2001 жылы 23 қазанда Стив Джобс әлемге алғашқы iPod музыкалық ойнатқышын таныстырды.
Шағын ғана құрылғыға 1000 ән сыйып, қуаты 10 сағат бойы үздіксіз музыка тыңдауға жететін. Сол кезеңде бұл технологиялық жаңалық еді. Бұрын адамдар сүйікті әндерін тыңдау үшін кассета немесе компакт-диск алып жүрсе, енді тұтас музыкалық жинағын қалтасына салып жүре алатын болды. iPod музыка тыңдау мәдениетін өзгертіп, кейінгі цифрлық құрылғылардың дамуына ықпал етті.
Биыл алғашқы iPod таныстырылғанына 25 жыл толды.





