кетіп жүре бере ме? Аяушылығы жоқ, оңбағандар! Ұзынтұраны сөйлетіңдер. Шаруасын біліңдер. Бұ осылай   жүре   бере  ме? Түрің бар болғырлар, сатырлатып қуып шығайын ба?
- Біздің кінәміз не, осы? Ішімдегіні тап деген  бәле ғой.
- Әй, сен сұра! Шақыр жаныңа! Сөйлес, мың болғыр!
Шай-пай бітті. Елдің бәрі «айқайшы шешей» деп әңгімені қысқа қайырады.
Біздің үлкен жеңеше де, тыныш жүрмейді. Жұртты түгендеп қайтеді осы? Алты ай қатынасын, онда тұрған не бар? Асылдың теңі емес ұзынтұрасы. Біздің шай қалып, бәрі қозғалып тұра бастады. Тыныштықты бұзған айқайшы жеңешенің ұзынтұрасы бар болғыр.
Кеш түсіп, төгілген қою қара шаштай сығалап, қызғылт түсті көйлекті күн еңкейіп барады. Көл жағасында мүлгіген тыныштық. Еңкейген күнді шығарып салуға асыққан сұңқар көкте самғап қимай жүр. Жұмыстан қайтқан колхозшылар ауыр жұмыстан шаршағаны көрініп-ақ тұр. Жүрістері өнбей, әрі-бері теңселіп кетеді. Шаршағанымен, жүздері жайдары. Күн батып бара жатқаны, тағы бір   күн өтті-ау  деп, іштей қиналғаны сезіледі.
Ауылдың таза ауасы қандай тамаша! Жанға дауа. Жұмыс пен ауыл арасы - он үш шақырымдай жер. Бақыт тауының етегіндегі соқпақ жолға келіп, адамдар шаршағанын ұмытып, еңсесін көтеріп, адымды қарыстай атып жүрісті тездетеді. Манағы сүйретіліп келе жатқан адамдар ұйқыдан оянғандай.
-    Өтіп алайық. Жеті періге келіп қалдық, - деп, жылдам-жылдам сасқалақтап қалады. Былайғы жұрт жеті періге сыйынып, зиярат етіп барғанымен, кештетіп таудың жанынан өтуге жүрексінеді. Пері жеті қыздың елесі Бақыт тауын қорғап жүреді - мыс. Бақыт тауының тұсынан тіпті  аң да, құс та сирек кездеседі.
Жүрегі алып ұшып жол тосып жүргені көрініп-ақ тұр. Есіл-дерті қолындағы сағатына мың сан қарап қойып, әндетіп те алады.
Ауылдың шеті - биіктігі 300 метрдей тау. Таудың етегі - сары шеге құм мен шиыршық майда тас, оң жағы - тоғай, сол жағы- Күйік көпір. Қасиетті жер, Бақыт тауы және жеті пері қыздың басы, ауылдың іргесі.
Асыл үнемі күліп жарқылдап жүргені ұнайды. Қабағы түйілгенін көрмедім.
Төбеге шығып, төңірекке көз тастаңыз.
Анау ағыны қатты-жынды су. Су арнасына сыймай жан-жағын шайпап өтеді. Жолындағы сексеуіл мен жыңғылды тамырымен қопарып алып, ағыны қатты су доптай домалатып келеді. Жертөле су астында қалып,  қора-қопсыны малымен ағызып, елді әуре сарсаңға салып, талай қақсатқан. Адам да, мал да кетті. Көнеден жынды су арнасына сыймай, бұрқырап тасып жатады екен. Қанжап, Қызкеткен, Күйік көпір аталуының өзі жойқын күштің иесі екендігінен дәлел беретіндей. Биіктігі 300 метрдей сырлы тау- Бақыт тауы. Бақыт тауының іргесінен шойын жол өтеді. Ауылдың күнкөріс көзі - станция. Шойын жол бойында - қызу тірлік. Төбеге шық, айналаға көз таста. Ирелеңдеп жатқан - шойын жол. Анау жолдағы шұбырып жүргендер - бота-тайлағымен біздің ауылдың адамдары. Бала арбасының ішінде бәрі бар. «Я, алла!» деп арбаны толтырып шығып, кеш бата арбасын сүйреп, өзі де әрең дегенде сүйретіліп үйді-үйіне қайтады. Осы қатындар кімі көжесін, кімі мантысын қай уақытта пісіріп-түсіріп үлгеретінін ит білсін. Күндегі тірлік-осы. Біздің ауылдың адамдары ұйқыны ұмытқанымен, көпке мазақ болған, гербі бар жемпірінің түсі өзгергенімен, жаңарғаны шамалы. «Еркекті табыс табуға жаратты» деген сөздің астары тереңде ғой. Мың қатын арбаны сүйрегенімен не арбасы, не лыпасы өзгермеді.
Көк шай сатқан бала, шекілдеуік сататын әже, тары сататын көрші. Төбеге шығып алып, мосфильм көргендей боламын.
Асыл да, мен де - төбеге жиі шығамыз. Мен далаға қараймын, Асыл пойызға қарап телміріп қаламыз.
Жаздың шуақты күні бізде өртеніп, қайнайды. Майлы, бор топырақ ериді, сәскеде жүрек қысып, ыстық бетті күйдіреді.
Біздің ауылдан ақ-сарыны саусақпен санап  аласың. Күн астында жүріп, ажарын ұрлатып алған көбі.
Жусан бітік өсіп, иісі мұрынды жарып тұр. Жусанның иісін-ай! Пойыз жар салып айқайға салып келеді. Күндегі уақытта Асыл да төбеге шығыпты. Асылды төбеде көргеніме қуанып, қайта туғандай болып отырмын. Ұзағымен жарты сағат бойы ығы-жығы, ерсілі-қарсылы жүрген адамдар.
Тракторшының баласы Омар - Ташкентте оқуда. Асыл Омарды күтіп жүр- ау, осы.
Асыл кештетіп келеді. Мен де келемін.
Жел күшейіп, борпылдақ топырақ ұшып, айнала аппақ шаң. Асыл мазасы қашып, көйлегінің етегімен ойнаған желге ашуланғандай. Үйге жеткенше асығып келеміз. Күнде бір елі қалмай жанында еріп жүрген маған бір бұрылып қарамайды ғой. Өзімен - өзі.
Өмірбек пен Омарды екеуін де жынды суға салып жіберсең ғой.
Асыл- пысық қыз. Тірлігін ерте бітіреді. Ісі тындырулы.
Асылдың үйі - кәрі нағашымның үйі.
Қызғанышым ішке толып кеткендіктен бе? Асылмен бірге нағашымның үйіне бардым. Өмір бойы көлеңкесі болып, күн сәулесінен қорғап жүрсем ғой. Шойын жол бойындағы қара қатындардай болғанын қаламаймын ғой.
Асыл төргі бөлмедегі кереуетке қисая құлады. Сығылап қарап қоямын.
Ажар жеңешенің қою күрең шайы бұйырып, сары май мен бөлке нанға тойып алдым. Асыл орнынан қозғалмады. Шіркін, бәріміз бірге отырып шай ішкенде ғой!
Бәрі бір- бір жастықты құшақтап алған ағалардың қасында емін- еркін дәу бала болғандығымды сезіп, мен де бір жастықты иемдендім.
Түн есігін ашқанда, мен де үйге келіп, Асылды ойлап ұйқыға кеттім
Түн тыныштығының іргесі сөгіліп, тұс-тұстан, бөлшек-бөлшекті қуалай шұғылалы жарық түсіп, аз-маздан сай-салаға да жарық көзі шашырап түсіп, еніп жатты.
Тыныштық пен жалғыздықты серік еткен түн ұрын келген күйеудей кетіп барады. Жаратушының құдіреті шексіз ғой, жарқ етіп, тірлік ұйқысынан оянып, жер керіліп сілкініп жатты.
Ажарлы жүзі бөртік басқан бидайдың піскен масағы жарық түскенде ұялыңқырап, әрең бойын тіктеді.
Алтын түс көзді қамастырып барады. Жұпар иіс, сиқырлы иіс тарап барады. Оянған орман құстары сап түзей шеңбер бойлай билеп, масайып қалғандай қанаттарын көкке сермеп қояды.
Асыл шошып түсті. Кереуерт сықыр етті. Асыл жалғыздықтан қашқандай, үйден атқып шықты. Оңаша қалуды қаламайтын. Қалың ойдың жетегінде жүр.
Омар-студент. Әкесі-тракторшы, анасы-сауыншы. Қарапайым еңбектің адамдары. Анасы Қаламқас, кірпияз жан. Таң алагеуімнен фермаға барады. Шелегі де, халаты да, өзі де таза. Сөзі жоқ, даусы шықпайды. Шешесінің көзінің ағы мен қарасы, бар үміті Омар- көңілді, еңбекқор бала.
Қаламқастың тілегі:
- Я Алла баламның жамадығын көрсетпе. Адал болғай. Келін адал болсын. Іштей сансыз қайталап, фермаға қалай жеткенін білмей қалды.
Ана ғой баласын ойлап, қызу еңбекке де араласып кеткенін байқамай қалды.
Ауылдың екінші бір шетінде Асыл қыз да Омарды ойлап, амандығын Алладан сұрап тұр.
Бірі кексе тартқан- әйел, екіншісі- құлпырған қызғалдақтай талдырмаш қыз-Асыл.
Адалдығы, еңбекқорлығы көрініп тұрған Омарды екі  әйел ғана емес, тегіс ауыл сағынған екен.
Араға күн салып, ысқырып жеткен пойыз Омар мен бір топ жасты ала келді
Айға жуық ауылды шаңдатып жүрді. Иә, ауылға жаңа леп кіргендей болды.
Гитара мен домбыра үніне бүкіл ауыл мас болды.
Шеттерінен бәрі де өнерлі балалар екен.
Күндіз құс фермасында еңбек етіп, ауыл тірлігін ауыл адамдарымен бірге сүрді. Өздері еңбектен қашпайтын, еңбекке піскен екен.
Жарқылдап тұрған жалынды оты бар балалар, жұрттың бәрін сүйсіндірді.
Таң атқаннан тірлігі басталып, ымырт түссе сылқия құлайтын колхозшылар мен арба сүйреген саудагерлер, жастардың әнін тыңдап түн ауғанша кірпік  қақпайтын болып алды.
Ертең де тірлік бар демей, жастармен бірге болды.
Ала жаздай жастардың арқасында кештер көңілді өтіп жатты
Бір елі жанынан қалмайтын сыңары-менмін. Асыл көз қиығын салмайды десем, мұным қате екен.
Кәрі нағашымның үйіне қарай жиі барамын. Асылды көргеніме, дауысын естігеніме қуанамын, шаттанамын.
Асылдың раушан гүлдері бар, ақ теректей жайқалып өсіп тұрған. Таң атты дегеннен гүлдің  жанынан табасың.
- Тоқта, тоқта, кім бар жанында? Дауыс ап- анық естіліп тұр. Асыл мен раушан гүлдер, басқа пенде жоқ. Әй, сонда гүлмен әңгімелесіп жүр ме?
- Омар, көпке ұқсамайды ғой, білемісің?
Сездім. Іште бұлқынып жатқан сезімді тұншықтырып өлтіргім келді. Бар махаббатымды оқуға, жұмысқа төгу керек деп те шештім. Қалай сөндірейін. Қызыл отқа түскендей көңіл жанып тұр. Көңіл Омарды күнде сұрайтындай. Білгім келеді. Көргім келеді. Ал, мендегі күй саған таныс па? Дос таппадым, айтатын. Таң атып, сендерге келемін. Түрі жақсыдан түңілме дегендей, сондай сұлулық иесі болғандықтан, сендерге айтайын. Тілі жоқ достарым- ай! Мендегі күй таныс па еді, сендерге? Күшім жоқ. Омар ортада жарқырап тұр. Омар маған ұнайды.
- Құдай-ай, Омар маған ұнайды дей ме? Мен мектепті бітіргенше, ғашық болмай, оқуыңды оқып жүрмеймісің?
Жанына барып, айтқым, бәрін ақтарып салғым келіп-ақ тұр. Анау сүмірейген Өмірбек сияқты менің де жағым қарысты. Аяқта діріл бар. Көзіме жас толып кетті.
Екі күннің бірі-жаңбыр. Кеш түсті дегенше, көкте бұйра бас бұлттар қаптап, күннің жылауық баласындай бұртиып алып, қабағы  жиырылып   қалады.
Күннің батқанын тамашалап отыратын Асылдың көңіл күйі болмады. Күліп жүретін Асыл тұнжырап тұр.
Асыл құлпырып тұрған тау қызғалдағындай. Дауысы да, жүрегі де сондай нәзік.
...Иә, бір жеті төккен еңбек зая кетті, десеңші.
Нөсер бар егінді шайып кетеді- ау, осы.
Иә, біздің ауылдың адамдары да, ауылдың табиғаты да бөлектеу.
Ой мен ұсақ шоқылардың арасы бес шақырымдай жер болғанымен, екі түрлі әлем.
Ауылдың төменгі тұсы- жасыл желек, ал шоқыға қарай көтерілсеңіз ғажап- ақ құм. Асыл мен кәрі әжесі екеуі жазда ақ құмнан шықпайды. Алты ай қыстағы суықты алады деп, мосы мен күректі алып ақ құмға кетеді. Әрине, құмға түскен адамға ерекше күтім қажет. Мидай өртеніп тұрған далада - екеу.  Біреуі мосы жанында қалған қарауыл, екіншісі- кәрі әже.
Әжесі сол жатыста өкінеді, баладай жылап та алады. Тыңдаушысы Асыл. Әжесінің пікірі бес минут сайын өзгеріп тұрады.
Бірер минутта оқу керектігін айтып жатты.
Мен пақыр қуанып тұрдым. 
-Айта түс, тағы айтып- айтып жіберсеңіз, әжетай,- деп қуанып тұрсам! Не дейді? Кәрі кемпір, ә дегенше өзгеше пікір айтып жатыр:
- Күйеуге ти. Омар құлдық, жақсы бала, - деп, айқайлап сөйлеп кеткені.
- Әже, таң қаламын өзгергіштігіңе! Болмайды ғой, болмады ғой. Әже- ау.
Әжесі ұйықтап қалды ма екен? Әне, аяқты сермеп-сермеп Асыл жүр.
Қандай әдемі қыз, ә?!
Жылжымалы орындыққа отырды.
Орындықты алып, көлеңке іздеді-ау. Орындықты тағы өзгертті
Мен де ыстық құмда ұйықтап кетіппін. Біраз уақыт болыпты.
-Әй, әй, - деп моспен түртіп тұрған екеу... Қорқып кетіп қарасам, кәрі әжей мен Асыл төбемде  тұр.
Асылдың дауысы қандай әдемі, жағымды. Күліп  маған  қарағанда,  жүрегім  жарылардай  болды.
Асыл қолыма  тас  шайнек  пен  мосты  берді.  Өзі  әжесін   жетектеп  келеді.
Қандай  сәт. Асыл  жанымда. Біз бірге келеміз.
Біз ауылға жетемін дегенше іңір түсті. Қайнаған күннің қызуы да сөнді. Міне, қызық. Манағы қапырық ыстық көшіп, суық жел жетті.
Күнімен ыстық құмға күйген екеу сыртқа шықпайтыны айдан анық қой.
Жылжымалы орындықтың  үстінде отырмын. Жанымда мосы. Тас шайнек. Үйден Асыл шығып:
- Мосты қораға, тас шайнек пен орындықты үйге кіргізбейсің бе? - деп, тіл қатуын күттім. Әй, мыналар дүние ғой. Үйден шығып, пысық Асыл түгендемей ме?
Күн ара келіп, кететін маған сенгені ме екен?
Әй, мен осы үйге күйеу бала болғым келеді - ай. Мені бала ғып алмайсың ба, ей?!
Бар даусыммен айқайладым.
Мен де Асыл сияқты іштегі дертімді төккім келді.
Атай жүгіріп шықты.
-Не дейді, әй! Біздің үйдің бір қызының қалың малын әлі төлей алмай кетіп еді атаң байғұс. Саған қыз жоқ. Мықты болсаң, атаңның қарызын төлерсің. Содан соң ойланармыз.
Мәссаған, қолында таяғы.
Ал, зыт енді. Жаның барда. Жүгіріп келем. Шаңды көшіріп келемін. Өкпемді қолыма алып, ұшып келемін.
«Асыл, менікі!» деймін.
Қызық, ертең кәрі нағашыма қалай барамын? Неге айқайладым. жындылық қой мынау! «Жынды суды көп ішкеннен жөн сұрама, балықтың миын жегеннен ақыл сұрама» деп мақаалдайтын Мойнақтан келетін нағашым. 
«Асылды енді қалай көремін? Бетіне қалай қараймын?» деген ойларға қамалып жатып, ұйықтап кетіппін…

Асыл- сап-сары, көкшіл көзі тостағандай үлкен, қыз біткенің ханшайымы. Көңіл қуаты, көз жұбанышы. Талдырмаш,  инеліктей  қыз. Әкесі әскери адам   болған соң,    үнемі көшіп-қонып   жүрген    жанұя.