Атырау қаласы, Жұбан Молдағалиев көшесі, 29 «а» үй +77757206599 +77786810499 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті «Журналистика және репортер ісі» мамандығының 2-ші курс студенті Нұрай НҰРБОЛАТҚЫЗЫ: «Жасыл ел» еңбек маусымының ашылуы өтті

Атырау қаласында «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының XXII маусымының ашылу салтанаты ұйымдастырылды.

Іс-шараға Атырау қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұрбол Өтегенәлиев қатысып, жастарды жаңа еңбек маусымының басталуымен құттықтады. Ол өз сөзінде жастар еңбегінің маңыздылығына тоқталып, қоғамға пайдалы бастамалардың әрдайым қолдау табатынын атап өтті.

Сондай-ақ жоба жетекшісі Заманбек Құрақбай «Жасыл ел» бағдарламасының негізгі бағыттары мен алдағы жоспарлары туралы ақпарат берді.

Шара барысында арнайы қонақтардың қатысуымен түрлі танымдық және мәдени бағдарламалар ұсынылды. Қатысушылар үшін фотобұрыш пен экокөрме ұйымдастырылып, Атыраудың жас өнерпаздары өнер көрсетті.

Биылғы маусымда 100 жас еңбекке тартылып, қала мен ауылдық округтердің көркеюіне өз үлестерін қоспақ.