Тарих. Әдебиет. Мәдениет. Бір кеңістікте.

18 қыркүйек: Әлемдік баспасөз тарихындағы айтулы күн

1851 жылғы 18 қыркүйекте Нью-Йоркте кейін әлемдегі ең танымал әрі ықпалды басылымдардың біріне айналған The New York Times газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Басылым алғашында New-York Daily Times деген атаумен шыққан. Оның негізін журналист әрі саясаткер Генри Джарвис Реймонд пен баспагер Джордж Джонс қалады. Алғашқы саны небәрі төрт беттен тұрған.
Газет сол кезеңдегі сенсацияға әуес баспасөзден өзгеше бағыт ұстанып, ақпаратты байыппен әрі дәл жеткізуді мақсат етті. 1857 жылы басылымның атауы The New York Times болып өзгертілді.
Содан бері 175 жыл өтті. Бір кездері төрт бет болып жарық көрген газет бүгінде әлемдік журналистика тарихының ажырамас бөлігіне айналды.
Бір дерек: The New York Times-тың 1851 жылғы алғашқы санының цифрланған нұсқасы бүгінге дейін сақталған.


«The New-York Daily Times газетінің алғашқы саны. 18 қыркүйек, 1851 жыл. Фото: Wikimedia Commons / Public Domain»

Соңғы жарияланған

Құм жұтқан құдықтар немесе Нарынның жер астындағы тарихы

Құм жұтқан құдықтар немесе Нарынның жер астындағы тарихы

Бір шабадан, екі Нобель сыйлығы және құтқарылған өмір

Бір шабадан, екі Нобель сыйлығы және құтқарылған өмір

Әдебиет саласындағы Нобель сыйлығы Энн Карсонға берілді

Әдебиет саласындағы Нобель сыйлығы Энн Карсонға берілді

 ӘР АДАМНЫҢ ІШІНДЕ БІР

ӘР АДАМНЫҢ ІШІНДЕ БІР "УЛИСС" БАР

                      СУРЕТКЕРДІҢ СЕРТІ МЕН ДЕРТІ

СУРЕТКЕРДІҢ СЕРТІ МЕН ДЕРТІ

Сарайшық байқауы

Маусым сайын өтетін дәстүрлі байқау
  • Үздік өлең
  • Үздік әңгіме
  • Үздік эссе
  • Үздік фото
  • Үздік материал

Дауыс беру ашық және әділ өтеді