24 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында Қазақстанның халық әртісі, көрнекті опера әншісі, актер және ұстаз Ермек Серкебаевтың 100 жылдығына арналған «Дәуірдің жарық жұлдызы» атты еске алу кеші өтті.
Кеште өнер қайраткерінің өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмесі таныстырылып, әріптестері, туыстары мен шәкірттері естеліктерімен бөлісті.
Іс-шараға дирижер, композитор Мұрат Серкебаев, музыкант Байғали Серкебаев, скрипкашы Жамиля Серкебаева, ұстаз Гүлзат Дәуірбаева, театртанушы Аманкелді Мұқанов және Ермек Серкебаевтың шәкірттері қатысты. Олар әншінің сахнадағы жолы, ұстаздық қыры мен адамдық болмысы туралы әңгімеледі.
Сондай-ақ АҚШ-та тұратын қызы Ирина Серкебаеваның бейнеүндеуі көрсетіліп, оның әкесіне арналған «Ермек Серкебаев. И жизнь, и молодость, и счастье…» атты кітабы таныстырылды.
Еске алу кешінде Ермек Серкебаевтың қазақ опера өнерінің дамуына қосқан үлесі мен кейінгі буынға қалдырған шығармашылық мұрасы сөз болды.
Кешке мәдениет және өнер қайраткерлері, әншінің туыстары мен шәкірттері, студенттер, оқушылар және өнерсүйер қауым қатысты.





