Тарих. Әдебиет. Мәдениет. Бір кеңістікте.

Алматыда Олжас Сүлейменовтің 90 жылдығына арналған көрме ашылды

    Алматы қаласы музейлер бірлестігіне қарасты Алматы музейінде Қазақстанның Халық жазушысы, Еңбек Ері, ақын, мемлекет және қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойына арналған «Тауларды аласартпай, даланы асқақтатқан...» атты көрме ашылды.

    Көрме Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен, Алматы қаласы музейлер бірлестігі мен ЮНЕСКО аясындағы Мәдениеттерді жақындастыру халықаралық орталығының ұйымдастыруымен жүзеге асырылды. Экспозиция қаламгердің әдеби мұрасы мен қоғамдық қызметін, шығармашылық ізденістері мен азаматтық ұстанымын таныстырады. Көпшілік назарына ақынның жеке заттары, қолжазбалары, кітаптары, марапаттары, тарихи құжаттары мен сирек фотосуреттері ұсынылған. Құнды жәдігерлердің бірі – кезінде кеңестік ғылыми және идеологиялық ортада үлкен пікірталас туғызған «Аз и Я» кітабының автор қолымен жазылған алғашқы нұсқасынан үзінділер. Сондай-ақ Семей ядролық полигонының жабылғанына 35 жыл толуына орай, экспозицияда Олжас Сүлейменовтің антиядролық қозғалысты қалыптастырудағы қоғамдық қызметіне арнайы орын берілген.

   Көрменің салтанатты ашылуына Алматы қаласы Мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Арман Бейсенбайұлы, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы Мереке Әбдешұлы, ЮНЕСКО аясындағы Мәдениеттерді жақындастыру халықаралық орталығының өкілдері, ғалымдар мен шығармашылық зиялы қауым қатысты. Сондай-ақ шараға ақынның қарындасы Жібек Әбдуалиқызы, мәдениет және өнер қайраткерлері, қала тұрғындары мен қонақтары жиналды. Олжас Сүлейменовтің әдеби және қоғамдық мұрасын кеңінен таныстыруды мақсат еткен көрме екі апта бойы жалғасады.

Дереккөз: Қазақстан Жазушылар одағының баспасөз қызметі.

Соңғы жарияланған

Құм жұтқан құдықтар немесе Нарынның жер астындағы тарихы

Құм жұтқан құдықтар немесе Нарынның жер астындағы тарихы

Бір шабадан, екі Нобель сыйлығы және құтқарылған өмір

Бір шабадан, екі Нобель сыйлығы және құтқарылған өмір

Әдебиет саласындағы Нобель сыйлығы Энн Карсонға берілді

Әдебиет саласындағы Нобель сыйлығы Энн Карсонға берілді

 ӘР АДАМНЫҢ ІШІНДЕ БІР

ӘР АДАМНЫҢ ІШІНДЕ БІР "УЛИСС" БАР

                      СУРЕТКЕРДІҢ СЕРТІ МЕН ДЕРТІ

СУРЕТКЕРДІҢ СЕРТІ МЕН ДЕРТІ

Сарайшық байқауы

Маусым сайын өтетін дәстүрлі байқау
  • Үздік өлең
  • Үздік әңгіме
  • Үздік эссе
  • Үздік фото
  • Үздік материал

Дауыс беру ашық және әділ өтеді