Егер тағдыр кітап болса, онда адам - жай ғана қалам емес, сол кітаптың авторы. Бірақ мен бұлай ойламадым. Ұзақ уақыт бойы өзімді біреудің қолындағы қалам сияқты сезіндім.
Себебі менің тағдырым бала кезімнен-ақ жазылып қойғандай еді. Әке-шешем мен үшін бәрін шешіп қойған. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған күнімнің өзінде:
-Балам, осы мектепті бітіргесін, университетке түсіп, мұғалім боласың, -дейтін. Ал мен үнсіз бас изей беретінмін. Басқа жол барын да ойламадым. Тіпті уақыт өте келе сол арманды өзімдікі деп қабылдап кеттім.
Жалпы, өзімді таныстыра кетейін. Есімім -Ғалымжан. Бұл атты атам ырымдап қойған. Біздің әулетте ұстаздық-жай мамандық емес, тұтас бір тағдыр секілді. Атам — ауыл мектебінің директоры болған, әжем — сол мектептің орынбасары. Әкем - университетте декан орынбасары, ал анам - мен оқыған мектепте математика пәнінің мұғалімі.
Сондықтан маған кішкентайымнан:
-Сен мұғалім боласың!-деп қайталай беретін. Бірақ уақыт өте келе менің ішкі дүнием өзгере бастады.
Бесінші сыныпта теледидардан бір топ жігіттерді көрдім. Алғашында: “Бұлар кәрістер ме?” деп таңғалған едім. Бірақ олар қазақша ән айта бастады. Сол сәтте бір нәрсе ішімде қозғалды. Олар тек ән айтып тұрған жоқ еді — олар еркіндікті көрсетіп тұрды. Өздерін. Өз жолдарын. Сол күннен бастап менің жүрегімде басқа арман оянды.
Алтыншы сыныпта туған күніме жиналған ақшама ешкімге айтпай вокал сабағына жазылдым. Әр сабаққа барған сайын өзімді тірі сезінетінмін. Бірақ бұл ұзаққа созылмады. Екі айдан кейін ата-анам біліп қойды.
-Әншілікке жолама!-деді.
Сол күні мен тек сабақтан емес, өз арманымнан да қайтқандай болдым.
…Бірақ арман оңайлықпен өшпейді екен.
Оныншы сыныпта мен әнге қайта оралуыма себеп болған адамды кездестірдім.
Ол-Гүkсім еді. Сыныбымызға жаңадан келген қыз. Оны алғаш көрген сәт әлі күнге дейін есімде. Бұрын “ғашық болу” деген сөзді жай ғана сөз деп ойлайтынмын. Ал6 сол күні оның мағынасын түсіндім. Мен оны бір көргеннен-ақ сүйіп қалдым.
Гүлсім тек әдемі емес еді. Оның күлкісі — сыңғырлаған әуен сияқты, ал дауысы — жүрекке тыныштық сыйлайтын бір әуез еді. Сол сәттен бастап мен өзімді тағы да “қалам” емес, жазғысы келетін адам сияқты сезіне бастадым. Бірақ мәселе біреу еді… Мен әлі де біреудің қолындағы қалам болатынмын.
Арада екі жыл өтті. Ата-анамның қалауымен университетке түстім. Қазақ әдебиеті мұғалімі мамандығына. Бұл да-олардың таңдауы еді. Түскеніме өкінбеймін… бірақ ішімде бір дауыс бар. Әлі күнге дейін өшпеген. Сол алтыншы сыныптағы Ғалымжанның дауысы.
-Неге біз әншілікті жалғастыра алмадық? — деп, ол мені күнде мазалайды.
Түнде көзімді жұмсам болды, сол сұрақтар қайта тіріледі:
- Неге менің тағдырымды басқа біреу шешті?
- Неге мен өз жолымды таңдамадым?
- Неге?.. Бұл “негелер” мені іштен жеп бара жатты.
Бір күні университет дәлізінде жүріп, көзім бір плакатқа түсті:
“Tynys" студенттік музыкалық тобымызға вокалист іздеудеміз!”
Сол сәтте ішімде бір нәрсе оянды. Жоқ… ол жай қызығушылық емес еді. Бұл-баяғы, он екі жастағы Ғалымжанның үміті болатын. Мен көп ойланбадым. Баруға шешім қабылдадым.
Кірген сәтім әлі есімде. Бөлме іші тыныш. Бірнеше адам маған қарап отыр.
-Ән айтып беріңіз,-деді.
Сол сәтте жүрегім кеудеме сыймай кетті. Өмірімде бірінші рет біреулердің алдында ән айтқалы тұрмын. Алғашында даусым дірілдеді. Қолдарым да қалтырады. Бірақ… бір сәтте көзімді жұмдым. Және бәрін ұмыттым. Университетті де, ата-анамның сөзін де, қорқынышты да. Тек өзімді ғана қалдырдым. Мен ән айттым. Ән аяқталған кезде бөлме іші үнсіз қалды. Сол үнсіздік мені қорқытқан жоқ.
Керісінше… үміт сыйлады. Бір-біріне қарап, таң қалғандай болды. Ал, мен… алғаш рет өзімді “біреудің қолындағы қалам” емес,
өз тағдырын өзі жаза алатын адам сияқты сезіндім.
Сол сәттен бастап өмірім түбегейлі өзгерді. Жаңа орта, сүйікті іс. Сол ісіме барымды салдым. Себебі бұл тек менің ғана арманым емес,бұл - үмітін жоғалтпаған он екі жасар Ғалымжанның да арманы. Дәл сол кездерден бастап тағдырымды жазатын қаламды өзімнің қолыма алғандай сезіммен жүрдім. Арада қанша жыл өтседе,адам өз арманын қуып жетелеу қажет. Өмір қаншалықты алдына сынақ алып келсін, өз дегеніне қолын созып жету керек.
Сол сәттен бастап өмірім түбегейлі өзгерді.
Жаңа орта. Сүйікті іс.
Мен сол іске барымды салдым.
Себебі бұл тек менің ғана арманым емес еді.
Бұл-үмітін жоғалтпаған он екі жасар Ғалымжанның да арманы болатын.
Дәл сол кезден бастап мен тағдырымды жазатын қаламды өз қолыма алғандай сезіндім.
Арада қанша жыл өтсе де, адам өз арманын қуып жетуі керек.
Өмір қанша сынақ әкелсе де, өз арманыңа қол созудан қорықпау қажет.
…
Күндердің бір күнінде, әдеттегідей дайындықтан шығып келе жатқанымда, дәліздің соңынан таныс дауыс естілді:
-Ғалымжан?
Жүрегім бір сәтке тоқтап қалғандай болды. Артқа бұрылдым. Гүлсім.
Сол сәтте уақыт тоқтап қалғандай еді. Бұған дейін сабырлы соғып тұрған жүрегім бірден атша тулай бастады.
Екі жыл өтсе де, ол мүлде өзгермепті. Сол баяғы сұлулық.
Ал, дауысы… сол баяғы сыңғырлаған әуез.
-Гүлсім?-дедім сенбей.
-Мә, сені көрем деп ойламаппын. Көріспегелі екі жыл болды ғой деймін. Сен де осы университеттесің бе?
-Иә, тіл-әдебиет факультетінде оқимын. Ал сен ше?
-Мен журналистикаға түстім. Мә, өзгеріп кетіпсің.
-Рақмет. Ал, сен… сол баяғыша сияқтысың.
-Иә? Сонда мүлдем өзгермегенмін бе?
Мен сәл жымиып:
-Сол баяғыша әдемісің дегенім ғой, — дедім. Гүлсім ұялып, көзін төмен түсірді.
-Рақмет, — деді жай ғана.
-Сен қайда бара жатырсың?
-Сабаққа. Ал, сен?
-Мен дайындықтан шығып келе жатырмын. “Tynys” деген топты естіген шығарсың? Сол топтың басты вокалисімін.
-Мә, сен ән айтасың ба?
-Иә. Бір аптадан кейін акт залында концерт береміз. Қаласаң, сен үшін арнайы орын алып қояйын.
-Ой, рақмет! Міндетті түрде барамын. Сенің ән айтқаныңды көргім келеді.
-Онда келістік. Концертте күтемін, дедім тағы да жымиып
-Жақсы, мен сабаққа кешігіп бара жатыр едім. Көріскенше, Ғалым.
-Көріскенше, Гүлсім.
Ол кетіп бара жатты. Ал, мен орнымда тұрып қалдым. Жүрегім кеудеме сыймай, атша тулап тұр. Екі жыл өтсе де, ештеңе өзгермегендей. Ол әлі де сол баяғыдай әдемі. Ал, мен…? Мен енді бұрынғы Ғалымжан емес едім.
Концертке санаулы күндер қалған еді.
Дайындық күннен-күнге күшейіп, мен уақытымның көбін “Tynys”-пен өткізе бастадым. Сабақ болса екінші орынға сырғып кетті. Алғашында мән бермедім.
“Жетіп аламын” деп ойладым. Бірақ өмір әрдайым кешіре бермейді екен.
…
Бір күні үйге кірсем, ауа райының өзі өзгеріп кеткендей болды. Үйдің іші тып - тыныш. Әкем мен анам дастархан басында отыр.
-Ғалымжан,-деді әкем.
-Мұнда келші. Жүрегім бірден бір жамандықты сезді.
Алдындағы қағазды көрген сәтте бәрін түсіндім. Бағаларым.
-Бұл не?-деді әкем салқын дауыспен. -Біз сені университетке оқысын деп жібердік. Ал, мұғалімдеріңнің айтуынша, сен ән айтатын топқа кіріп кетіпсің. Балам-ау, неге оқымайсың? Біз сенен білікті маман шығады деп сеніп отырмыз ғой. Уақытыңды неге босқа құртасың? Мен үндемедім.
-Біз саған қандай үміт арттық?!-деді әкем даусын көтеріп.-Сен мұғалім болуың керек! Ал сен…
Ол бір сәтке тоқтап, көзіме тіке қарады.
-Неге сен ән айтып жүрсің? Біз саған не дедік-соны ұмыттың ба? Егер уақытыңды осылай өткізсең, қандай мұғалім шығасың сенен? Айтшы! Неге бізді алдайсың?
Мен тағы да үндемедім. Үй іші тып-тыныш. Үнсіздік… ауыр. Ұзақ.
-Әке…-дедім ақыры. Даусым өзіме жат естілді.
-Неге менің тағдырымды сіздер шештіңіздер? Неге мен өзім қалаған жолды таңдай алмадым? Неге мені бір рет болса да «кім болғың келеді?» деп сұрамадыңыздар? Көзімнен жас еріксіз сырғып кетті.
-Бала кезімнен сіздердің айтқандарыңызбен жүрдім. Бірақ… ол маған ұнай ма, соны бір рет болса да ойладыңыздар ма?
Әкем үндемеді.
-Айтыңызшы… -дедім даусым дірілдеп. -Неге мен өмір бойы сіздердің армандарыңызбен өмір сүруім керек?
-Жетер!-деді әкем үстелді қатты ұрып. - Енді әнмен айналысатыныңды естімейін!
Сол сәтте ішімде бір нәрсе сынып кеткендей болды. Бірақ дәл сол сынықтың орнында жаңа бір нәрсе пайда болды. Мен басымды көтердім.
-Жоқ,-дедім жай ғана.
Екеуі де маған таңырқай қарады.
-Мен тоқтатпаймын.
Даусым қатты шықпаса да, анық естілді.
-Бұл жай әуестік емес. Бұл-менің арманым.
-Арман?-деді әкем ашуланып. -Біздің сөзіміз арман емес пе?!
Мен бір сәт үнсіз тұрдым да, баяу ғана жауап бердім:
-Сіздердің армандарыңыз - сіздердікі.
Ал, бұл - менікі.
Анам көз жасын сүртіп тұр. Әкем үнсіз қалды. Ал, мен өмірімде алғаш рет өз тағдырымды өзім қорғап тұрғанымды сездім.
………..
Концерт күні де келді. Акт залы адамға лық толы. Жарықтар жанып, сахна дайын тұр. Ал, мен сахнаның артында тұрмын. Қолым дірілдейді. Жүрегім атша тулап барады. Бірақ бұл жолы қорқыныш емес еді. Бұл-нағыз жауапкершілік.
Өзім үшін. Арманым үшін және Гүлсім үшін.
……….
- Келесі болып сахнада “Tynys” тобы! - деген дауыс естілді.
Сахнаға шықтым. Жарық көзімді шағылыстырды. Бір сәтке ештеңе көрінбеді.
Бірақ… бір таныс бейнені байқадым. Алдыңғы қатарда - Гүлсім. Ол маған қарап, жай ғана жымиып тұр. Сол сәтте бәрі орнына келгендей болды.
Музыка басталды. Мен көзімді жұмдым. Толқып тұрып, көрермен алдында ән айттым. Бұл жолы бұрынғыдай қорқыныш жоқ. Бұл жолы мен өзім үшін айтып тұрмын. Әр сөздер арқылы жылдар бойы жиналған ата-анама деген ренішімді шығарғандай болдым.
Әннің ортасына келгенде, зал іші тып-тыныш болып кетті. Барлығы тыңдап тұр. Сол сәтте мен тағы бір нәрсені байқадым. Залдың арт жағында әкем мен анам тұр.
Олар келген. Жүрегім бір сәтке дір етті. Бірақ мен тоқтамадым. Керісінше даусымды бұрынғыдан да қаттырақ, анық шығардым. Бұл-менің жауабым еді. Оларға. Тағдырға. Өзіме.
Ән аяқталды. Бір сәт үнсіздік. Сосын… қатты қол шапалақ. Зал толығымен орнынан тұрып кеткендей. Ал, мен ата-анама көз тастадым. Анам қуаныштан көз жасы толып тұр. Ал, әкем үнсіз. Бірақ алғаш рет… оның көзінде ашу емес, ой байқалғандай көрінді.
Сахнадан түскен соң, біреу жүгіріп келіп құшақтады. Гүлсім екен.
-Орындауың керемет шықты, - деді ол сыбырлап.
Мен күлімсіреп:
- Рақмет келгеніңе, - дедім.
Сол сәтте мен түсіндім. Мүмкін, мен ұзақ уақыт бойы біреудің қолындағы қалам болған шығармын. Бірақ бүгін… мен өз тағдырымның алғашқы бетін өзім жаздым.
Бұрын мен өзімді біреудің қолындағы қалам деп ойлайтынмын.
Ал, қазір түсіндім: адам - қалам емес, өз тағдырының авторы.




