Ермұрат Бапи
Саясаткер, журналист
1. Қай классикті қайталап оқып жүрсіз?
Шынымды айтсам, бір кездері оқылған классиктерді қайталап оқуға мұрша жоқ. Бүгінде көбінесе саяси мемуарлар оқуға тырысам. Оның үстіне, әлеуметтік желі деген тажал талай уақытты жеп қояды.
2. Уақытты адам ойлап тапты дегенге келісесіз бе? Мәселен, басқа тіршілік иелері үшін уақыт деген ұғым жоқ.
Өткінші жауын сияқты өмірдің мәні уақытпен өлшенеді. Ал ол мәнді адам баласынан басқа тіршілік иесі түйсінбейтіні нақ!
3. Өзіңіз туралы жұрттың ең қате түсінетін нәрсесі қандай?
Сенің жүрек қалауыңмен жүрген сарсаңды бұ жұрттың сан-саққа жүгіртетіні!
4. Қай мінезіңізбен әлі күнге күресіп келесіз?
Күнде күресіп жүргенім шамалы... Бірақ адам баласына сенгіштігім мен ақкөңілдігімнен күнібүгінге дейін таяқ жеп келем.
5. Соңғы рет сізді шын мәнінде таңқалдырған нәрсе?
Жасанды интеллект және оның жуық жылдары адамзатты жаулап алауы мүмкін құдіреті таңдандырып қана қоймайды, қатты қорқытады.
6. Өміріңізде бір сәтті қайта бастан өткеруге мүмкіндік берілсе, қай сәтті таңдар едіңіз?
Шіркін-ай, 17 мен 25 жастың арасына бір барып, тұлымы желкілдеген жастығым мен «жалғызым» деп, мені бауырына басатын анамды бір көріп қайтсам ғой деп қиялдаймын!
7. Сіздің өміріңіздегі Сизифтің тасы не?
Артық салмақтан арылу.
8. Егер өз болмысыңызды кез келген бір құстың табиғатымен салыстыру керек болса, сіз қандай құссыз?
Сұңқармын десем, біреулерді күлдірермін... Шамасы, мен бозторғай шығармын.
9. Егер үйіңіздегі барлық кітаптан үш кітап қана қалдыруға тура келсе, қай үшеуін сақтап қалар едіңіз?
Үш кітапты емес, үш авторды сақтап қалуға тырысамын: романтизммен жылыну үшін - Ромен Роллан, немерелеріме - Бердібек Соқпақпаев, өзім үшін - Дулат Исабеков!





