1936 жылы 2 қарашада Лондондағы Александра сарайынан BBC әлемдегі алғашқы тұрақты жоғары айқындықтағы телевизиялық хабар тарату қызметін іске қосты.
Алғашқы эфир күндізгі сағат үште басталды. Экраннан әншілер мен бишілер өнер көрсетті. Ол кездегі теледидарлардың экраны шағын, бейнесі ақ-қара еді. Теледидар сатып алу да екінің бірінің қолынан келе бермейтін.
Сол күні басталған тәжірибе кейін адамзаттың ақпарат алу, дүниені тану, тіпті ойлау дағдысын өзгерткен тұтас бір дәуірге жол ашты.
Биыл тұрақты телевизиялық хабар тарату тарихындағы осы маңызды оқиғаға 90 жыл толды.
Дереккөз: BBC тарихы және Александра сарайының ресми мұрағаты.





