Контекст
- Толығырық
- : Контекст
- : 207
Өткен ғасырдың 70-жылдарының басында Олжас Сүлейменов досы, орыстың әйгілі ақыны Андрей Вознесенскийге Махамбет өлеңдерін аударуды ұсынады. Махамбетті аудару — қиынның қиыны. Оның жырларындағы шамырқанған кек пен өрттей ыстық ызаны, ащы үн мен қасіретті жалғыздықты басқа тілге сол қуатымен көшіру оңай емес.
- Толығырық
- : Контекст
- : 347
Адамды құл ету үшін оның қолына кісен салу міндетті ме? Кейде адамның санасы бұйдаланатын жағдайлар болады ғой... Ол кісеннің мықтылығы соншалық, адам ғайыптан тайып босап кетсе, одан әрі не істерін білмей қалады. Біреу бұйырмаса не жол көрсетпесе, қайда барарын, нені қалайтынын, тіпті өзінің кім екенін ажырата алмайды.
- Толығырық
- : Контекст
- : 343
Сүйікті жазушым Иван Буниннің замандастары туралы естеліктерін оқығанда кейде әдеби мемуар емес, әлдебір мейрімсіз соттың хаттамасын оқып отырғандай күй кешемін. Ол ешкімнің атағына қызғана қараған емес. Бірақ неге екенін, бір кезде араласқан, дастархандас болған, хат жазысып, шығармашылық байланыста жүрген адамдарын кейін аяусыз мысқылмен әжуалады. Максим Горький де, Владимир Маяковский де, Сергей Есенин де, Александр Блок та, Александр Куприн де оның өткір тілінен аман қалған жоқ. Қарап отырсаң, барлығы да бір-бір шың, сүйекті қаламгерлер. Демек, Буниннің ащы мысқыл, қатал сынының барлығы бірдей нысанаға дөп тиді деуден аулақпыз, әрине...
- Толығырық
- : Контекст
- : 149
Кениялық жазушы Нгуги ва Тхионго әдебиетке ағылшын тілінде келді.
1960-жылдары оның алғашқы романдары жарық көріп, жас қаламгердің өз Отанынан тыс жерде де танымалдығы арта бастады. Ол өз дәуірінің, өз ұлтының патриоты ретінде британдық отарлау дәуірін, Кенияның тәуелсіздік жолындағы күресін, жаңа қоғамның қайшылықтарын жазды. Ағылшын тілі оған үлкен аудиторияға шығуға мүмкіндік берді. Бірақ жылдар өте келе жазушыны басқа мәселе мазалай бастайды: ол өзі кім үшін жазып жүр?





