2015 жылы Қазақстанның Мәдениет және спорт министрлігі Италия мұрағатынан ортағасырлық қыпшақ тілінің құнды жазба ескерткіші – «Кодекс Куманикус» қолжазбасының электрондық көшірмесін елімізге жеткізді.
XIII–XIV ғасырларға жататын бұл еңбек латын, парсы және қыпшақ тілдеріндегі сөздіктерден, діни мәтіндер мен жұмбақтардан тұрады. Қолжазба сол дәуірдегі қыпшақтардың тілі, дүниетанымы мен рухани мәдениеті туралы маңызды мәлімет береді.
Түпнұсқасы Италияның Венеция қаласындағы Әулие Марк кітапханасында сақталған. «Кодекс Куманикус» – түркі халықтарының ортақ жазба мұраларының бірі.





