Тарих. Әдебиет. Мәдениет. Бір кеңістікте.

Атырауда «Зерделі ұлт: мәдениет пен таным» интеллектуалдық алаңы өтті

    Атырауда «Кітап оқитын ұлт» марафоны аясында «Зерделі ұлт: мәдениет пен таным» атты интеллектуалдық алаң мен кітап көрмесі ұйымдастырылды. Салтанат сарайында өткен мәдени шараға қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, қаламгерлер мен шығармашыл жастар қатысты.

      Іс-шараны Атырау облысы Мәдениет басқармасы, Ғ. Сланов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапхана және Қазақстан Жазушылар одағының Атырау облыстық филиалы бірлесіп ұйымдастырды. Интеллектуалдық алаңда кітап оқудың маңызы, әдебиеттің қоғамдағы рөлі, жас ұрпақтың рухани тәрбиесі және оқу мәдениетін қалыптастыру мәселелері талқыланды. Спикерлер қазіргі ақпараттық қоғамда кітаптың құндылығын сақтау, жастардың көркем әдебиетке қызығушылығын арттыру, отбасылық оқу дәстүрін дамыту жөнінде пікір алмасты. Сондай-ақ ұлттық әдеби мұраны насихаттау мен оқырман талғамын қалыптастырудың маңызына назар аударылды. Шара аясында ұйымдастырылған кітап көрмесінде келушілер назарына түрлі жанрдағы әдебиеттер ұсынылды. Қатысушылар кітаптармен танысып, әдебиет пен таным әлеміне бойлауға мүмкіндік алды. Ұйымдастырушылардың негізгі мақсаты – кітап оқу мәдениетін кеңінен насихаттау, қоғамның әдебиетке қызығушылығын арттыру және ұлттық рухани құндылықтарды дәріптеу.

     «Зерделі ұлт: мәдениет пен таным» интеллектуалдық алаңы кітап пен оқырман арасындағы байланысты нығайтуға, қоғамда оқу мәдениетін дамытуға бағытталған мазмұнды басқосу болды.

Соңғы жарияланған

Сен жазуың керек еді,  бұл жырды...

Сен жазуың керек еді, бұл жырды...

ЖҰМЕКЕННІҢ ТОПЫРАҒЫ

ЖҰМЕКЕННІҢ ТОПЫРАҒЫ

Жаңбыр жауса, қататындай Алматы үн

Жаңбыр жауса, қататындай Алматы үн

Атырауда «Бұлбұл домбыра» республикалық күйшілер байқауы қорытындыланды

Атырауда «Бұлбұл домбыра» республикалық күйшілер байқауы қорытындыланды

«Өз отыңды өшірме»: инженерге әдебиет не үшін керек?

«Өз отыңды өшірме»: инженерге әдебиет не үшін керек?

Арнайы жобалар

Сен жазуың керек еді,  бұл жырды...

Сен жазуың керек еді, бұл жырды...

ЖҰМЕКЕННІҢ ТОПЫРАҒЫ

ЖҰМЕКЕННІҢ ТОПЫРАҒЫ

Жаңбыр жауса, қататындай Алматы үн

Жаңбыр жауса, қататындай Алматы үн

Сарайшық байқауы

Маусым сайын өтетін дәстүрлі байқау
  • Үздік өлең
  • Үздік әңгіме
  • Үздік эссе
  • Үздік фото
  • Үздік материал

Дауыс беру ашық және әділ өтеді