Тарих. Әдебиет. Мәдениет. Бір кеңістікте.

Гүлмира СҮЙЕКЕНОВА: «АЗИЯ ЖҰЛДЫЗДАРЫ»

 Джиу-джитсудан Азия чемпионы атанған  Болашақ Жасұланұлы мен Қарақат Жасұланқызына және болашақ чемпиондарға арнаймын.

                                                                                                                                                                                     
Желбіреп алып тұлымың
Бәйгеге түскен құлыным!
Сендерсіңдер ендігі
Ертеңім менен бүгінім!
Жырымды саған төгемін,
Батамды саған беремін!
Басыңнан бағың таймасын,
Жарқырап жүзің жайнасын!
Сүрінбесін тұяғың,
Шарықтасын қиялың!
Аман боп қалың орманың,
Орындалсын арманың!
Достарың әркез қолдасын,
Дұшпандар, іштен тынарсың!
Ей, менің кішкене құлыным,
Биік болсын тұғырың!
Тастама жерге сөзімді,
Берсін пәк саған сезімді,
Қайратты болғын төзімді!
Тіл-көзден түрлі пәледен,
Қорғасын Алла өзіңді!
Ал, көрсет, кәне, кеңдікті,
Ал, көрсет, кәне, теңдікті,
Ерлікті көрсет, елдікті!
Кеудеңді кернеп жалғыз сөз:
Мен қазақтың ұлымын!
Бөтен елдің төрінде,
Найзағай намыс жарқ етті,
Тітіретті жер-көкті!
Қанымды қара, тулаған,
Әлемді қара, шулаған!
Қыраным көкте қалықтап,
Ұраным кетті шарықтап!
Жеңістің туы біз жақта,
Жеңістің туы біз жақта!
 

Соңғы жарияланған

Махамбеттен Высоцкийге жеткен ән

Махамбеттен Высоцкийге жеткен ән

ЕРТЕҢ ДЕ ӨМІР СҮРУІМ КЕРЕК

ЕРТЕҢ ДЕ ӨМІР СҮРУІМ КЕРЕК

«ҮРЗАДА ЖЫРЫ ЖАНЫМНЫҢ...»   (Е.Раушанов поэзиясы хақында)

«ҮРЗАДА ЖЫРЫ ЖАНЫМНЫҢ...» (Е.Раушанов поэзиясы хақында)

«ҮРЗАДА ЖЫРЫ ЖАНЫМНЫҢ...»   (Е.Раушанов поэзиясы хақында)

«ҮРЗАДА ЖЫРЫ ЖАНЫМНЫҢ...» (Е.Раушанов поэзиясы хақында)

Айткеш Толғанбаев. Үзілмеген әуен

Айткеш Толғанбаев. Үзілмеген әуен

Сарайшық байқауы

Маусым сайын өтетін дәстүрлі байқау
  • Үздік өлең
  • Үздік әңгіме
  • Үздік эссе
  • Үздік фото
  • Үздік материал

Дауыс беру ашық және әділ өтеді