1998 жылдың 4 қыркүйегінде АҚШ-та бұрын ешкім аса мән бермеген шағын компания ресми тіркелді.
Оның негізін қалаған екі аспирант – Ларри Пейдж бен Сергей Брин. Олар интернеттен ақпарат іздеуді жеңілдететін жаңа жүйе ойлап тапқан еді.
Кейін бұл жоба Google деп аталып, миллиардтаған адамның күнделікті өмірінің бір бөлігіне айналды. Бүгінде бір күнде осы іздеу жүйесінде миллиардтаған сұраныс жасалады. Ал бәрі университет зертханасындағы ғылыми жобадан басталған.





