1926 жылы 14 қазанда ағылшын жазушысы Алан Александр Милннің «Винни-Пух» (Winnie-the-Pooh) атты кітабы алғаш рет жарық көрді. Биыл әлем балалар әдебиетінің классикасына айналған шығарманың жарияланғанына тура 100 жыл толып отыр.
Кітаптың дүниеге келуіне жазушының ұлы Кристофер Робин мен оның ойыншықтары себеп болған. Винни-Пух, Пятачок, Иа-Иа және басқа да кейіпкерлердің бірқатары баланың шынайы ойыншықтарынан алынған. Ал кітаптағы орманның бейнесіне Англиядағы Ашдаун орманы негіз болған.
Қонжықтың Винни есімі Лондон хайуанаттар бағында өмір сүрген Winnipeg атты аюдан шыққан. Кристофер Робин сол аюды ерекше жақсы көріп, өзінің ойыншық қонжығын оның құрметіне атаған. Кітаптың алғашқы суреттерін ағылшын суретшісі Эрнест Ховард Шепард салған. Кейін Винни-Пух мультфильм кейіпкеріне айналып, әлемнің көптеген тілінде сөйлей бастады.
Бір ғасыр өтсе де, балалық шақтың аңғалдығын, достық пен мейірімді бейнелейтін Винни-Пух оқырман сүйіспеншілігін жоғалтқан жоқ.





