Тарих. Әдебиет. Мәдениет. Бір кеңістікте.

«Қала хикаялары» әдеби байқауына өтінім қабылдау басталды.

    Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі «Қала хикаялары» атты республикалық әдеби байқау жариялады. Проза жанрына арналған байқау қазіргі қала өмірін, адам тағдырын, қоғамдағы өзгерістерді, ұлттық болмыс пен заманауи құндылықтардың сабақтастығын көркем шығарма арқылы бейнелейтін жаңа туындыларды қолдауға бағытталған.
     Байқауға Қазақстан азаматтары қатыса алады. Қатысушылар қала тақырыбындағы, бұған дейін жарияланбаған романдарын ұсынады. Шығарманың көлемі кемінде 10 авторлық баспа табақ болуы тиіс.
    Байқауға өтінім қабылдау 2026 жылғы 1 қыркүйекте басталып, 31 желтоқсанға дейін жалғасады. Жүлде қоры да қомақты. Бас жүлде иегеріне 100 мың АҚШ доллары, бірінші орынға – 75 мың, екінші орынға – 50 мың, үшінші орынға – 30 мың АҚШ доллары беріледі. Жүлделі шығармаларды 15 мың данамен басып шығару және оларды Қазақстан кітапханаларына тарату жоспарланған.
     Министрліктің мәліметінше, байқау қазақ әдебиетіндегі қала тақырыбын кеңейтіп, заманауи урбанистік прозаның дамуына жаңа серпін беруді көздейді.
Дереккөз: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.

 

Соңғы жарияланған

Сен жазуың керек еді,  бұл жырды...

Сен жазуың керек еді, бұл жырды...

ЖҰМЕКЕННІҢ ТОПЫРАҒЫ

ЖҰМЕКЕННІҢ ТОПЫРАҒЫ

Жаңбыр жауса, қататындай Алматы үн

Жаңбыр жауса, қататындай Алматы үн

Атырауда «Бұлбұл домбыра» республикалық күйшілер байқауы қорытындыланды

Атырауда «Бұлбұл домбыра» республикалық күйшілер байқауы қорытындыланды

«Өз отыңды өшірме»: инженерге әдебиет не үшін керек?

«Өз отыңды өшірме»: инженерге әдебиет не үшін керек?

Арнайы жобалар

Сен жазуың керек еді,  бұл жырды...

Сен жазуың керек еді, бұл жырды...

ЖҰМЕКЕННІҢ ТОПЫРАҒЫ

ЖҰМЕКЕННІҢ ТОПЫРАҒЫ

Жаңбыр жауса, қататындай Алматы үн

Жаңбыр жауса, қататындай Алматы үн

Сарайшық байқауы

Маусым сайын өтетін дәстүрлі байқау
  • Үздік өлең
  • Үздік әңгіме
  • Үздік эссе
  • Үздік фото
  • Үздік материал

Дауыс беру ашық және әділ өтеді