Атыраулық креаторлар Астанада өткен жәрмеңкеде екі күн ішінде 15 млн теңгенің өнімін сатты. Creative Aimaq республикалық жобасы аясындағы шара Qazaq Creative Hub алаңында өтіп, оған 10 мыңға жуық адам қатысты.
Жәрмеңкеде Атырау өңірінің қолөнершілері, дизайнерлері, суретшілері мен басқа да шығармашылық индустрия өкілдері өз өнімдерін ұсынды. Көрмеге зергерлік әшекейлер, керамика, ағаштан, былғарыдан, сүйек пен металдан жасалған бұйымдар, дизайнерлік киім топтамалары және жергілікті суретшілердің туындылары қойылды. Бағдарламада шеберлік сабақтары, театр қойылымдары мен JAIYQ.CORP тәуелсіз арт-кеңістігінің шығармашылық бағдарламасы да болды.
Creative Aimaq жобасының мақсаты – өңірлердегі шығармашылық индустрия өкілдерін қолдау, жергілікті брендтерді кең аудиторияға таныстыру және шығармашылық өнімдерді нарыққа шығаруға мүмкіндік жасау. Атыраудан кейін елордада Батыс Қазақстан облысының креативті жәрмеңкесі өтеді.
Дереккөз: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі, Kazinform.
Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.





