Тарих. Әдебиет. Мәдениет. Бір кеңістікте.

Атырау облыстық филармониясы 60-шы маусымын ашты

 9 қыркүйекте Нұрмұхан Жантөрин атындағы Атырау облыстық филармониясының 60-шы  маусымы ашылды. Мерейтойлық маусым Қаршыға Ахмедияров атындағы «Нарын» халық аспаптар оркестрі мен филармонияның жеке орындаушыларының концертімен басталды.

Кеште қазақтың дәстүрлі күй өнерінен бастап, ұлттық және әлемдік музыка жауһарларына дейінгі кең тынысты бағдарлама ұсынылды. Оркестр орындауында Құрманғазы, Абай Құнанбайұлы, Қаршыға Ахмедияров, Мәкәлім Қойшыбаев, Ахмет Жұбанов, Нұрғиса Тілендиев, Шәмші Қалдаяқов сынды қазақ музыкасының көрнекті тұлғаларының шығармалары, сондай-ақ шетел классикасының үлгілері орындалды.

Концертте филармония әртістері Гүлмайдан Сүндетова, Манарбек Дәулетов, Шәрипа Жаменова, Құттыкерей Дүйсеев, Ханзада Сақыпова, Қуандық Нұғмаров, Нариман Дайыров, Назым Шаймарданова, Алида Хуанова, Мәди Айтасов, Ануар Зинеденов, Бақтоты Кәкімова, Айдана Тайыпова, Меруерт Уәли және Әсет Әлиев өнер көрсетті.

Қаршыға Ахмедияров атындағы «Нарын» халық аспаптар оркестрінің көркемдік жетекшісі әрі бас дирижері – Мәдениет саласының үздігі Ержан Қитаров, дирижері – Мәдениет саласының үздігі Сая Жұмашева.

Алпыс жылдық тарихы бар өнер ұжымы осылайша жаңа концерттік маусымын ұлттық музыка мен классикалық өнерді тоғыстырған кешпен бастады.

Соңғы жарияланған

Құм жұтқан құдықтар немесе Нарынның жер астындағы тарихы

Құм жұтқан құдықтар немесе Нарынның жер астындағы тарихы

Бір шабадан, екі Нобель сыйлығы және құтқарылған өмір

Бір шабадан, екі Нобель сыйлығы және құтқарылған өмір

Әдебиет саласындағы Нобель сыйлығы Энн Карсонға берілді

Әдебиет саласындағы Нобель сыйлығы Энн Карсонға берілді

 ӘР АДАМНЫҢ ІШІНДЕ БІР

ӘР АДАМНЫҢ ІШІНДЕ БІР "УЛИСС" БАР

                      СУРЕТКЕРДІҢ СЕРТІ МЕН ДЕРТІ

СУРЕТКЕРДІҢ СЕРТІ МЕН ДЕРТІ

Сарайшық байқауы

Маусым сайын өтетін дәстүрлі байқау
  • Үздік өлең
  • Үздік әңгіме
  • Үздік эссе
  • Үздік фото
  • Үздік материал

Дауыс беру ашық және әділ өтеді