1969 жылы 29 қазанда қазақ эстрадасының тарихында ерекше орны бар «Гүлдер» ансамблі алғашқы концерттік бағдарламасын ұсынды.
Қазақстанның халық әртісі Гүлжихан Ғалиеваның жетекшілігімен құрылған ансамбль ұлттық ән мен биді заманауи эстрада өнерімен ұштастырып, қазақ сахнасына жаңа леп әкелді. «Гүлдер» ансамблі Роза Рымбаева, Нағима Есқалиева, Мақпал Жүнісова сынды белгілі өнерпаздардың шығармашылық жолында маңызды рөл атқарды. Ұжым қазақ өнерін әлемнің көптеген елдерінде таныстырды.
Биыл «Гүлдер» ансамблінің алғашқы сахналық өнер көрсетуіне 57 жыл толды.





