1980 жылы 27 қазанда Іле қазақ облысы, Шапшал ауданы, Жиренбұлақ ауылында туған. 2005 жылы Іле педагогикалық институтын қазақ тіл-әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. 2009-2013 жылдары «Іле кеші» газетінде тілші болған. Қазір Шапшал ауданында мемлекеттік қызметте.
КӨЛ БОЙЫНДАҒЫ ҚЫЗҒАНЫШ
Көл бойына ертіп бардым іңірде,
Көл бетінде толқын тұрған дірілдеп.
Жалынымды басайын деп шомылдым.
Сен жағада қарап тұрдың күлімдеп.
... Қаз-үйректер сабалады қанатын, .
Анау жақтан жылт етті адам қарасы.
Тани қойдым,
Ол да сені сүйетін,
Ауылдағы бір қойшы ақын болатын.
Кеудемдегі қызғаныштың иті үрді,
Сен де сезе қойдың бірден сиқымды.
Сені сүйген екі ақын – екі ішек,
Ортамызда шертілмеген күй тұрды.
Ол ұяңдау жігіт еді,
қысылды,
Амандасып қолын саған ұсынды.
Білегіңнен ұстадым да ап кеттім,
Көрсеткендей күндесіме күшімді.
... Бүгін сенен айырылғанда жаны нұр, .
Қиял кештім,
«Қыз дегеннің бәрі гүл».
Мәңгүрт емес,
Ақынға да қимаған,
Сол қызғаныш кеудемдегі әлі жүр.
ЖІГІТ СЫРЫ
Сезімдер мынау он сегіздегі,
Жырыма ғажап береді от .
Бұл күнде ата, сенсеңіз мені,
Тербейді өмір керемет .
Ер мінез, өжет гүл қыздарменен,
Еркелеп ойнап бірге өстім .
Содан ба кейде жұлдыздарменен,
Келер де тұрар тілдескім .
Іздерім жатыр
Іленің бойын,
Жағалай жатқан кемерде .
Ауылыма сосын жүрегім бейім,
Баулыған мені өнерге .
Келбеті көркем жатқан бұл аймақ,
Тентектеу жүрек берген бе?!
Албырттықпенен азуын басып,
Тулайды тұлпар кеудемде .
Көкірегі ояу адамдар білер,
Қайтейін бәрін ұсақтап .
Өлімнен өзге дүниені түгел
Сүйейін деймін құшақтап .
БАҚЫТ
Берді-ғой менің жүрегім сыздай,
Кейіді көңіл, өкпелі білем .
Бақыт-ай, бақыт!
Алкеуде қыздай,
Асаулығыңа жоқ па еді бір ем ?!
Мен сені іздеп аласұрғаным,
Басымды тауға, тасқа да ұрдым .
Балықтай ойнап қара судағы,
Мазақтап мені басқада жүрдің .
Сардалаларда сағым боп ойнап,
Кездесетұғын елес деп күттім .
Сағымды тауып осы-ау деп ойлап,
Ұстай алғанда емес боп шықтың .
Не едің, сірә,
Қыз деуге сені
Жасқана берем
(оны да көргем.) .
Жаралған ба едім іздеуге сені,
Арманым ба едің сорыма берген ?!
Сайтан мінездім сорыма бітсең,
Жырғағаны да «көпес төренің.» .
Қашқақтап жүріп қолыма түссең,
Келістіріп бір төпештер едім !
ЖЕТІМ БАҚЫТЖАН
Жетім өскен жан екен бала жастан,
Ұлты мен ұлысына қарамастан .
Біздің ауыл әлпештеп өсіріпті,
(Мейірімді халық қой қазақ асқан.) .
«Бақытжан» деп ат қойып беріпті оған,
Кетті дейді қазаққа көніп содан …
Әжелердің қолынан айран ішіп,
Тақылдапты шалдарға беріп сәлем .
Сәулет пенен дәулетке алданбаған,
Кезі емес ол ауылдың арзандаған .
Менің де апам басынан көп сипапты,
Көп жыл бойы бір ұлды армандаған .
... Ұмыт қалып жетімдік, ашыққаны, .
Алдан күліп атыпты бақыт таңы .
Әлі күнге алқайды қараша ауыл,
Қазақ сынды қайырымды Бақытжанын .
Кейін біліп кетсе де «тапқан елін» .
Шын сағынып кеп жүрді баққан елін .
Арқа-жарқа мәз болып күлуші еді,
Қара шұнақ… бауырының ап сәлемін .
… Өзім тап боп жүрсем де тшырғалаңға,
(Өшпес мейірім, сірә, бір бар ма қанда?)
Күллі Құлжа жетімін жиып алып,
Ауылға алып кеткім бар халық аманда .
ШЕШЕМЕ
Табанымды жүргем жоқ отқа қарып,
Көргемін жоқ әлі де жоққа налып.
Алқам-салқам әкемнен аумай қаппын,
Адамдығы- жүретін соқпағы анық .
Жүрегімді жұлдызға теліп көрдім,
Ащыны да, тұщыны еміп көрдім .
Ауылымдай байсалды мінезіммен,
Жақсы-жақсы жандарға серік болдым .
Арманы әйбәт ініні бауыр еттім,
(Қадамынан сезген соң тәуір екпін.) .
Жауым еткім келмейді ешкімді де,
Ақын болғым келеді... Жанып өткім .
Оған шамам келетін сияқтанған,
Сенен мейірім, жақсылық, ұятты алғам .
Әкеме айтшы, бір ақын шықса, кәне,
Ауылдағы момын ел - Қияқтардан .
Қумады деп тіршілік налымағын,
Ебім келмей жатса оған неғыламын .
Есім кетіп өнерге ғашық болғам,
Жақсылықтың тауынан табыламын .
… Сөз қалмасын ертеңге жолданбаған,
Ұлым осал болды деп қорланба, анам!
Мені сүйген бір қыз бар жаны аяулы,
Дәл өзіңдей мейірімді ол,
Қормал маған .
ЖИРЕН АТ
Қызықтырған алыс ел, жақын елді,
Біздің үйдің бір жирен аты болды .
Әкем қойға,
Әжеміз тойға мініп,
Көкпар шапқан ағамыз асыл өңді .
Көзінен нұр алаулап сол ағаның,
Кіруші еді-ау құйылып додаға мың .
Жирен мінсе ұмытып кемтарлығын,
Қызғана да қарайтын оған әркім .
Көкпар тисе тоғайға, суға салып,
Нуға кіріп, сұр бұйра құмға шауып .
Жалғыз алып келсе ағам сол лақты,
Әжеміз де қалатын бір жасарып .
Сол жиренді бір түнде ұры әкетті,
Жымын жауып, жасырып, бұра әкетті .
Қанатындай көретін ағам оны,
Бір жыл бойы іздеуді мұрат етті .
Бізге қымбат жиреннің нарқы бар-ды,
Жирен атсыз Кемердің халқы қалды .
Қанатынан қайырылып, қайран ағам,
Санатынан айырылып жалқы қалды .
Онда бұндай толғанар шамам бар ма?,
Кекті болдым сол ұры адамдарға .
Жалғыз аттың күйігі,
Жалғыз қолдың ...
Өртеп кетті, түсті ағам «жаман» жолға.
Солай,
Солай...
Солайша ішіп кетті,
Жирені ішке дерт боп түсіп кетті .
Көкпар шықса ауылдан
Тұрады ұзап,
Телмірумен жанарын қысып кекті .
Тұрады ұзақ айналып тас мүсінге,
Жүрер ме еді сол жирен ат үстінде?!
...Тонай берме-ей, барымды ұры уақыт, .
Мен де түсіп кетпейін «қатты ішуге.»
* * *
Сыйлас аға, сырлас інім шаһарда,
Іздеп барсам жақсы отырыс жасар ма?
Сағынғанмен сабыр қалмай соларды,
Құр күйбеңмен шыға алмадым сапарға .
...Өскен жігіт едім өлең – жыр сүйіп, .
Ауылдастар боп бара ма тым тұйық?
Жыр оқысам,
«бәрекелді!» деп айтпай,
Не даттамай отырады мыңқиып .
Тулап келіп түкпіріңнен бір сезім,
Көкіректен құйылғанда жыр селі .
Бақытыңды, шаттығыңды сондағы,
Тым болмаса жақындарың білсе еді! ...
Арзан сөзбен аздап көңіл көтерген,
Не жұбаныш таба аламын осы елден?!
Көңіл анда, өмір мұнда қойды өтіп,
Ақындықтан не шығарар екем мен ?!
ӘЖЕМНІҢ ҚЫРЫҚБАЙЫ
Кеудесінде кетті ме арман шырылдап,
Жарықтықтан қалды маған бір ырғақ ...
«Қырықбай»-лап бір мұңлы зар бастаушы ед,
Пеш түбінде отырып ап ыңылдап .
Ес білгеннен естіп өстім осы «әнді»
Қырықбайдан артық көріп атамды
Қиялдаушы ем :
«Махаббаты-ай! -деп, - кемпірдің!»
Сексенінде де сағынатын со «шалды» .
Жүргенімде жолдас қып сол өкпені,
Он сегіздің келді күліп көктемі .
«Қырықбайды» таныстырып,
Қуантты,
«Қыршын кеткен бауырың ол...» деп мені.
Мен сондағы балаң ойға мәз болдым,
Күліп жүрдім қуаныштан аз-кем күн .
Жазға салым жалғыз ағам опат боп,
Қаңтардан да қатты суық жаз көрдім .
Қара құйын соқтырғандай сонда әлем,
Қиын болды біздің үйге сол жаз ең .
«Қырықбайын» ұмытты да бір жола,
«Құлыным» деп зарлайтұғын болды әжем .
Бір-екі жыл жалғастырып сол зарын
Құлап тынды, күйік жұтқан қормалым.
Әлде кімге арнап өлең жазарда,
Құлағыма естіледі сондағы үн .
Кеудесінде кетті ме арман шырылдап,
Жарықтықтан қалды маған бір ырғақ ...
«Кәрілердің сағынышы-ай!» !
Деймін де,
Жыр жаза алмай отырамын ыңылдап .
АЙБҮБІ
Әкең кетті момын, жуас қалпында,
Шешең кетті әз, тәкаппар қалпында .
Тек сен едің екеуінің тағдырын
Ескерткіш қып орнататын алтыннан .
Ақ жүзіңді қайғы қажап, мұң еміп,
Жүруші едің салқынданып, түнеріп .
Сен едің ғой (мен білетін) пәк адам,
Кірлемеген тәні түгіл, жүрегі .
Бұрымыңды кеспей, қырықпай өсіріп,
Өруші едің жарты күнге отырып .
Сен едің ғой аңсамаған еркекті,
Тым болмаса кешігіп ...
Көрмегенің қандай азап сүйісіп,
Кезетінің тап-тар аула, үй іші .
Жындандырмай бір жігітті кетті ғой,
Анарың мен тамағыңның иісі .
А, Айбүбі өтпедің сен бұлғақтап,
Ай едің сен толық туған түнгі аппақ .
Жирендің бе үйде отырып, дүниені,
Кеткендігін байқағасын жын қаптап .
Назарыңа ілуші едің «інім›› деп,
Мазарыңа келіп тұрмын дірілдеп .
Пәктігіңнен қуат алсам қайтеді,
Нақ діліңмен тіл қатсаңшы күлімдеп .
Қайтем, жадау қу тірліктен безінген,
Сен бір бейбақ қан төгілген көзіңнен .
Бүгін Іле өксіп, налып ағып тұр,
Со бір жылы сені жұтқан кезіндей .
Сағынышқа шыдамаған мәңгілік,
Ару едің, өлдің жалғыз қаңғырып .
Мақтау сүйгіш мас жүрегін елдерге,
Ұсынумен
Әріпжан жүр дал қылып .
Жас бейіт тұр жел аймалап, күн сүйіп,
Анарыңдай қол тимеген тырсиып .
Бұл өңірде жалғыз ақын мен едім,
Ылғи жаурап жүретұғын бүрсиіп .
Саған мұнар, маған ашық күндерің,
Азабы мен қуанышын шын көрдім .
Менің тәтті балалығым, әпкем-ай,
Сенің қатты жүрегіңмен бірге өлді .
Мінәжәт қып келіп тұрмын мүрдеңе,
(ішпей, татпай бірдеңе.) .
Молаңызды аймалайды жел өксіп,
Сүйкімсіз жел - соғатын жел шілдеде .
ЖИРЕНБҰЛАҚ. СҰР КӨЖЕК
Жиегіңді жота-жота құм басып,
Жауырыңды жетім жиде тұр қасып .
Жиренбұлақ жылап ағып жатырсың,
Жан – жақтағы мұқыл шимен мұңдасып .
Жарайсың ба қасіретпен маған-ақ,
Бітер болдың жүрегімді жаралап ...
Тұзақ құрып келгемін жоқ сұр көжек,
Қашпа менен ақ теріскен аралап .
Бұқпа менен әлсіз жаның сауғалап,
Емеспін мен аңшы қазақ, дәу қазақ .
Кемігіңді кер ауызға сорғызсаң,
Ақын үшін одан өзге бар ма азап ?!
Тозып біткен жасыл түсі, реңі,
Бұл мекеннен жырақтамай бір елі .
Бұқпа менен бүлкіл қағып, сұр көжек,
Мекенімнің мейірімді жүрегі .
Жиренбұлақ аңсатады несімен,
Күйіп болдым соның күйік отымен .
Даңқын жырлап кетсем деп ем амал не?
Бұндай өлең жазғаныма ...
Өкінем!!!
ӘКЕМЕ
Түспейді екен асығы алшы қалай,
Жігіт бопты жасында қаршығадай .
Тоғыз құрсақ көтерген шешемізді,
(Тәубе, тәубе!)
Өтіпті қамшыламай .
Өскен ауыл, бесігі – Жиренбұлақ,
Шарапаты халқына тиген бұлақ .
Ерте үйлепті атамыз, содан ба екен,
Шықпағанға ұқсайды үйден де ұзап .
Оқысам деп талпынған екен дейді,
Қашам деп те көріпті шетел дейді .
«Ойбай, сені алысқа жібермен!- деп,-
Етегімнен алған қу шешең» дейді .
Арманының жеткізбей бірде-бірі,
Жүрсе де елге шақпайды мүлде мұңын .
Назаланып қалар деп қорқа ма екен,
Қызын сөгіп жатпайды, тілдеп ұлын .
Күрең шайын кеселеп ішіп алып,
Жұмысы ақсап жатса да, ісі қалып .
Аспан түсіп кетсе де қозғалмайды,
Шегіп болмай шылымын құшырланып .
Кіндігінен тараған тоғыз құлын,
Неге мақтан етпесін қоңырлығын .
Көршіменен ісі жоқ, қолаңмен де,
Сосын күлкі қылады ел момындығын .
...Қажытты ма бітпейтін шаруасы көп, .
Қабағында бұл күндер бар қасірет .
Ойланта ма тағдыры жалғыз ұлдың,
Тамыр-таныс, ағайын, андасы көп .
Әй, қормал әкем – ай!!!
ШАРАПАТ
Жететінін білмеймін қаншаға әлім,
Мен бақыт іздегеннен шаршамадым .
Құшақтап өлеңімді Құлжа келдім,
Алдымнан шығатындай аңсағаным .
Алдымнен шығатындай Қыдыр шалым,
Өрекпіді жүрегім – ұрыншағым .
Таршылыққа жолықтым, міне, ендеше,
Мұңлы өлеңмен көбейттім жырым санын .
Көрмей өскен жан едім жоқшылықты,
Өзегіме бұл қала от бүрікті .
Обалы не, сол кезде өлеңдерім,
Газет – журнал бетіне көп шығыпты .
Қамал бұзып, тау асып, сеңгір өтіп,
Сол күн бақыт басыма қонды жетіп .
Қара көзге жас парлап жыр оқыдым,
Ағаларды арыстай елжіретіп .
Сол күн Құлжа тұрғандай қырыстанбай,
Ән жалғадық ақ маңдай, күміс таңға-ай .
Көкке өрлеген қырандай шабыттандым,
Мұқағали мақтаған Тынышбайдай ...
Мен кешірдім Құлжаның сараңдығын,
Жақсылардың тілеймін амандығын .
Ағалардың ыстық-ақ алақаны,
Тигізсе екен шарапат саған да, інім .
БҰЛТТАР
Бұлттар, бұлттар,
Бұларда арман бар ма?!
Сыр ашады кештерге, таңдарға да .
Көк аспанда қалықтап, маңып келіп,
Омырауын ағытар заңғарларға .
Жер бетіне жақсылық сыйлайды олар,
Мөлдір тамшы саған да құйған болар .
Шексіз әлемге кетер ед шеру тартып,
Мына гүлзар дүниені қимайды олар .
Махаббатты үйрендім мен бұлардан,
Бұлттан туды, бауырым, мендік арман .
Мен жер бетін бұлттардай сүйіп өтем,
Өмірімді гүлге орап енді қалған .
Ғарышқа да кетпеймін талақ болып,
Мен бұлттарға сенемін санат көріп .
Өле қалсам құмдағы молама кеп,
Бусандырып кетеді шарап төгіп .
ҮЙСІНТАУ
Тасыңа, суыңа да табынамын,
Сүйемін сенде бардың бәрі-бәрін .
Өзгенің өзен-көлін мақтамаймын,
Аңсамаймын, сүймеймін,
Не қыламын ?!
Алтын деп, асқарым деп мақтамаймын,
Өзге елдің топырағын жастанбаймын .
Мен мынау өмірімді саған сеніп,
Ардың-гүрдің өткізіп жатқандаймын .
Ән-жырдың мекені деп айтамын ба,
Халқың талай түсіпті қайтауылға .
«Талай бала бүркітің көкке өрлеп жүр»
Байқадың ба тұғырым, байқадың ба?!
Аспаныңнан жауын мен ақ тамшылап,
Әшейін, қарапайым жатқан сұлап .
Қасиетті туған тау, бабам болып,
Налып жүрсем түсімде кет қамшылап .
Азапты мен бе екенмін арда емген ұл,
Жалғызбын, жеріп қапты бәрінен көңіл .
Шыбынның ызыңынан жүйкем тозып,
Шылымның түтінінен әрленбедім .
Мен көрген сұмдық аздай бұл өмірде,
Қыңсылап жатыр енді жүрегім де .
Сырт көзге ойсыз, мұңсыз көрінемін,
Қайғымды қан ғып жұтып жүремін де .
Үйленгем жалғыздықтан құтылам деп,
Басымнан қайғыны дүр ұшырам деп .
Енді кеп еңк – еңк етіп жылаймын да,
Мөлдіреп жалғыз өзім жұтынам кеп .
Көзімнен сезуші ең ғой көп мұңымды,
Әспеттеп, «ақыным» деп отты, мұңлы .
Жалғыздық жара салған жүрегімнің,
Әттең – ай, осалдығы кеш білінді .
Шақырып сандалып ем сені жанға,
Жарамның сенде ғана емі бардай .
Сен қайтып мекеніңе аттанасың,
Тастайсың, тағы мұңға мені қандай ?!
ТҮЛКІ ЫМЫРТ КЕЛЕР БҮЛКІЛДЕП
От қызды, бөлме жайнады,
Сыпырып қойғам әйбаттап.
Ызыңдап шәугім қайнады,
Шай ішем қазір қаймақтап.
Үйірсек болды ой маған,
Шылым да шегем жатып ап.
Жатып ап ұзақ ойланам,
Өткен күндерді бақылап.
Құйрығы, жоны қызарып,
Түлкі ымырт келер бүлкілдеп.
Содан соң жетер түн арып,
Өлеңге бүгін құлқым жоқ.
Әзір де жатып күлгем мен,
Тоқ болсаң күлкі жақының.
Өлең деп өліп жүргенмен,
Кім сыйлап жатыр ақынын! ?
Өлеңге киім келмейді,
Қалмайын осы жалаңаш.
Жазғаныңды ешкім көрмейді,
Көрсе де жөнді қарамас.
Айтып ед әкем өткенде:
(Өн-бойым сонда дір еткен.) .
«Жазушы деген көп пенде
Ауырады,- деп.- жүрекпен.»
Сонда анам мені құшақтап,
«Аман бол,-деген,- әманда!»
Әкеме ұрысты:
«Кітапқа,
Атың шықса да жаман ба!?»
Жақсы сөз осы әсілі,
Жақсы өлең- жақсы балам ғой.
Елімнен қайтем жасырып,
Туса жыр, бермей маған бой.
* * *
Қырғауыл- қызық қуып,
Тоғайдың арасында.
Жүргенде қызықтырып,
Өзеннің жағасында.
Бұлқынып бұла-жеңгем,
Бұлтиып омырауы.
Ағамен бауға келген,
Шаттанып шомылады.
Айлақта мен тұрамын,
Жүрегім атқалақтап.
Кетеді енді бәрі,
Жұмысқа – шаппа жаққа.
Ызғытып арман-керді,
Қиялға ерік берем.
Шат күлкі қалған жерді,
Қызықтап көріп келем.
Кішкентай жүрегімді,
Құрсаулап бір жат құмар
Ысықылап білегімді,
Дірілдеп «мұздап тұрам» .
Тамылжып тамыз айы,
Мен сонда кешіп мың ой.
Кеш білдім, не қылайын,
Есейіп кетіппін ғой.
* * *
Сен мені тағы алдадың,
«Пәленге тиемін!» деп.
Айттым ғой саған жаным:
«Тек сені сүйемін» деп.
Біржола кет демейсің,
Қарайсың сынап маған.
Өтірік өкпейсің,
Екі күн, бір аптаға.
Қылығың баладай нақ,
Соныңды ұнаттым ғой.
Халымды және абайлап,
Досымнан сұрапсың ғой.
Құрбыңа қасыңдағы,
Көрсеттің мені алыстан.
Не дедің?
Жасырмағын,
Не деді, ол дәнышпан?
Бейтаныс «күйеуіңді»,
Ойыңнан сызып қойғын.
Тек мені сүйеріңді,
Мен ептеп біліп қойдым.
* * *
Кездестік екі мәрте,
Кездерде бек көңілді.
Сездің бе, досым ерте! ?
Есейіп кеткенімді.
«Өзгеріп кетіпсің» деп,
Кейін де бір күлдің-ау.
Қайтесің шертіп, күндеп,
Не білдің, құрғыр қыз-ау! ?
Сүйеніп балдағыңа,
Сен кеттің арман қуып.
Мен мұнда қалмадым ба,
Тағдырым алдандырып.
Кештім ғой бұл өмірді,
Өзімді азаптап ақ.
Өзгертті жүрегімді,
Ит тағдыр қажап-қажап.
Сосын да ақын болдым,
Өлең де өзімсінді.
Жандарға жақын болдым,
Жүрегі өзім-сынды.
Кездерде мұң-қайғым көп,
Жанымды азат қылдым.
Бақытын жырлайын деп,
Өзіңдей қазақ қыздың.
КӨЛ БОЙЫНДАҒЫ ҚЫЗҒАНЫШ
Көл бойына ертіп бардым іңірде,
Көл бетінде толқын тұрған дірілдеп.
Жалынымды басайын деп шомылдым.
Сен жағада қарап тұрдың күлімдеп.
... Қаз-үйректер сабалады қанатын, .
Анау жақтан жылт етті адам қарасы.
Тани қойдым,
Ол да сені сүйетін,
Ауылдағы бір қойшы ақын болатын.
Кеудемдегі қызғаныштың иті үрді,
Сен де сезе қойдың бірден сиқымды.
Сені сүйген екі ақын – екі ішек,
Ортамызда шертілмеген күй тұрды.
Ол ұяңдау жігіт еді,
қысылды,
Амандасып қолын саған ұсынды.
Білегіңнен ұстадым да ап кеттім,
Көрсеткендей күндесіме күшімді.
... Бүгін сенен айырылғанда жаны нұр, .
Қиял кештім,
«Қыз дегеннің бәрі гүл».
Мәңгүрт емес,
Ақынға да қимаған,
Сол қызғаныш кеудемдегі әлі жүр.
ЖІГІТ СЫРЫ
Сезімдер мынау он сегіздегі,
Жырыма ғажап береді от .
Бұл күнде ата, сенсеңіз мені,
Тербейді өмір керемет .
Ер мінез, өжет гүл қыздарменен,
Еркелеп ойнап бірге өстім .
Содан ба кейде жұлдыздарменен,
Келер де тұрар тілдескім .
Іздерім жатыр
Іленің бойын,
Жағалай жатқан кемерде .
Ауылыма сосын жүрегім бейім,
Баулыған мені өнерге .
Келбеті көркем жатқан бұл аймақ,
Тентектеу жүрек берген бе?!
Албырттықпенен азуын басып,
Тулайды тұлпар кеудемде .
Көкірегі ояу адамдар білер,
Қайтейін бәрін ұсақтап .
Өлімнен өзге дүниені түгел
Сүйейін деймін құшақтап .
БАҚЫТ
Берді-ғой менің жүрегім сыздай,
Кейіді көңіл, өкпелі білем .
Бақыт-ай, бақыт!
Алкеуде қыздай,
Асаулығыңа жоқ па еді бір ем ?!
Мен сені іздеп аласұрғаным,
Басымды тауға, тасқа да ұрдым .
Балықтай ойнап қара судағы,
Мазақтап мені басқада жүрдің .
Сардалаларда сағым боп ойнап,
Кездесетұғын елес деп күттім .
Сағымды тауып осы-ау деп ойлап,
Ұстай алғанда емес боп шықтың .
Не едің, сірә,
Қыз деуге сені
Жасқана берем
(оны да көргем.) .
Жаралған ба едім іздеуге сені,
Арманым ба едің сорыма берген ?!
Сайтан мінездім сорыма бітсең,
Жырғағаны да «көпес төренің.» .
Қашқақтап жүріп қолыма түссең,
Келістіріп бір төпештер едім !
ЖЕТІМ БАҚЫТЖАН
Жетім өскен жан екен бала жастан,
Ұлты мен ұлысына қарамастан .
Біздің ауыл әлпештеп өсіріпті,
(Мейірімді халық қой қазақ асқан.) .
«Бақытжан» деп ат қойып беріпті оған,
Кетті дейді қазаққа көніп содан …
Әжелердің қолынан айран ішіп,
Тақылдапты шалдарға беріп сәлем .
Сәулет пенен дәулетке алданбаған,
Кезі емес ол ауылдың арзандаған .
Менің де апам басынан көп сипапты,
Көп жыл бойы бір ұлды армандаған .
... Ұмыт қалып жетімдік, ашыққаны, .
Алдан күліп атыпты бақыт таңы .
Әлі күнге алқайды қараша ауыл,
Қазақ сынды қайырымды Бақытжанын .
Кейін біліп кетсе де «тапқан елін» .
Шын сағынып кеп жүрді баққан елін .
Арқа-жарқа мәз болып күлуші еді,
Қара шұнақ… бауырының ап сәлемін .
… Өзім тап боп жүрсем де тшырғалаңға,
(Өшпес мейірім, сірә, бір бар ма қанда?)
Күллі Құлжа жетімін жиып алып,
Ауылға алып кеткім бар халық аманда .
ШЕШЕМЕ
Табанымды жүргем жоқ отқа қарып,
Көргемін жоқ әлі де жоққа налып.
Алқам-салқам әкемнен аумай қаппын,
Адамдығы- жүретін соқпағы анық .
Жүрегімді жұлдызға теліп көрдім,
Ащыны да, тұщыны еміп көрдім .
Ауылымдай байсалды мінезіммен,
Жақсы-жақсы жандарға серік болдым .
Арманы әйбәт ініні бауыр еттім,
(Қадамынан сезген соң тәуір екпін.) .
Жауым еткім келмейді ешкімді де,
Ақын болғым келеді... Жанып өткім .
Оған шамам келетін сияқтанған,
Сенен мейірім, жақсылық, ұятты алғам .
Әкеме айтшы, бір ақын шықса, кәне,
Ауылдағы момын ел - Қияқтардан .
Қумады деп тіршілік налымағын,
Ебім келмей жатса оған неғыламын .
Есім кетіп өнерге ғашық болғам,
Жақсылықтың тауынан табыламын .
… Сөз қалмасын ертеңге жолданбаған,
Ұлым осал болды деп қорланба, анам!
Мені сүйген бір қыз бар жаны аяулы,
Дәл өзіңдей мейірімді ол,
Қормал маған .
ЖИРЕН АТ
Қызықтырған алыс ел, жақын елді,
Біздің үйдің бір жирен аты болды .
Әкем қойға,
Әжеміз тойға мініп,
Көкпар шапқан ағамыз асыл өңді .
Көзінен нұр алаулап сол ағаның,
Кіруші еді-ау құйылып додаға мың .
Жирен мінсе ұмытып кемтарлығын,
Қызғана да қарайтын оған әркім .
Көкпар тисе тоғайға, суға салып,
Нуға кіріп, сұр бұйра құмға шауып .
Жалғыз алып келсе ағам сол лақты,
Әжеміз де қалатын бір жасарып .
Сол жиренді бір түнде ұры әкетті,
Жымын жауып, жасырып, бұра әкетті .
Қанатындай көретін ағам оны,
Бір жыл бойы іздеуді мұрат етті .
Бізге қымбат жиреннің нарқы бар-ды,
Жирен атсыз Кемердің халқы қалды .
Қанатынан қайырылып, қайран ағам,
Санатынан айырылып жалқы қалды .
Онда бұндай толғанар шамам бар ма?,
Кекті болдым сол ұры адамдарға .
Жалғыз аттың күйігі,
Жалғыз қолдың ...
Өртеп кетті, түсті ағам «жаман» жолға.
Солай,
Солай...
Солайша ішіп кетті,
Жирені ішке дерт боп түсіп кетті .
Көкпар шықса ауылдан
Тұрады ұзап,
Телмірумен жанарын қысып кекті .
Тұрады ұзақ айналып тас мүсінге,
Жүрер ме еді сол жирен ат үстінде?!
...Тонай берме-ей, барымды ұры уақыт, .
Мен де түсіп кетпейін «қатты ішуге.»
* * *
Сыйлас аға, сырлас інім шаһарда,
Іздеп барсам жақсы отырыс жасар ма?
Сағынғанмен сабыр қалмай соларды,
Құр күйбеңмен шыға алмадым сапарға .
...Өскен жігіт едім өлең – жыр сүйіп, .
Ауылдастар боп бара ма тым тұйық?
Жыр оқысам,
«бәрекелді!» деп айтпай,
Не даттамай отырады мыңқиып .
Тулап келіп түкпіріңнен бір сезім,
Көкіректен құйылғанда жыр селі .
Бақытыңды, шаттығыңды сондағы,
Тым болмаса жақындарың білсе еді! ...
Арзан сөзбен аздап көңіл көтерген,
Не жұбаныш таба аламын осы елден?!
Көңіл анда, өмір мұнда қойды өтіп,
Ақындықтан не шығарар екем мен ?!
ӘЖЕМНІҢ ҚЫРЫҚБАЙЫ
Кеудесінде кетті ме арман шырылдап,
Жарықтықтан қалды маған бір ырғақ ...
«Қырықбай»-лап бір мұңлы зар бастаушы ед,
Пеш түбінде отырып ап ыңылдап .
Ес білгеннен естіп өстім осы «әнді»
Қырықбайдан артық көріп атамды
Қиялдаушы ем :
«Махаббаты-ай! -деп, - кемпірдің!»
Сексенінде де сағынатын со «шалды» .
Жүргенімде жолдас қып сол өкпені,
Он сегіздің келді күліп көктемі .
«Қырықбайды» таныстырып,
Қуантты,
«Қыршын кеткен бауырың ол...» деп мені.
Мен сондағы балаң ойға мәз болдым,
Күліп жүрдім қуаныштан аз-кем күн .
Жазға салым жалғыз ағам опат боп,
Қаңтардан да қатты суық жаз көрдім .
Қара құйын соқтырғандай сонда әлем,
Қиын болды біздің үйге сол жаз ең .
«Қырықбайын» ұмытты да бір жола,
«Құлыным» деп зарлайтұғын болды әжем .
Бір-екі жыл жалғастырып сол зарын
Құлап тынды, күйік жұтқан қормалым.
Әлде кімге арнап өлең жазарда,
Құлағыма естіледі сондағы үн .
Кеудесінде кетті ме арман шырылдап,
Жарықтықтан қалды маған бір ырғақ ...
«Кәрілердің сағынышы-ай!» !
Деймін де,
Жыр жаза алмай отырамын ыңылдап .
АЙБҮБІ
Әкең кетті момын, жуас қалпында,
Шешең кетті әз, тәкаппар қалпында .
Тек сен едің екеуінің тағдырын
Ескерткіш қып орнататын алтыннан .
Ақ жүзіңді қайғы қажап, мұң еміп,
Жүруші едің салқынданып, түнеріп .
Сен едің ғой (мен білетін) пәк адам,
Кірлемеген тәні түгіл, жүрегі .
Бұрымыңды кеспей, қырықпай өсіріп,
Өруші едің жарты күнге отырып .
Сен едің ғой аңсамаған еркекті,
Тым болмаса кешігіп ...
Көрмегенің қандай азап сүйісіп,
Кезетінің тап-тар аула, үй іші .
Жындандырмай бір жігітті кетті ғой,
Анарың мен тамағыңның иісі .
А, Айбүбі өтпедің сен бұлғақтап,
Ай едің сен толық туған түнгі аппақ .
Жирендің бе үйде отырып, дүниені,
Кеткендігін байқағасын жын қаптап .
Назарыңа ілуші едің «інім›› деп,
Мазарыңа келіп тұрмын дірілдеп .
Пәктігіңнен қуат алсам қайтеді,
Нақ діліңмен тіл қатсаңшы күлімдеп .
Қайтем, жадау қу тірліктен безінген,
Сен бір бейбақ қан төгілген көзіңнен .
Бүгін Іле өксіп, налып ағып тұр,
Со бір жылы сені жұтқан кезіндей .
Сағынышқа шыдамаған мәңгілік,
Ару едің, өлдің жалғыз қаңғырып .
Мақтау сүйгіш мас жүрегін елдерге,
Ұсынумен
Әріпжан жүр дал қылып .
Жас бейіт тұр жел аймалап, күн сүйіп,
Анарыңдай қол тимеген тырсиып .
Бұл өңірде жалғыз ақын мен едім,
Ылғи жаурап жүретұғын бүрсиіп .
Саған мұнар, маған ашық күндерің,
Азабы мен қуанышын шын көрдім .
Менің тәтті балалығым, әпкем-ай,
Сенің қатты жүрегіңмен бірге өлді .
Мінәжәт қып келіп тұрмын мүрдеңе,
(ішпей, татпай бірдеңе.) .
Молаңызды аймалайды жел өксіп,
Сүйкімсіз жел - соғатын жел шілдеде .
ЖИРЕНБҰЛАҚ. СҰР КӨЖЕК
Жиегіңді жота-жота құм басып,
Жауырыңды жетім жиде тұр қасып .
Жиренбұлақ жылап ағып жатырсың,
Жан – жақтағы мұқыл шимен мұңдасып .
Жарайсың ба қасіретпен маған-ақ,
Бітер болдың жүрегімді жаралап ...
Тұзақ құрып келгемін жоқ сұр көжек,
Қашпа менен ақ теріскен аралап .
Бұқпа менен әлсіз жаның сауғалап,
Емеспін мен аңшы қазақ, дәу қазақ .
Кемігіңді кер ауызға сорғызсаң,
Ақын үшін одан өзге бар ма азап ?!
Тозып біткен жасыл түсі, реңі,
Бұл мекеннен жырақтамай бір елі .
Бұқпа менен бүлкіл қағып, сұр көжек,
Мекенімнің мейірімді жүрегі .
Жиренбұлақ аңсатады несімен,
Күйіп болдым соның күйік отымен .
Даңқын жырлап кетсем деп ем амал не?
Бұндай өлең жазғаныма ...
Өкінем!!!
ӘКЕМЕ
Түспейді екен асығы алшы қалай,
Жігіт бопты жасында қаршығадай .
Тоғыз құрсақ көтерген шешемізді,
(Тәубе, тәубе!)
Өтіпті қамшыламай .
Өскен ауыл, бесігі – Жиренбұлақ,
Шарапаты халқына тиген бұлақ .
Ерте үйлепті атамыз, содан ба екен,
Шықпағанға ұқсайды үйден де ұзап .
Оқысам деп талпынған екен дейді,
Қашам деп те көріпті шетел дейді .
«Ойбай, сені алысқа жібермен!- деп,-
Етегімнен алған қу шешең» дейді .
Арманының жеткізбей бірде-бірі,
Жүрсе де елге шақпайды мүлде мұңын .
Назаланып қалар деп қорқа ма екен,
Қызын сөгіп жатпайды, тілдеп ұлын .
Күрең шайын кеселеп ішіп алып,
Жұмысы ақсап жатса да, ісі қалып .
Аспан түсіп кетсе де қозғалмайды,
Шегіп болмай шылымын құшырланып .
Кіндігінен тараған тоғыз құлын,
Неге мақтан етпесін қоңырлығын .
Көршіменен ісі жоқ, қолаңмен де,
Сосын күлкі қылады ел момындығын .
...Қажытты ма бітпейтін шаруасы көп, .
Қабағында бұл күндер бар қасірет .
Ойланта ма тағдыры жалғыз ұлдың,
Тамыр-таныс, ағайын, андасы көп .
Әй, қормал әкем – ай!!!
ШАРАПАТ
Жететінін білмеймін қаншаға әлім,
Мен бақыт іздегеннен шаршамадым .
Құшақтап өлеңімді Құлжа келдім,
Алдымнан шығатындай аңсағаным .
Алдымнен шығатындай Қыдыр шалым,
Өрекпіді жүрегім – ұрыншағым .
Таршылыққа жолықтым, міне, ендеше,
Мұңлы өлеңмен көбейттім жырым санын .
Көрмей өскен жан едім жоқшылықты,
Өзегіме бұл қала от бүрікті .
Обалы не, сол кезде өлеңдерім,
Газет – журнал бетіне көп шығыпты .
Қамал бұзып, тау асып, сеңгір өтіп,
Сол күн бақыт басыма қонды жетіп .
Қара көзге жас парлап жыр оқыдым,
Ағаларды арыстай елжіретіп .
Сол күн Құлжа тұрғандай қырыстанбай,
Ән жалғадық ақ маңдай, күміс таңға-ай .
Көкке өрлеген қырандай шабыттандым,
Мұқағали мақтаған Тынышбайдай ...
Мен кешірдім Құлжаның сараңдығын,
Жақсылардың тілеймін амандығын .
Ағалардың ыстық-ақ алақаны,
Тигізсе екен шарапат саған да, інім .
БҰЛТТАР
Бұлттар, бұлттар,
Бұларда арман бар ма?!
Сыр ашады кештерге, таңдарға да .
Көк аспанда қалықтап, маңып келіп,
Омырауын ағытар заңғарларға .
Жер бетіне жақсылық сыйлайды олар,
Мөлдір тамшы саған да құйған болар .
Шексіз әлемге кетер ед шеру тартып,
Мына гүлзар дүниені қимайды олар .
Махаббатты үйрендім мен бұлардан,
Бұлттан туды, бауырым, мендік арман .
Мен жер бетін бұлттардай сүйіп өтем,
Өмірімді гүлге орап енді қалған .
Ғарышқа да кетпеймін талақ болып,
Мен бұлттарға сенемін санат көріп .
Өле қалсам құмдағы молама кеп,
Бусандырып кетеді шарап төгіп .
ҮЙСІНТАУ
Тасыңа, суыңа да табынамын,
Сүйемін сенде бардың бәрі-бәрін .
Өзгенің өзен-көлін мақтамаймын,
Аңсамаймын, сүймеймін,
Не қыламын ?!
Алтын деп, асқарым деп мақтамаймын,
Өзге елдің топырағын жастанбаймын .
Мен мынау өмірімді саған сеніп,
Ардың-гүрдің өткізіп жатқандаймын .
Ән-жырдың мекені деп айтамын ба,
Халқың талай түсіпті қайтауылға .
«Талай бала бүркітің көкке өрлеп жүр»
Байқадың ба тұғырым, байқадың ба?!
Аспаныңнан жауын мен ақ тамшылап,
Әшейін, қарапайым жатқан сұлап .
Қасиетті туған тау, бабам болып,
Налып жүрсем түсімде кет қамшылап .
Азапты мен бе екенмін арда емген ұл,
Жалғызбын, жеріп қапты бәрінен көңіл .
Шыбынның ызыңынан жүйкем тозып,
Шылымның түтінінен әрленбедім .
Мен көрген сұмдық аздай бұл өмірде,
Қыңсылап жатыр енді жүрегім де .
Сырт көзге ойсыз, мұңсыз көрінемін,
Қайғымды қан ғып жұтып жүремін де .
Үйленгем жалғыздықтан құтылам деп,
Басымнан қайғыны дүр ұшырам деп .
Енді кеп еңк – еңк етіп жылаймын да,
Мөлдіреп жалғыз өзім жұтынам кеп .
Көзімнен сезуші ең ғой көп мұңымды,
Әспеттеп, «ақыным» деп отты, мұңлы .
Жалғыздық жара салған жүрегімнің,
Әттең – ай, осалдығы кеш білінді .
Шақырып сандалып ем сені жанға,
Жарамның сенде ғана емі бардай .
Сен қайтып мекеніңе аттанасың,
Тастайсың, тағы мұңға мені қандай ?!
ТҮЛКІ ЫМЫРТ КЕЛЕР БҮЛКІЛДЕП
От қызды, бөлме жайнады,
Сыпырып қойғам әйбаттап.
Ызыңдап шәугім қайнады,
Шай ішем қазір қаймақтап.
Үйірсек болды ой маған,
Шылым да шегем жатып ап.
Жатып ап ұзақ ойланам,
Өткен күндерді бақылап.
Құйрығы, жоны қызарып,
Түлкі ымырт келер бүлкілдеп.
Содан соң жетер түн арып,
Өлеңге бүгін құлқым жоқ.
Әзір де жатып күлгем мен,
Тоқ болсаң күлкі жақының.
Өлең деп өліп жүргенмен,
Кім сыйлап жатыр ақынын! ?
Өлеңге киім келмейді,
Қалмайын осы жалаңаш.
Жазғаныңды ешкім көрмейді,
Көрсе де жөнді қарамас.
Айтып ед әкем өткенде:
(Өн-бойым сонда дір еткен.) .
«Жазушы деген көп пенде
Ауырады,- деп.- жүрекпен.»
Сонда анам мені құшақтап,
«Аман бол,-деген,- әманда!»
Әкеме ұрысты:
«Кітапқа,
Атың шықса да жаман ба!?»
Жақсы сөз осы әсілі,
Жақсы өлең- жақсы балам ғой.
Елімнен қайтем жасырып,
Туса жыр, бермей маған бой.
* * *
Қырғауыл- қызық қуып,
Тоғайдың арасында.
Жүргенде қызықтырып,
Өзеннің жағасында.
Бұлқынып бұла-жеңгем,
Бұлтиып омырауы.
Ағамен бауға келген,
Шаттанып шомылады.
Айлақта мен тұрамын,
Жүрегім атқалақтап.
Кетеді енді бәрі,
Жұмысқа – шаппа жаққа.
Ызғытып арман-керді,
Қиялға ерік берем.
Шат күлкі қалған жерді,
Қызықтап көріп келем.
Кішкентай жүрегімді,
Құрсаулап бір жат құмар
Ысықылап білегімді,
Дірілдеп «мұздап тұрам» .
Тамылжып тамыз айы,
Мен сонда кешіп мың ой.
Кеш білдім, не қылайын,
Есейіп кетіппін ғой.
* * *
Сен мені тағы алдадың,
«Пәленге тиемін!» деп.
Айттым ғой саған жаным:
«Тек сені сүйемін» деп.
Біржола кет демейсің,
Қарайсың сынап маған.
Өтірік өкпейсің,
Екі күн, бір аптаға.
Қылығың баладай нақ,
Соныңды ұнаттым ғой.
Халымды және абайлап,
Досымнан сұрапсың ғой.
Құрбыңа қасыңдағы,
Көрсеттің мені алыстан.
Не дедің?
Жасырмағын,
Не деді, ол дәнышпан?
Бейтаныс «күйеуіңді»,
Ойыңнан сызып қойғын.
Тек мені сүйеріңді,
Мен ептеп біліп қойдым.
* * *
Кездестік екі мәрте,
Кездерде бек көңілді.
Сездің бе, досым ерте! ?
Есейіп кеткенімді.
«Өзгеріп кетіпсің» деп,
Кейін де бір күлдің-ау.
Қайтесің шертіп, күндеп,
Не білдің, құрғыр қыз-ау! ?
Сүйеніп балдағыңа,
Сен кеттің арман қуып.
Мен мұнда қалмадым ба,
Тағдырым алдандырып.
Кештім ғой бұл өмірді,
Өзімді азаптап ақ.
Өзгертті жүрегімді,
Ит тағдыр қажап-қажап.
Сосын да ақын болдым,
Өлең де өзімсінді.
Жандарға жақын болдым,
Жүрегі өзім-сынды.
Кездерде мұң-қайғым көп,
Жанымды азат қылдым.
Бақытын жырлайын деп,
Өзіңдей қазақ қыздың.
КӨЛ БОЙЫНДАҒЫ ҚЫЗҒАНЫШ
Көл бойына ертіп бардым іңірде,
Көл бетінде толқын тұрған дірілдеп.
Жалынымды басайын деп шомылдым.
Сен жағада қарап тұрдың күлімдеп.
... Қаз-үйректер сабалады қанатын, .
Анау жақтан жылт етті адам қарасы.
Тани қойдым,
Ол да сені сүйетін,
Ауылдағы бір қойшы ақын болатын.
Кеудемдегі қызғаныштың иті үрді,
Сен де сезе қойдың бірден сиқымды.
Сені сүйген екі ақын – екі ішек,
Ортамызда шертілмеген күй тұрды.
Ол ұяңдау жігіт еді,
қысылды,
Амандасып қолын саған ұсынды.
Білегіңнен ұстадым да ап кеттім,
Көрсеткендей күндесіме күшімді.
... Бүгін сенен айырылғанда жаны нұр, .
Қиял кештім,
«Қыз дегеннің бәрі гүл».
Мәңгүрт емес,
Ақынға да қимаған,
Сол қызғаныш кеудемдегі әлі жүр.
ЖІГІТ СЫРЫ
Сезімдер мынау он сегіздегі,
Жырыма ғажап береді от .
Бұл күнде ата, сенсеңіз мені,
Тербейді өмір керемет .
Ер мінез, өжет гүл қыздарменен,
Еркелеп ойнап бірге өстім .
Содан ба кейде жұлдыздарменен,
Келер де тұрар тілдескім .
Іздерім жатыр
Іленің бойын,
Жағалай жатқан кемерде .
Ауылыма сосын жүрегім бейім,
Баулыған мені өнерге .
Келбеті көркем жатқан бұл аймақ,
Тентектеу жүрек берген бе?!
Албырттықпенен азуын басып,
Тулайды тұлпар кеудемде .
Көкірегі ояу адамдар білер,
Қайтейін бәрін ұсақтап .
Өлімнен өзге дүниені түгел
Сүйейін деймін құшақтап .
БАҚЫТ
Берді-ғой менің жүрегім сыздай,
Кейіді көңіл, өкпелі білем .
Бақыт-ай, бақыт!
Алкеуде қыздай,
Асаулығыңа жоқ па еді бір ем ?!
Мен сені іздеп аласұрғаным,
Басымды тауға, тасқа да ұрдым .
Балықтай ойнап қара судағы,
Мазақтап мені басқада жүрдің .
Сардалаларда сағым боп ойнап,
Кездесетұғын елес деп күттім .
Сағымды тауып осы-ау деп ойлап,
Ұстай алғанда емес боп шықтың .
Не едің, сірә,
Қыз деуге сені
Жасқана берем
(оны да көргем.) .
Жаралған ба едім іздеуге сені,
Арманым ба едің сорыма берген ?!
Сайтан мінездім сорыма бітсең,
Жырғағаны да «көпес төренің.» .
Қашқақтап жүріп қолыма түссең,
Келістіріп бір төпештер едім !
ЖЕТІМ БАҚЫТЖАН
Жетім өскен жан екен бала жастан,
Ұлты мен ұлысына қарамастан .
Біздің ауыл әлпештеп өсіріпті,
(Мейірімді халық қой қазақ асқан.) .
«Бақытжан» деп ат қойып беріпті оған,
Кетті дейді қазаққа көніп содан …
Әжелердің қолынан айран ішіп,
Тақылдапты шалдарға беріп сәлем .
Сәулет пенен дәулетке алданбаған,
Кезі емес ол ауылдың арзандаған .
Менің де апам басынан көп сипапты,
Көп жыл бойы бір ұлды армандаған .
... Ұмыт қалып жетімдік, ашыққаны, .
Алдан күліп атыпты бақыт таңы .
Әлі күнге алқайды қараша ауыл,
Қазақ сынды қайырымды Бақытжанын .
Кейін біліп кетсе де «тапқан елін» .
Шын сағынып кеп жүрді баққан елін .
Арқа-жарқа мәз болып күлуші еді,
Қара шұнақ… бауырының ап сәлемін .
… Өзім тап боп жүрсем де тшырғалаңға,
(Өшпес мейірім, сірә, бір бар ма қанда?)
Күллі Құлжа жетімін жиып алып,
Ауылға алып кеткім бар халық аманда .
ШЕШЕМЕ
Табанымды жүргем жоқ отқа қарып,
Көргемін жоқ әлі де жоққа налып.
Алқам-салқам әкемнен аумай қаппын,
Адамдығы- жүретін соқпағы анық .
Жүрегімді жұлдызға теліп көрдім,
Ащыны да, тұщыны еміп көрдім .
Ауылымдай байсалды мінезіммен,
Жақсы-жақсы жандарға серік болдым .
Арманы әйбәт ініні бауыр еттім,
(Қадамынан сезген соң тәуір екпін.) .
Жауым еткім келмейді ешкімді де,
Ақын болғым келеді... Жанып өткім .
Оған шамам келетін сияқтанған,
Сенен мейірім, жақсылық, ұятты алғам .
Әкеме айтшы, бір ақын шықса, кәне,
Ауылдағы момын ел - Қияқтардан .
Қумады деп тіршілік налымағын,
Ебім келмей жатса оған неғыламын .
Есім кетіп өнерге ғашық болғам,
Жақсылықтың тауынан табыламын .
… Сөз қалмасын ертеңге жолданбаған,
Ұлым осал болды деп қорланба, анам!
Мені сүйген бір қыз бар жаны аяулы,
Дәл өзіңдей мейірімді ол,
Қормал маған .
ЖИРЕН АТ
Қызықтырған алыс ел, жақын елді,
Біздің үйдің бір жирен аты болды .
Әкем қойға,
Әжеміз тойға мініп,
Көкпар шапқан ағамыз асыл өңді .
Көзінен нұр алаулап сол ағаның,
Кіруші еді-ау құйылып додаға мың .
Жирен мінсе ұмытып кемтарлығын,
Қызғана да қарайтын оған әркім .
Көкпар тисе тоғайға, суға салып,
Нуға кіріп, сұр бұйра құмға шауып .
Жалғыз алып келсе ағам сол лақты,
Әжеміз де қалатын бір жасарып .
Сол жиренді бір түнде ұры әкетті,
Жымын жауып, жасырып, бұра әкетті .
Қанатындай көретін ағам оны,
Бір жыл бойы іздеуді мұрат етті .
Бізге қымбат жиреннің нарқы бар-ды,
Жирен атсыз Кемердің халқы қалды .
Қанатынан қайырылып, қайран ағам,
Санатынан айырылып жалқы қалды .
Онда бұндай толғанар шамам бар ма?,
Кекті болдым сол ұры адамдарға .
Жалғыз аттың күйігі,
Жалғыз қолдың ...
Өртеп кетті, түсті ағам «жаман» жолға.
Солай,
Солай...
Солайша ішіп кетті,
Жирені ішке дерт боп түсіп кетті .
Көкпар шықса ауылдан
Тұрады ұзап,
Телмірумен жанарын қысып кекті .
Тұрады ұзақ айналып тас мүсінге,
Жүрер ме еді сол жирен ат үстінде?!
...Тонай берме-ей, барымды ұры уақыт, .
Мен де түсіп кетпейін «қатты ішуге.»
* * *
Сыйлас аға, сырлас інім шаһарда,
Іздеп барсам жақсы отырыс жасар ма?
Сағынғанмен сабыр қалмай соларды,
Құр күйбеңмен шыға алмадым сапарға .
...Өскен жігіт едім өлең – жыр сүйіп, .
Ауылдастар боп бара ма тым тұйық?
Жыр оқысам,
«бәрекелді!» деп айтпай,
Не даттамай отырады мыңқиып .
Тулап келіп түкпіріңнен бір сезім,
Көкіректен құйылғанда жыр селі .
Бақытыңды, шаттығыңды сондағы,
Тым болмаса жақындарың білсе еді! ...
Арзан сөзбен аздап көңіл көтерген,
Не жұбаныш таба аламын осы елден?!
Көңіл анда, өмір мұнда қойды өтіп,
Ақындықтан не шығарар екем мен ?!
ӘЖЕМНІҢ ҚЫРЫҚБАЙЫ
Кеудесінде кетті ме арман шырылдап,
Жарықтықтан қалды маған бір ырғақ ...
«Қырықбай»-лап бір мұңлы зар бастаушы ед,
Пеш түбінде отырып ап ыңылдап .
Ес білгеннен естіп өстім осы «әнді»
Қырықбайдан артық көріп атамды
Қиялдаушы ем :
«Махаббаты-ай! -деп, - кемпірдің!»
Сексенінде де сағынатын со «шалды» .
Жүргенімде жолдас қып сол өкпені,
Он сегіздің келді күліп көктемі .
«Қырықбайды» таныстырып,
Қуантты,
«Қыршын кеткен бауырың ол...» деп мені.
Мен сондағы балаң ойға мәз болдым,
Күліп жүрдім қуаныштан аз-кем күн .
Жазға салым жалғыз ағам опат боп,
Қаңтардан да қатты суық жаз көрдім .
Қара құйын соқтырғандай сонда әлем,
Қиын болды біздің үйге сол жаз ең .
«Қырықбайын» ұмытты да бір жола,
«Құлыным» деп зарлайтұғын болды әжем .
Бір-екі жыл жалғастырып сол зарын
Құлап тынды, күйік жұтқан қормалым.
Әлде кімге арнап өлең жазарда,
Құлағыма естіледі сондағы үн .
Кеудесінде кетті ме арман шырылдап,
Жарықтықтан қалды маған бір ырғақ ...
«Кәрілердің сағынышы-ай!» !
Деймін де,
Жыр жаза алмай отырамын ыңылдап .
АЙБҮБІ
Әкең кетті момын, жуас қалпында,
Шешең кетті әз, тәкаппар қалпында .
Тек сен едің екеуінің тағдырын
Ескерткіш қып орнататын алтыннан .
Ақ жүзіңді қайғы қажап, мұң еміп,
Жүруші едің салқынданып, түнеріп .
Сен едің ғой (мен білетін) пәк адам,
Кірлемеген тәні түгіл, жүрегі .
Бұрымыңды кеспей, қырықпай өсіріп,
Өруші едің жарты күнге отырып .
Сен едің ғой аңсамаған еркекті,
Тым болмаса кешігіп ...
Көрмегенің қандай азап сүйісіп,
Кезетінің тап-тар аула, үй іші .
Жындандырмай бір жігітті кетті ғой,
Анарың мен тамағыңның иісі .
А, Айбүбі өтпедің сен бұлғақтап,
Ай едің сен толық туған түнгі аппақ .
Жирендің бе үйде отырып, дүниені,
Кеткендігін байқағасын жын қаптап .
Назарыңа ілуші едің «інім›› деп,
Мазарыңа келіп тұрмын дірілдеп .
Пәктігіңнен қуат алсам қайтеді,
Нақ діліңмен тіл қатсаңшы күлімдеп .
Қайтем, жадау қу тірліктен безінген,
Сен бір бейбақ қан төгілген көзіңнен .
Бүгін Іле өксіп, налып ағып тұр,
Со бір жылы сені жұтқан кезіндей .
Сағынышқа шыдамаған мәңгілік,
Ару едің, өлдің жалғыз қаңғырып .
Мақтау сүйгіш мас жүрегін елдерге,
Ұсынумен
Әріпжан жүр дал қылып .
Жас бейіт тұр жел аймалап, күн сүйіп,
Анарыңдай қол тимеген тырсиып .
Бұл өңірде жалғыз ақын мен едім,
Ылғи жаурап жүретұғын бүрсиіп .
Саған мұнар, маған ашық күндерің,
Азабы мен қуанышын шын көрдім .
Менің тәтті балалығым, әпкем-ай,
Сенің қатты жүрегіңмен бірге өлді .
Мінәжәт қып келіп тұрмын мүрдеңе,
(ішпей, татпай бірдеңе.) .
Молаңызды аймалайды жел өксіп,
Сүйкімсіз жел - соғатын жел шілдеде .
ЖИРЕНБҰЛАҚ. СҰР КӨЖЕК
Жиегіңді жота-жота құм басып,
Жауырыңды жетім жиде тұр қасып .
Жиренбұлақ жылап ағып жатырсың,
Жан – жақтағы мұқыл шимен мұңдасып .
Жарайсың ба қасіретпен маған-ақ,
Бітер болдың жүрегімді жаралап ...
Тұзақ құрып келгемін жоқ сұр көжек,
Қашпа менен ақ теріскен аралап .
Бұқпа менен әлсіз жаның сауғалап,
Емеспін мен аңшы қазақ, дәу қазақ .
Кемігіңді кер ауызға сорғызсаң,
Ақын үшін одан өзге бар ма азап ?!
Тозып біткен жасыл түсі, реңі,
Бұл мекеннен жырақтамай бір елі .
Бұқпа менен бүлкіл қағып, сұр көжек,
Мекенімнің мейірімді жүрегі .
Жиренбұлақ аңсатады несімен,
Күйіп болдым соның күйік отымен .
Даңқын жырлап кетсем деп ем амал не?
Бұндай өлең жазғаныма ...
Өкінем!!!
ӘКЕМЕ
Түспейді екен асығы алшы қалай,
Жігіт бопты жасында қаршығадай .
Тоғыз құрсақ көтерген шешемізді,
(Тәубе, тәубе!)
Өтіпті қамшыламай .
Өскен ауыл, бесігі – Жиренбұлақ,
Шарапаты халқына тиген бұлақ .
Ерте үйлепті атамыз, содан ба екен,
Шықпағанға ұқсайды үйден де ұзап .
Оқысам деп талпынған екен дейді,
Қашам деп те көріпті шетел дейді .
«Ойбай, сені алысқа жібермен!- деп,-
Етегімнен алған қу шешең» дейді .
Арманының жеткізбей бірде-бірі,
Жүрсе де елге шақпайды мүлде мұңын .
Назаланып қалар деп қорқа ма екен,
Қызын сөгіп жатпайды, тілдеп ұлын .
Күрең шайын кеселеп ішіп алып,
Жұмысы ақсап жатса да, ісі қалып .
Аспан түсіп кетсе де қозғалмайды,
Шегіп болмай шылымын құшырланып .
Кіндігінен тараған тоғыз құлын,
Неге мақтан етпесін қоңырлығын .
Көршіменен ісі жоқ, қолаңмен де,
Сосын күлкі қылады ел момындығын .
...Қажытты ма бітпейтін шаруасы көп, .
Қабағында бұл күндер бар қасірет .
Ойланта ма тағдыры жалғыз ұлдың,
Тамыр-таныс, ағайын, андасы көп .
Әй, қормал әкем – ай!!!
ШАРАПАТ
Жететінін білмеймін қаншаға әлім,
Мен бақыт іздегеннен шаршамадым .
Құшақтап өлеңімді Құлжа келдім,
Алдымнан шығатындай аңсағаным .
Алдымнен шығатындай Қыдыр шалым,
Өрекпіді жүрегім – ұрыншағым .
Таршылыққа жолықтым, міне, ендеше,
Мұңлы өлеңмен көбейттім жырым санын .
Көрмей өскен жан едім жоқшылықты,
Өзегіме бұл қала от бүрікті .
Обалы не, сол кезде өлеңдерім,
Газет – журнал бетіне көп шығыпты .
Қамал бұзып, тау асып, сеңгір өтіп,
Сол күн бақыт басыма қонды жетіп .
Қара көзге жас парлап жыр оқыдым,
Ағаларды арыстай елжіретіп .
Сол күн Құлжа тұрғандай қырыстанбай,
Ән жалғадық ақ маңдай, күміс таңға-ай .
Көкке өрлеген қырандай шабыттандым,
Мұқағали мақтаған Тынышбайдай ...
Мен кешірдім Құлжаның сараңдығын,
Жақсылардың тілеймін амандығын .
Ағалардың ыстық-ақ алақаны,
Тигізсе екен шарапат саған да, інім .
БҰЛТТАР
Бұлттар, бұлттар,
Бұларда арман бар ма?!
Сыр ашады кештерге, таңдарға да .
Көк аспанда қалықтап, маңып келіп,
Омырауын ағытар заңғарларға .
Жер бетіне жақсылық сыйлайды олар,
Мөлдір тамшы саған да құйған болар .
Шексіз әлемге кетер ед шеру тартып,
Мына гүлзар дүниені қимайды олар .
Махаббатты үйрендім мен бұлардан,
Бұлттан туды, бауырым, мендік арман .
Мен жер бетін бұлттардай сүйіп өтем,
Өмірімді гүлге орап енді қалған .
Ғарышқа да кетпеймін талақ болып,
Мен бұлттарға сенемін санат көріп .
Өле қалсам құмдағы молама кеп,
Бусандырып кетеді шарап төгіп .
ҮЙСІНТАУ
Тасыңа, суыңа да табынамын,
Сүйемін сенде бардың бәрі-бәрін .
Өзгенің өзен-көлін мақтамаймын,
Аңсамаймын, сүймеймін,
Не қыламын ?!
Алтын деп, асқарым деп мақтамаймын,
Өзге елдің топырағын жастанбаймын .
Мен мынау өмірімді саған сеніп,
Ардың-гүрдің өткізіп жатқандаймын .
Ән-жырдың мекені деп айтамын ба,
Халқың талай түсіпті қайтауылға .
«Талай бала бүркітің көкке өрлеп жүр»
Байқадың ба тұғырым, байқадың ба?!
Аспаныңнан жауын мен ақ тамшылап,
Әшейін, қарапайым жатқан сұлап .
Қасиетті туған тау, бабам болып,
Налып жүрсем түсімде кет қамшылап .
Азапты мен бе екенмін арда емген ұл,
Жалғызбын, жеріп қапты бәрінен көңіл .
Шыбынның ызыңынан жүйкем тозып,
Шылымның түтінінен әрленбедім .
Мен көрген сұмдық аздай бұл өмірде,
Қыңсылап жатыр енді жүрегім де .
Сырт көзге ойсыз, мұңсыз көрінемін,
Қайғымды қан ғып жұтып жүремін де .
Үйленгем жалғыздықтан құтылам деп,
Басымнан қайғыны дүр ұшырам деп .
Енді кеп еңк – еңк етіп жылаймын да,
Мөлдіреп жалғыз өзім жұтынам кеп .
Көзімнен сезуші ең ғой көп мұңымды,
Әспеттеп, «ақыным» деп отты, мұңлы .
Жалғыздық жара салған жүрегімнің,
Әттең – ай, осалдығы кеш білінді .
Шақырып сандалып ем сені жанға,
Жарамның сенде ғана емі бардай .
Сен қайтып мекеніңе аттанасың,
Тастайсың, тағы мұңға мені қандай ?!
ТҮЛКІ ЫМЫРТ КЕЛЕР БҮЛКІЛДЕП
От қызды, бөлме жайнады,
Сыпырып қойғам әйбаттап.
Ызыңдап шәугім қайнады,
Шай ішем қазір қаймақтап.
Үйірсек болды ой маған,
Шылым да шегем жатып ап.
Жатып ап ұзақ ойланам,
Өткен күндерді бақылап.
Құйрығы, жоны қызарып,
Түлкі ымырт келер бүлкілдеп.
Содан соң жетер түн арып,
Өлеңге бүгін құлқым жоқ.
Әзір де жатып күлгем мен,
Тоқ болсаң күлкі жақының.
Өлең деп өліп жүргенмен,
Кім сыйлап жатыр ақынын! ?
Өлеңге киім келмейді,
Қалмайын осы жалаңаш.
Жазғаныңды ешкім көрмейді,
Көрсе де жөнді қарамас.
Айтып ед әкем өткенде:
(Өн-бойым сонда дір еткен.) .
«Жазушы деген көп пенде
Ауырады,- деп.- жүрекпен.»
Сонда анам мені құшақтап,
«Аман бол,-деген,- әманда!»
Әкеме ұрысты:
«Кітапқа,
Атың шықса да жаман ба!?»
Жақсы сөз осы әсілі,
Жақсы өлең- жақсы балам ғой.
Елімнен қайтем жасырып,
Туса жыр, бермей маған бой.
* * *
Қырғауыл- қызық қуып,
Тоғайдың арасында.
Жүргенде қызықтырып,
Өзеннің жағасында.
Бұлқынып бұла-жеңгем,
Бұлтиып омырауы.
Ағамен бауға келген,
Шаттанып шомылады.
Айлақта мен тұрамын,
Жүрегім атқалақтап.
Кетеді енді бәрі,
Жұмысқа – шаппа жаққа.
Ызғытып арман-керді,
Қиялға ерік берем.
Шат күлкі қалған жерді,
Қызықтап көріп келем.
Кішкентай жүрегімді,
Құрсаулап бір жат құмар
Ысықылап білегімді,
Дірілдеп «мұздап тұрам» .
Тамылжып тамыз айы,
Мен сонда кешіп мың ой.
Кеш білдім, не қылайын,
Есейіп кетіппін ғой.
* * *
Сен мені тағы алдадың,
«Пәленге тиемін!» деп.
Айттым ғой саған жаным:
«Тек сені сүйемін» деп.
Біржола кет демейсің,
Қарайсың сынап маған.
Өтірік өкпейсің,
Екі күн, бір аптаға.
Қылығың баладай нақ,
Соныңды ұнаттым ғой.
Халымды және абайлап,
Досымнан сұрапсың ғой.
Құрбыңа қасыңдағы,
Көрсеттің мені алыстан.
Не дедің?
Жасырмағын,
Не деді, ол дәнышпан?
Бейтаныс «күйеуіңді»,
Ойыңнан сызып қойғын.
Тек мені сүйеріңді,
Мен ептеп біліп қойдым.
* * *
Кездестік екі мәрте,
Кездерде бек көңілді.
Сездің бе, досым ерте! ?
Есейіп кеткенімді.
«Өзгеріп кетіпсің» деп,
Кейін де бір күлдің-ау.
Қайтесің шертіп, күндеп,
Не білдің, құрғыр қыз-ау! ?
Сүйеніп балдағыңа,
Сен кеттің арман қуып.
Мен мұнда қалмадым ба,
Тағдырым алдандырып.
Кештім ғой бұл өмірді,
Өзімді азаптап ақ.
Өзгертті жүрегімді,
Ит тағдыр қажап-қажап.
Сосын да ақын болдым,
Өлең де өзімсінді.
Жандарға жақын болдым,
Жүрегі өзім-сынды.
Кездерде мұң-қайғым көп,
Жанымды азат қылдым.
Бақытын жырлайын деп,
Өзіңдей қазақ қыздың.