Тарих. Әдебиет. Мәдениет. Бір кеңістікте.

Аралтөбеде екінші "Алтын адамға» арналған ашық аспан музейі ашылды.

Атырау облысының Жылыой ауданындағы Аралтөбе қорғанында ашық аспан астындағы экспозициялық музей ашылды. Бұл – Қазақстандағы Екінші «Алтын адам» табылған тарихи орын.


Аудан орталығынан 66 шақырымдай жерде орналасқан Аралтөбе қорғаны б.з.д. II ғасыр – б.з. алғашқы кезеңіне жататын археологиялық ескерткіш саналады. 1999 жылы археолог, тарих ғылымдарының докторы Зейнолла Самашев бастаған экспедиция қорғаннан ерте темір дәуіріне жататын сармат көсемінің жерленген орнын анықтаған. Содан бері бұл тарихи олжа ғылымда Қазақстанның Екінші «Алтын адамы» ретінде белгілі.
Жаңартылған экспозицияда қорғанның жасанды макеті жасалып, алтын сауыт киген сармат көсемінің жерленуі бейнеленген. Музейдің көркемдік жұмыстарын гиперреалист мүсінші Айдос Әкімғалиұлы жүзеге асырған.
Жаңа нысан көне дәуір мұрасын көпшілікке таныстырып қана қоймай, өңірдің тарихи-мәдени туризмін дамытуға да мүмкіндік береді. Аралтөбе енді қазақстандықтар мен шетелдік туристер үшін Жылыойдың маңызды тарихи орындарының біріне айналмақ.
Дереккөз: Атырау облысы әкімдігі.

Соңғы жарияланған

МҮШӘЙРА! МҮШӘЙРА! МҮШӘЙРА!

МҮШӘЙРА! МҮШӘЙРА! МҮШӘЙРА!

ҚЫЗҒАЛДАҚ ҚЫЗДЫҢ ҚАЗАСЫ (Хикая)

ҚЫЗҒАЛДАҚ ҚЫЗДЫҢ ҚАЗАСЫ (Хикая)

Жастардың таңдауы – өнер: биыл 3662 жас шығармашылық бағытты таңдады

Жастардың таңдауы – өнер: биыл 3662 жас шығармашылық бағытты таңдады

Ақындар адалдықты жырға қосты

Ақындар адалдықты жырға қосты

Сарайшық байқауы

Маусым сайын өтетін дәстүрлі байқау
  • Үздік өлең
  • Үздік әңгіме
  • Үздік эссе
  • Үздік фото
  • Үздік материал

Дауыс беру ашық және әділ өтеді