Атыраудағы Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театры 89-шы шығармашылық маусымын Рахымжан Отарбаевтың «Бейбарыс» тарихи драмасымен ашты.
3 қыркүйекте көрерменге жол тартқан қойылымда Мысырды билеген әйгілі Сұлтан Бейбарыстың күрделі тағдыры, елдік мұраты мен тарихи тұлғасы сахна тілімен көрініс тапты.
Қойылымды режиссерлер Мұхтар Томанов пен Жасұлан Телтаев сахналаған. Театр ұжымы жаңа маусымды тарихи тақырыптағы бұл спектакльмен бастап, көрерменге қазақ тарихындағы аса ірі тұлғалардың бірінің өмір жолын жаңаша пайымдауға мүмкіндік берді.





