1989 жылы 19 қазанда Семей ядролық полигонында соңғы жерасты ядролық жарылысы жасалды.
Бұл — қырық жыл бойы қазақ даласын дүр сілкіндірген ядролық сынақтардың ең соңғысы еді. 1949 жылғы 29 тамызда басталған сынақтар барысында Семей полигонында барлығы 456 ядролық жарылыс жүргізілді. Оның зардабы табиғатқа да, адам денсаулығына да ауыр тиді. Соңғы жарылыстан кейін араға екі жылға жуық уақыт салып, 1991 жылғы 29 тамызда Семей ядролық полигоны ресми түрде жабылды.





