Әдебиет
- Мақала туралы ақпарат
- : Әдебиет
- : 830
«Серпер» мен «Атырауды» бірінші парақтап қалған дағдылы ғадет ғой баяғы. «Атырау» газетінің биылғы 21 мамыр күнгі 20-ы санын аудара төңкеріп танысып отырсам, Гүлзада Ниетқалиева қарындасымның тұңғиыққа тереңдеп енген ойлы суреті көз алдымнан жарқ ете түсті. Сәби мінез жарығым шашы жалбырап қиялымен қайда самғап барады екен?! Суреттен төменірек ол жайында белгілі әріптесі, ақын-жазушы Нұрым Ерғалиев ініміздің шалқарынан аса шамырқанған айдындай егілдіре, төгілдіре жазған эссесі. Тақырыбы: бұрын естімеген, кезікпеген «Мен туралы шындықты елге айт, Өлең!» Гүлзаданың өзінің өлеңінен алынған, жұртының жүрегімен үндес бұл сөздерді Нұрымжанның ауызына, әрине, құдай салған, екеуін де аяқ асты сағынып, жүрегім сыздап, көз алдым тұманданып кеткені.
- Мақала туралы ақпарат
- : Әдебиет
- : 402
Жуырда әлеуметтік желіден Гүлзада ақын Ниетқалиеваның шығармашылығы жөнінде жазылған пікірлердің арасынан Таңатар ағамыздың: «Баяғыда Құрманғазы аудандық «Серпер» газетінде Гүлзаданың «Ақ бота күнді аңсаумен» деген тақырыппен өлең топтамаларын жариялағанымыз Нұрым ініміздің есінде болар» деген бір ауыз сөзі көңілімді астаң-кестең етті.
- Мақала туралы ақпарат
- : Әдебиет
- : 528
Қазақтың қасиет дарыған қобызынан төгілген қоңыр сарын мен өлеңнің өз үні бір арнаға тоғысқан кештің бірі – 18 маусым күні Ғабдол Сланов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада өткен ақын, әдебиеттанушы Гүлзада Ниетқалиеваның «Қарлығашы Қиғаштың» атты шығармашылық кеші болды.
Қобыз күңіренді. Көнеден жеткен киелі үн зал ішін баяу тербеді. Сол сәтте ақын жырлары оқылды. Бір қарағанда екі бөлек әлем секілді. Алайда екеуінің де түп-тамыры бір екені аңғарылды. Бірі – сарынмен, бірі – сөзбен сөйлейді.
- Мақала туралы ақпарат
- : Әдебиет
- : 531
Әлемге әйгілі қытай жазушысы, әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығының иегері Мо Янь Қазақстанға алғаш рет келді. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Қазақстан Жазушылар одағының ұйымдастыруымен өткен сапар аясында қаламгер Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған жас жазушылар мен әдебиетке қызығушы жастарға шеберлік дәрісін оқыды.
- Мақала туралы ақпарат
- : Әдебиет
- : 570
Желтоқсанның соңғы күндерінің бірі. Ай сәулесімен алагөбеңдеген өзен бетінің мұзы әлі толық сіресе қоймаған. Желегінен айырылса да көзге қарауытып шалынар қалың дарақ тік жардан Жайыққа қарай мүлги төніп тұр. Бүгінгі түн алабөтен бір сұмдыққа бастағандай, сәлден соң бір құпияға куә болардай тылсым да тұнжыраңқы. Бейкүнә тыныштықты анда-санда бар даусымен барқ еткен әлдебір қарғаның үні ғана бұзғандай.
Басқа мақалалар
- Атырау қаласы №16 Жапақ Қаражігітов атындағы мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші Маннанова Жанна Ғаділбекқызы: «Аққу бейнелі ақын-ұстаз»
- Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Ф.Оңғарсынова атындағы жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші Максотова Калиса Еламанқызы: «Тұлға қасіреті мен ұлттық рух»
- Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті журналистика және қоғаммен байланыс кафедрасының аға оқытушысы Мәжитова Ләззат Қабдірқызы: «Г. Ниетқалиева поэзиясындағы шежірелі шындық»
- Журналист Бейбіт НҰРМҰХАНОВ: «Гүлзада Ниетқалиева поэзиясындағы жалғыздық философиясы»





