1994 жылдан бері 5 қазан Дүниежүзілік мұғалімдер күні ретінде аталып өтеді.
Бұл күннің таңдалуы кездейсоқ емес. Дәл осы күні, 1966 жылы Парижде ЮНЕСКО мен Халықаралық еңбек ұйымы мұғалімдердің мәртебесіне қатысты тарихи құжатты қабылдаған. Құжатта ұстаздардың құқығы, еңбек жағдайы, кәсіби еркіндігі мен қоғамдағы орны алғаш рет халықаралық деңгейде айқындалды. Қазақстанда да 2023 жылдан бастап Мұғалімдер күні бұрынғы қазанның алғашқы жексенбісінен 5 қазанға ауыстырылып, Дүниежүзілік мұғалімдер күнімен сәйкестендірілді.
Әлемнің жүзден астам елінде 5 қазан ұстаз еңбегінің маңызын еске салатын күн ретінде аталып өтеді.





