Тарих. Әдебиет. Мәдениет. Бір кеңістікте.

Алматыда 11 елдің қуыршақ театрлары бас қосады

   21 қазанда Алматыда «Almaty Puppet Festival – 2026» IV халықаралық қуыршақ театрлары фестивалі басталады. Төрт күнге созылатын өнер мерекесіне әлемнің 11 елінен 14 театр ұжымы қатысады.

   Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған фестивальде Қазақстан, Түркия, Италия, Франция, Иран, Грузия, Әзірбайжан және басқа да елдердің өнерпаздары өз қойылымдарын ұсынады. Фестиваль бағдарламасында дәстүрлі қуыршақ спектакльдерімен қатар, заманауи сахналық шешімдерге құрылған туындылар да бар. Атап айтқанда, қырғыз театры Шыңғыс Айтматовтың «Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбет» шығармасын сахналаса, Франция өнерпаздары үнді эпосына негізделген «Рамаяна» қойылымын көрсетеді.

    24 қазанға дейін жалғасатын фестиваль аясында шеберлік сабақтары мен шығармашылық кездесулер ұйымдастырылады. Халықаралық өнер додасының мақсаты – қуыршақ театрының мүмкіндіктерін кеңінен таныстырып, түрлі елдердің театр ұжымдары арасындағы шығармашылық байланысты нығайту.

Соңғы жарияланған

Сен жазуың керек еді,  бұл жырды...

Сен жазуың керек еді, бұл жырды...

ЖҰМЕКЕННІҢ ТОПЫРАҒЫ

ЖҰМЕКЕННІҢ ТОПЫРАҒЫ

Жаңбыр жауса, қататындай Алматы үн

Жаңбыр жауса, қататындай Алматы үн

Атырауда «Бұлбұл домбыра» республикалық күйшілер байқауы қорытындыланды

Атырауда «Бұлбұл домбыра» республикалық күйшілер байқауы қорытындыланды

«Өз отыңды өшірме»: инженерге әдебиет не үшін керек?

«Өз отыңды өшірме»: инженерге әдебиет не үшін керек?

Арнайы жобалар

Сен жазуың керек еді,  бұл жырды...

Сен жазуың керек еді, бұл жырды...

ЖҰМЕКЕННІҢ ТОПЫРАҒЫ

ЖҰМЕКЕННІҢ ТОПЫРАҒЫ

Жаңбыр жауса, қататындай Алматы үн

Жаңбыр жауса, қататындай Алматы үн

Сарайшық байқауы

Маусым сайын өтетін дәстүрлі байқау
  • Үздік өлең
  • Үздік әңгіме
  • Үздік эссе
  • Үздік фото
  • Үздік материал

Дауыс беру ашық және әділ өтеді