Тарих. Әдебиет. Мәдениет. Бір кеңістікте.

«Saraishyq Upgrade 2026» халықаралық жастар форумы басталды

Атырауда «Saraishyq Upgrade 2026» халықаралық жастар форумы басталды.

Ашылу салтанатына облыс әкімі Болат Ақшолақов қатысып, форум қатысушыларына сәттілік тіледі. Сондай-ақ жастардың кәсіби дамуына мүмкіндік жасау мен шығармашылық бастамаларын қолдаудың маңызын атап өтті.
Биыл алтыншы рет ұйымдастырылып отырған форумға Қазақстаннан және төрт шет мемлекеттен 300-ден астам жас қатысуда. Олардың қатарында Ресей Федерациясының Астрахан облысы, Өзбекстан, Әзербайжан және Грузиядан келген делегаттар бар.
Екі күндік форум бағдарламасы кинематография, маркетинг, музыка, іс-шаралар индустриясы, хореография және жасанды интеллект бағыттарын қамтиды. Қатысушылар осы салалардағы тәжірибелі сарапшылардың дәрістеріне қатысып, практикалық дағдыларын жетілдіреді.
Сондай-ақ форум жастардың өзара тәжірибе алмасуына, жаңа кәсіби байланыстар орнатуына және бірлескен жобаларды талқылауына мүмкіндік береді.

Фото ATPress.kz сайтынан

Соңғы жарияланған

«ҮРЗАДА ЖЫРЫ ЖАНЫМНЫҢ...»   (Е.Раушанов поэзиясы хақында)

«ҮРЗАДА ЖЫРЫ ЖАНЫМНЫҢ...» (Е.Раушанов поэзиясы хақында)

«ҮРЗАДА ЖЫРЫ ЖАНЫМНЫҢ...»   (Е.Раушанов поэзиясы хақында)

«ҮРЗАДА ЖЫРЫ ЖАНЫМНЫҢ...» (Е.Раушанов поэзиясы хақында)

Айткеш Толғанбаев. Үзілмеген әуен

Айткеш Толғанбаев. Үзілмеген әуен

КҮЗ КЕЛГЕНДЕ АУЫЛ ЖАҚҚА ҚҰМАРТАМ

КҮЗ КЕЛГЕНДЕ АУЫЛ ЖАҚҚА ҚҰМАРТАМ

Сарайшық байқауы

Маусым сайын өтетін дәстүрлі байқау
  • Үздік өлең
  • Үздік әңгіме
  • Үздік эссе
  • Үздік фото
  • Үздік материал

Дауыс беру ашық және әділ өтеді