Тарих. Әдебиет. Мәдениет. Бір кеңістікте.

Ақтілек АБАЙҚЫЗЫ: «Жас зерттеушінің жарқын жеңісі»

Білім мен ғылымның дамуы – ел болашағының кепілі. Бүгінде жас ұрпақтың ғылымға деген қызығушылығы артып, түрлі деңгейдегі байқауларда өз қабілеттерін дәлелдеуде. Солардың бірі –Атырау қаласында алғаш бой көтерген #46 Келешек мектебінің 10 сынып оқушысы  Мертай Нұртөре. Ол ағылшын тілі пәні бойынша республикалық ғылыми жоба байқауына қатысып, жүлделі І орынды иеленді.


Бұл жеңіс – табандылық пен ізденістің, білімге деген құштарлықтың нәтижесі. Нұртөре ғылыми жоба барысында ағылшын тілін терең меңгеріп қана қоймай, өз ойын еркін жеткізе алатын, зерттеу жүргізуге қабілетті дарынды оқушы екенін көрсетті. Оның жұмысы қазылар алқасы тарапынан жоғары бағаланып, үздік жоба ретінде танылды.
Жас зерттеушінің бұл жетістігі – мектеп мерейі ғана емес, ұстаз еңбегінің де жемісі. Оқушыға бағыт-бағдар беріп, ғылыми ізденіске баулыған жетекшісі Ергалиева Эльмира  Отарғалиқызының еңбегі зор. Осындай шәкірт тәрбиелеу – әр педагог үшін үлкен мақтаныш.


Нұртөренің жеңісі өз қатарластарына үлгі болып, ғылымға қызығатын жастардың қатары арта түсетініне сенім мол. Болашақта да биік белестерді бағындырып, ел намысын қорғайтын білімді жастар көбейе берсін!
Мертай Нұртөрені жеңісімен құттықтай отырып, алдағы уақытта жаңа жетістіктер мен толағай табыстар тілейміз!

Соңғы жарияланған

Махамбеттен Высоцкийге жеткен ән

Махамбеттен Высоцкийге жеткен ән

ЕРТЕҢ ДЕ ӨМІР СҮРУІМ КЕРЕК

ЕРТЕҢ ДЕ ӨМІР СҮРУІМ КЕРЕК

«ҮРЗАДА ЖЫРЫ ЖАНЫМНЫҢ...»   (Е.Раушанов поэзиясы хақында)

«ҮРЗАДА ЖЫРЫ ЖАНЫМНЫҢ...» (Е.Раушанов поэзиясы хақында)

«ҮРЗАДА ЖЫРЫ ЖАНЫМНЫҢ...»   (Е.Раушанов поэзиясы хақында)

«ҮРЗАДА ЖЫРЫ ЖАНЫМНЫҢ...» (Е.Раушанов поэзиясы хақында)

Айткеш Толғанбаев. Үзілмеген әуен

Айткеш Толғанбаев. Үзілмеген әуен

Сарайшық байқауы

Маусым сайын өтетін дәстүрлі байқау
  • Үздік өлең
  • Үздік әңгіме
  • Үздік эссе
  • Үздік фото
  • Үздік материал

Дауыс беру ашық және әділ өтеді