Атырау қаласы, Жұбан Молдағалиев көшесі, 29 «а» үй +77757206599 +77786810499 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Мемлекеттік қызмет саласының ардагері, «Үздік өлкетанушы» төсбелгісінің иегері, Кудряшов ауылдық округі Ардагерлер Кеңесінің төрайымы Зерек САҒЫПАЗОВА: «Білім ордасындағы тарихи-өлкетану мұражайы»

 Мемлекетіміздің Батыс қақпасында - Атырау облысы, Құрманғазы ауданының Ресей Федерациясымен шекаралас Қиғаш өзені бойында Кудряшов ауылдық округі орналасқан. Кудряшов округінің негізі 1918 жылы «Тәрбай»  Кеңесі болып құрылған. 1922 жылы «Бірлік» Кеңесі  боп атауы өзгеріп (кейіннен, әлденеше құрылымдық өзгерістен соң), 1937 жылдан бастап, Кудряшов ауылдық Кеңесі болып аталған. 
         Округ көлемінде 3 елді мекен бар – «Жаңа ауыл», «Арна», «Кудряшово».


          Осы округтің Жаңа ауыл елді мекеніндегі Ғ.Мүсірепов атындағы жалпы орта мектебінде 402 бала білім алып, 57 мұғалім дәріс беруде. Мектеп директоры Әділжан Өтепбергенов.
          Ғ.Мүсірепов атындағы мектеп оқушылары білім жолында үздік нәтижелерге қол жеткізіп, түрлі деңгейдегі олимпиадалар мен байқауларда мектеп абыройын асқақтатуда. Дарынды шәкірттердің табандылығы мен ізденімпаздығы олардың жоғары жетістіктерінен айқын көрініс табуда.          
          Мектеп оқушылары аудандық олимпиадалар мен байқауларда өте көптеген жүлделі орындарды иеленіп, жоғары нәтиже көрсетті.Дегенмен, аудан көлемінде жүлделі бірінші орындарды иеленіп, облыс деңгейінде мектеп намысын қорғаған оқушылардың ішінде де жүлдегерлер бар.
          Облыстық деңгейдегі дүбірлі додаларда жеңіс тұғырынан көрінген негізгі мектеп мақтаныштары - 5 сынып оқушысы Алекс Жарқынай, аудандық іріктеуден кейін облыстық «Зерделі ұрпақ» олимпиадасында І орын иеленіп, облыстық «Алтын сақа» олимпиадасында ІІ орынға лайық деп танылды.Сонымен қатар, «SiIkway Genius  Oiympiad» олимпиадиасында да  жоғары нәтиже көрсетіп, мектеп мерейін үстем етті.
      11 сынып оқушысы Шапетов Тұрлыбек орыс тілі пәні бойынша ғылыми жобалар байқауында ІІ орын иеленіп, білім мен ізденістің үлгісін көрсетті. Сондай-ақ «Ауыл олимпиадасы» және облыстық олимпиадада география пәні бойынша ІІІ орынға ие болды.
       Мектепте тәрбие бағыты бойынша да жетістіктер аз емес. 9 сынып оқушысы Алекс Айсана «Табиғат және өнер» байқауында Бас жүлдені жеңіп алып, шығармашылық қабілетімен ерекшеленді.
       Спорт саласында да, мектеп оқушылары жоғары жетістіктерге қол жеткізуде. Облыстық қол добы жарысында Уахитова Гүлжан мен Мейрамбекова Ақтоты жүлделі ІІорынды иеленіп, мектеп намысын абыроймен қорғады.
       Осындай жарқын жетістіктер – сапалы білім мен саналы тәрбиенің  нәтижесі.
       Біз де, жеңімпаз шәкірттер мен жетекшілерін мақтан тұтып, алдағы білім додаларында да, толағай табыстар биігінен көрінулеріне тілекшіміз.  
      «Өзін белгілі бір ұлттың өкілімін деп санайтын адам, сол ұлттың тарихын білуі тиіс». М.Арын
       Дүрбелең дүниенің көшінде жаһандануға жұтылып кетпес үшін, ұлттың ақуыз қасиетін өскелең ұрпақтың бойына сіңіру, ұлттық құндылықтарды, тарихи сананы қалыптастыру кезек күттірмейтін іс. Осы орайда, «Алтын қазық –Туған жер»дің тарихы шежіреленетін Рухани орда – Тарихи-өлкетану мұражайының ықпалды жұмысы маңызды.
      ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің, ҚР Ұлттық Мұражайы мен «Туған жер»-Қазақстандық өлкетанушылар бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің   «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында, Атырау облысы Құрманғазы ауданының өңірлік тарихы бойынша, аталған мектепте 2025 жылы 20 мамырда Тарихи – өлкетану мұражайы ашылған  еді(меңгерушісі Б.Гапуов, тарих пәні мұғалімі).   
      Мектепте Тарихи-өлкетану мұражайының ашылу Салтанатына ҚРГуманитарлық ғылымдар академиясының академигі, ҚР Еңбегі сіңген қызметкер, ҚР Жазушылар одағының мүшесі, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, Қазақстан оқу-ағарту ісінің үздігі, Атырау облысының, Құрманғазы ауданының Құрметті азаматы, «Туған жер» бірлестігінің  Үздік өлкетанушы төсбелгісінің иегері, жазушы, өлкетанушы, Құрманғазы ауданының «Өренді өлкетанушы» Клубының жетекшісі Ө.Қажымғалиев, өлкетанушылар Ж.Ғұмаров, Р.Сұлтанияев, З.Сағыпазова, «Серпер» газетінің тілшісі Қ.Ғұмаров,аудандық Мұражайдың басшысы Ж.Хайрошева, ардагер ұстаздар, ұстаздар, өзге мектептерден мұражай меңгерушілері, т.б қатысқан еді.
      Құрманғазы ауданының «Өренді өлкетанушы» Клубы мен Ғабит Мүсірепов  жалпы орта мектебі тарихи-өлкетану мұражайының 2025-2026 оқу жылындағы жұмыс жоспары,  мектеп директоры, аудандық Білім беру бөлімімен келісіліп, Құрманғазы ауданының «Өренді өлкетанушы» Клубының жетекшісі Ө.Қажымғалиевпен бекітілген.
        Тарих... «Тарихқа үңілу керек,оны таразылау керек, өйткені тарих жолы-адамның жолы, ал адамның басына, халықтың басына түскен тауқымет, оның маңдайалды ұлдарының тағдырынан тасқа басылған таңбадай айқын көрінген»   Ә.Әлімжанов
      Мұражайға округтегі ауылдардың әр жылдардағы өмір-шежіресі іспеттес  округтің, мекемелердің, мектептің құрылу тарихы, «Туған елдің тарландары»,«Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңістің 80 жылдығы», «Өткен өмір-болашақ бастауы», «Ұстаз еңбегі –алтын қазына» атты көрнекіліктер, сыр тұнған айғақтар болып табылатын танымал балықшылардың, тұлғалардың суреттері, соғыс және тыл ардагерлері, ардагер ұстаздардың өмірдеректері, киіз үй макеті, нумизматикалық,этнографиялық, тұрмыстық бұйымдар, ат әбзелдері т.б құнды жәдігерлер қойылған.  
      Мұражайдағы Қазақ КСР Балық шаруашылығының Министрі, күллі ел сыйлап, құрметтеген, өзінің алып денесіне сай, ісі де, күші де ірі, асыл адам Шайхы Әбішұлының өміржолы туралы деректердің – ұлағаты мол екендігі шүбәсіз.
      (Атап өткен жөн, 2025 жылдың шілде айында Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінің тарихи-топонимикалық экспедициясының Сафон, Кудряшов ауылдық округтері көлеміндегі жұмысы кезінде, мектеп тарихи-өлкетану мұражайының меңгерушісі Б.Гапуов мұражайда жинақталған деректерге сүйеніп, жер-су атауларын анықтауға қолдау көрсетіп, олардың қазақша атауларына ұсыныс та берген).
      Тарихи-өлкетану мұражайы – қор толықтыру, қосымша көрнекілектермен жабдықтау, үгіт-насихат, экскурсиялық қызмет көрсетуді, т.б  жүргізуде.
       2025 жылы тамыз айында, мектеп Мұражайының қорына, мемлекеттік қызмет саласының ардагері, өлкетанушы З.Сағыпазова тарихи танымдық, туған жер тарихы шежіреленген  «Құт-Тұмар» кітабын табыстады.
       Н.В.Гоголь атындағы орта мектептің 1966-1976жж.түлектері  қоғам дамуының сан-саласында еңбек етіп, зейнет төріне өрлегендер. 50 жыл өткен соң, осы жылы мамыр айында, түлектер мектептің мұражай қорына  айырықша екіжақты көрнекілік(стенд) тарту етті..
       Мектеп –тек білім беретін орын ғана емес, ол алдымен тәрбие мен тәртіп қалыптастыратын орта. Сондықтан, бұл – түлектердің осы «Алтын ұя» мектебіне, 10 жыл білім берген ұстаздарына деген құрмет әрі өскелең ұрпаққа өсиет-өнеге тұрғысында        жасақталған.
       Мұражай – тарихи-рухани зерде ордасы. Бұл Орданың өскелең ұрпақты Отансүйгіштікке, перзенттік тәлім-парызды ұлықтандыруға, ұлттық құндылықтарға тәрбиелеу мен тарихи сананы қалыптастырудағы ұлағат-тағылымы – ұшан-теңіз.
                  
       І.«Туған жер – тұғырым» (ауылдық округтің, жергілікті балық шаруашылығы ұжымшарлары мен мекемелері, Озаттар қатарындағы балықшылар, әйел балықшылар, мәдени және әлеуметтік нысандар тарихы, тарихи ғимараттар, т.б)
      ІІ. «Ұстаз – ұлық емес, Ұлы қызмет»  Б.Момышұлы  
         (Мектеп  тарихы, 1966-1976жж. оқу жылындағы мектеп директорлары, білім берген ұстаздар 27 фотосуреттері, «Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері» иегерлері,  мектеп түлектері,т.б)                                                                                                                                     
  «Мектептің жаны – мүғалім. Мұғалім қандай болса, мектебі һәм сондай болмақшы, яғни мұғалім білімді болса, білген білімін басқаға үйрете білетін болса,ол мектептен балалар көбірек білім біліп шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, оқыта білетін мұғалім »    Ахмет Байтұрсынұлы

                  Ғ.Мүсірепов атындағы жалпы орта  мектептің қысқаша тарихы
                  Тұрғындардар арасында «сауатсыздықты жою» («ликбез») мақсатында құрылған  сауат ашу курстары негізінде, «Бірлік» ауылдық Кеңесінде, 1929 жылы  Ф.И.Голощекин атындағы бастауыш 4 кластық  мектеп ашылған (алғашқы мұғалімдер  Қазбеков Байдабай, Елеуов Жолман, Алиев Сәлмен, Утеушов Калимолла) 
                 1942 жылы мектепке  В.И.Чапаев атауы берілген, 1943 жылдан бастап Жеті жылдық мектеп болды.
                1946 жылы мектепке Г.К.Жуков атауы берілген.
                1955 жылдан мектеп Сегіз жылдық болған.
                1957 жылдан мектеп Н.В.Гоголь атында.
                1969 жылдан бастап, Орта мектеп бағдарында жұмыс жасауда.
                 2009 жылы Н.В.Гоголь атындағы және «Кудряшов» орта мектептері біріктірілді, Н.В.Гоголь есімі беріліп, жаңа мектеп ғимаратына қоныстанды.
                2020 жылдан мектеп Ғ.Мүсірепов атында.
                Мектеп үш  қатарлы, ғылыми-техникалық базасы заманауи ғылыми-инновациялық талаптарға сай жабдықталған, 2009 жылы салынған,  «Жаңа ауыл»-да орналасқан    
           
                Мектеп Директорлары туралы деректер

1946-1956жж.     Төлешқали Ғабдолов, Казақ ССР-не еңбек сіңірген мұғалім
1957-1960жж.     Шолпан Әлиева
1960-1962жж.     Қыдырқожа Хасанов
1962-1975жж.     Зұлхарнай Сейтқазиев
1975-1985жж.     Қайсағали Байғазиев
1985-1988жж.     Александр Лұқпанов
1988-1990жж.     Айғаным Тұрақбаева
1990-1999жж.     Тарих Досниязов
1999-2003жж.     Сағындық Рамазанов
2003-2004жж.     Закир Шамбилов
2004- 2007жж.    Нұргүл Кайрлиева
2008-2010жж.     Шұға Сабырғалиева
2011-2012жж.     Нұрлан Сатимов
2012-2013жж.     Архимед Ғайседенов
2013-2019жж.     Асылбек Далиев
2019 -2022 жж.   Махамбет Қибашев, 
2022- 2023жж.    Марида Құрманғазиева
2023-2024жж.     Сабыржан  Жұпарғалиев
2024 жылдан      Әділжан Өтепбергенов 

          Н.В.Гоголь атындағы орта мектеп мұғалімдері:
ҒабдоловТөлешқали «Қазақ ССР-не еңбек сіңірген мұғалім» атағының иегері
 «Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері» атағы иегерлері::
Салахаденова Мнаура
Хитарбаев Темірәлі 
          Осы мектепті бітіріп елімізде және шет елдерде қызмет етіп, ерен еңбегімен халықтың абыройына бөленген әйгілі азаматтар:
           Нұрқанаев Амангелді , белгілі фтизиатор, шахматшы
           Мендалиев Амангелді, ҚР генерал-майоры
           Айтжанов Ғалымжан ҚР белгілі хирург 
           Қазиханова Баян, химия ғылымының кандидаты, доцент
           Ахметжанов Мейрам, Мұнай және Газ жөнінде Қазақстанның Ресейдегі өкілі
           Ізбасов Ерен, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің доценті.

Физика пәні мұғалімі Бақыт Байжұмаева.

Химия-биология пәні мұғалімі Мария Меңдіханова.

Бастауыш сыныптар мұғалімі Рысты Нәжимова

География пәні мұғалімі Күләш Лұқпанова
             

 Кудряшов орта мектебі тарихы

Мектептің негізі 1874 жылы Жанбайда (Никольское) қаланды.Осындағы шіркеу-приход мектебінде ауқатты орыс байлары балалары оқыған. Кейін екі сыныптық мектеп болған.1937 жылы тұрғындар Кудряшов ауылына  көшіп, мектеп бастауыш мектепке айналды.
            1939 жылы жеті жылдық мектеп болды. Жетіжылдықты бітірген балалар Ганюшкин немесе Сафон селоларына барып,оқуын жалғастыруға мәжбүр болған. 
            1957 жылдан бастап, орта мектеп болып, мектеп базасы кеңейтілді..
             Әр жылдары мектеп директорлары болып – В.И.Степанов, Л.Г.Хан, С.А.Котельников, Ю.А.Степанов, А.А.Тульчинский, А.Ф.Плотыцин, А.Лұқпанов, Е.К.Шараухова, С.Тышқанбаев, Ғ.Әлімғалиев, М.Қибашев еңбек етті.
               «Қаз.ССР еңбек  сіңірген мұғалім» атағына ие болған Кудряшов орта мектебінің мұғалімдері: Степанова А.М., Солодовникова Н.А.              
    Алғыс пен құрмет - ұстазға!   

 Қай  заманда да ұстаздың шоқтығы биік. 2026 жылы сәуір айында 50 жыл бұрын білім берген ұстаздарымыз Б.Байжұмаева, М.Мендыханова, Р.Нәжімова, К.Лұқпановаға ілтипат танытып, Алғыс хаттарымен құрметін білдірген Құрманғазы ауданының әкімі А.С.Жанғалиевқа алғыс айтамыз. 
        Сондай-ақ, Ұстаздарымыздың ауылдық округтердегі мәдени шаралар төрінде сый-құрметке бөленуіне қолдау көрсеткен Кудряшов, Құрманғазы, Орлы ауылдық округтерінің әкімдері Б.Т.Вахитов, Ә.Р.Муса, Ж.М.Бектемировке  ризашылығымызды білдіреміз.  
        Иә, Ұстаз құрмет пен тағзымға лайық тұлға...
        Ал,  «Тарих- бір ғаламат алтын көпір,
                Ұрпақты ұрпақтарға жалғайтұғын» деген емес пе ақиық ақын Жұбан Молдағалиев?!