Жаншина Бакытжамал Русланқызы, 2009 жылдың 24-ші наурызы күні Атырау каласында дуниеге келген. А.Пушкин атындагы №20 мектеп лицейінің түлегі.
Қазіргі таңда спорт – адам өмірінің ажырамас бөлігі. Әрбір адам спортпен шұғылдануы тиіс, себебі оның адам денсаулығына тигізетін пайдасы өте көп. Алайда бүгінде спортпен тұрақты айналыспайтын адамдар саны артып келеді. Сондықтан осы мақаланың негізгі мақсаты – спорттың адам өміріндегі маңызын анықтау.
«Неге спорт адамның өмірінде маңызды рөл атқарады?» деген сұрақ көпшіліктің ойында туындауы мүмкін. Себебі денсаулығымыздың мықты болып, ұзақ сақталуына көмектесетін маңызды әрекеттердің бірі - спорт.
Спорттың адамға тигізетін оң әсерлері өте мол. Біріншіден, биологиялық зерттеулерге сүйенсек спорт жүрек-қан тамырлары жүйесін нығайтады, бұлшық еттерді дамытады және адамдағы стресс пен күйзелісті азайту арқылы көңіл күйді жақсартады.
Екіншіден, технологиялардың дамуына байланысты адамдардың физикалық қозғалысы азаюда. Сол себепті спорт жалқаулықтан арылуға көмектесіп, адамды физикалық белсенділікке итермелейді.
Үшіншіден, спортпен шұғылданатын адамда тұрақтылық пен тәртіп қалыптасады. Адамның өмірлік ұстанымы нығайып, өмірге деген көзқарасы жақсара түседі.
Менің туған жерім Атырау қаласындағы зерттеулер бойынша 858 дене тәрбиесі ұжымы жұмыс істейді екен. Бұл ұжымдар болашақ спортшыларды тәрбиелеуде үлкен рөл атқарады. Соның ішінде Атырау қаласының мақтанышы Арман Шылманов ағамыз туралы айта кеткім келеді. Арман Шылманов 1984 жылы дүниеге келген. Ол таеквондо спортынан 2008 жылы Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері. Көптеген жетістіктерінің арқасында ол Атырау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының «Олимпиада резервін дайындау орталығының» директоры болып тағайындалды. Өз қаласына үлес қосу мақсатында Арман Шылманов жаттығу залын ашып, жастардың спортпен айналысуына жағдай жасады. Сондықтан біз жас ұрпақты тәрбиелеп, алға ұмтылуға жігерлендіретін тұлғаларға ерекше құрмет көрсетуіміз қажет. Осындай тұлғалар келешек ұрпаққа рух береді.
Қорытындылай келе, спорттың адам өміріндегі рөлі ерекше. Қазақ халқында «Шынықсаң, шымыр боласың» деген нақыл сөз бекер айтылмаған. Спорт – денсаулықтың кепілі. Сондықтан әр адам жалқаулықтан арылып, үнемі спортпен айналысуы қажет. Өйткені спорт тек физикалық күш-қуат беріп қана қоймай, адамның денсаулығына, көңіл күйіне және жалпы өмір сапасына оң әсер етеді.
Өзім де спортпен айналысатындықтан, менің кеңесім - ауладағы спорт құралдарын пайдалану. Себебі олар күнделікті сұранысқа ие болмаса да, адамның қозғалысын арттыруға көмектеседі. Тіпті жаяу серуендеудің өзі -спорттың бір түрі. Сол себепті спорт әр адамның өмірінің ажырамас бөлігі болуы тиіс.




